Әлеуметтік төлемдер - бұл әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 27-тармақшасы)

2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі әлеуметтік төлемдер

2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі әлеуметтік төлемдер

2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі әлеуметтік төлемдер

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушысының құқықтары

Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем

Жүктілікке және босануға, бала асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер


Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кім жатады

Әлеуметтік төлем алушы - әлеуметтік тәуекел жағдайы туындағанға дейін өзі үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері.

Әлеуметтік кодекстің 243-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар); Әлеуметтік Кодекстің 262-бабына сәйкес 01.01.2025 жылға дейін тоқтатыла тұрды.

5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар; Әлеуметтік кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады.

6) Әлеуметтік кодекске сәйкес жеке көмекшілер жатады.

ҚР ӘК 207-бабында көзделген жасқа толған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Осы баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс алып келетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде қолданылады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi қатысушысының құқықтары

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының:

1) Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге

2) Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге

3) Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге

4) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге құқығы бар.

Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. (Әлеуметтік кодекстің 180-бабы)

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындау үшін жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері (ҚР ӘК 181-бабы) әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегере отырып, кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері Әлеуметтік Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем

ҚР ӘК 239-бабында белгіленгендей, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.

Бұл ретте, егер қайтыс болған асыраушының қайтыс болуы туралы куәлігінде қайтыс болу күнін нақты анықтау мүмкін болмауына байланысты қайтыс болу кезеңі көрсетілсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болу кезеңі басталған күннен басталады.

ҚР ӘК 240-бабына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күні республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегеріп, кірісті алмастырудың тиісті коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына және қатысу өтіліне көбейту арқылы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген әрбiр ай үшiн табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының бiр мөлшерi деңгейiнде қабылданады. ҚР ӘК 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жұмыс берушіден және жеке тұлғадан бір кезеңге әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс деңгейінде қабылданады. ҚР ӘК 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесі (мүшелері) әлеуметтік төлем алу құқығын сақтайтын уақыт кезеңі ішінде ай сайын жүргізіледі.

Асырауындағылар санының коэффициенті асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және:

  • асырауында бір адам болғанда - 0,5;
  • асырауында екі адам болғанда - 0,65;
  • асырауында үш адам болғанда - 0,8;
  • асырауында төрт және одан да көп адам болғанда - 1,0 құрайды.

Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті 0,6-ны құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем

ҚР ӘК 113-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Әлеуметтік Кодекстің 99-бабына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды. Әлеуметтік кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады.

Мансап орталығы алушыны субсидияланатын жұмыс орнына, кәсіптік оқуға жіберген кезде оның жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталады.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну мерзімі жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

Әлеуметтік кодекстің 118-бабының негізінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап:

  • ол үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бір айға;
  • ол үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы екі айға;
  • ол үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы үш айға;
  • ол үшін 36 айдан 48 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы төрт айға;
  • ол үшін 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бес айға;
  • ол үшін 60 және одан да көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы алты айға, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін тиісті кірісті алмастыру және қатысу өтілі коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады және Қордың активтері есебінен төленеді.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.

Жүктілікке және босануға, бала асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер

ҚР ӘК 71-бабына сәйкес балалы адамдардың (отбасылардың):

  • жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар;

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады. (ҚР ӘК 77-бабы)

Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы:

  • жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.

ҚР ӘК 78-бабында көрсетілгендей жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады және Қордың активтері есебінен төленеді.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.

Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем (ҚР ӘК 84-бабы) осы әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар және қоса алғанда бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауды жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірнеше қатысушы жасаса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.

Екі және одан көп бала туған кезде бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем әр балаға жеке тағайындалады.

Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.

Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады және ай сайын Қордың активтері есебінен төленеді.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.

Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.

2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі әлеуметтік төлемдер

Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:

1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда;

2) асыраушысынан айырылу жағдайы;

3) жұмысынан айырылу жағдайы;

4) жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;

5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;

6) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес мыналар:

1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) тармақша ҚР 26.12.2019 № 286-VІ Заңына сәйкес 01.01.2024 дейін қолданыста болады.

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан төленетін әлеуметтік төлем.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін біржолғы әлеуметтік төлем Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады. Төлемді
алу үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясына жүгініңіз.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың
орташа айлық мөлшерi әлеуметтiк төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 ай iшiнде әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiстер болған-болмағанына қарамастан) 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілген күндер санын отыз күнтізбелік күнге бөлу жолымен айқындалады (әрбір жұмыс істейтін әйелдің ҚР Еңбек кодексінің
99-бабына сәйкес жүктілігі және босануы бойынша ұзақтығы 126 күн ақылы демалыс алуға құқығы бар және жүктілік кезінде және босанғаннан кейін қалауы бойынша пайдалану). Ең жоғары коэффициент 126/30 = 4,2 тең.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін еңбекке жарамсыздық парағы қалыпты босану кезінде ұзақтығы күнтізбелік 170 күн болатын 27 аптадан бастап беріледі. Мысалы, коэффициент 5,7 құрайды және 170/30 = 5,7 ретінде есептеледі.
Босану асқынған жағдайда немесе екі және одан да көп бала туған кезде 14 күнтізбелік күнге қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.

Тағайындау үшін қажетті құжаттар:
1. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
2. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
3. Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:
1. Мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306
бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысудың жай-күйі туралы салық төлеушінің дербес шотынан үзінді көшірме.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан төленетін әлеуметтік төлем.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін
әлеуметтік төлем баланы (балаларды) күтуді жүзеге асыратын және қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.
Егер бала күтімін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асырса, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.

Тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы хабарласуға болады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер кірістің орташа айлық мөлшерін кірісті алмастыру коэффициентіне - 0,4 көбейту жолымен айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болған-болмағанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты
кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40% -ынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Төлемнің бұл түрі баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғанға дейін тағайындалады.

Алу үшін қажетті құжаттар: Жеке басын куәландыратын
құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме. Баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәліктер (куәліктер) (не қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар).
Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі
туралы.
Бір жасқа дейінгі бала (балалар) асырап алынған жағдайларда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем.

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңның
22-бабы 1-тармағының ережелері ҚР ӘК 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

Жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде төлемақы алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде) жүгіну.
ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған тұлғаларды қоспағанда, «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде).

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың тиісті коэффициенттеріне және қатысу стажына көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістер болған-болмағанына қарамастан) жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4 құрайды, ал қатысу өтілінің коэффициенті Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:

  • ол үшін 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы 1 айға;
  • ол үшін 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы екі айға;
  • ол үшін 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы үш айға;
  • ол үшін 36 айдан 48 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы төрт айға;
  • ол үшін 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бес айға;
  • ол үшін 60 және одан да көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы алты айға тағайындалады.

Осы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар: Жеке басын куәландыратын
құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы (Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесінен);
Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі
туралы.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысына әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш берген уақытта жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғасатынына қарамастан тағайындалады.
Төлемді алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгіну керек (жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде).
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (өтініш берген кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде).

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тен 55% шегере отырып, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін кірісті алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айырылудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген кірістің
орташа айлық мөлшерi әлеуметтiк төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтiзбелiк 24 айда әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген кіріс сомасын (осы кезеңде әлеуметтiк аударымдарда үзiлiстер болған-болмағанына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
ҚР СК
774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін кіріс, осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір АЕК деңгейінде қабылданады.
Жұмыс берушіден және жеке тұлғадан бір кезеңде әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, ҚР СК 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу кезінде ҚР СК 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.

Кірісті алмастыру коэффициенті 0,6 құрайды.

Еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті:

  • Еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті жалпы еңбек ету қабілетінен айырылудың белгіленген дәрежесіне 30 пайыздан 100 пайызға дейін сәйкес келеді.

Әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу стажының коэффициенті мынаны құрайды:

  • алты айдан кем – 0,1;
  • алты айдан он екі айға дейін – 0,7;
  • он екі айдан жиырма төрт айға дейін – 0,75;
  • жиырма төрттен отыз алты айға дейін – 0,85;
  • отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін – 0,9;
  • қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95;
  • алпыстан жетпіс екі айға дейін – 1,0;
  • алпыс және одан да көп айдан бастап - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылады.

Жыл сайын еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері республикалық бюджеттен төленетін осындай төлемді индекстеуге сәйкес келетін деңгейге индекстеледі.

Осы төлемді алу үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын
құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты)
оралман мәртебесі бар адамдар үшін немесе оралман куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі.
Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу
туралы (Департаменттің ақпараттық жүйесінен).
Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі
туралы.

Балаларға арналған жәрдемақылар (декреттік, туу бойынша және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша). Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы барлық босанған әйелдерге: жұмыс iстейтiндерге де, жұмыс iстемейтiндерге де республикалық бюджеттен төленедi.
Жәрдемақы төлеу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына; Веб-портал
www.egov.kz жүгіну қажет.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңның 10-бабына сәйкес бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға - 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
  • төртінші және одан да көп балаға - 63 АЕК.

Бала тууына байланысты жәрдемақы біржолғы болып табылады.
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиiс.

Мемлекеттік корпорацияға жәрдемақы алу үшін қажетті құжаттар:
Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған
өтініш.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; сондай-ақ оралмандар үшін - оралман куәлігі.
Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме.
Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алу белгіленген жағдайда - балаға қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алу белгіленгенін растайтын құжат;
Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген
жағдайда - неке қию (бұзу) туралы куәлік;
Өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда - сенімхат.
жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін не Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеу бойынша туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені, неке қию (бұзу) туралы куәлікті, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша балаға қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алу белгіленгенін растайтын құжат көрсетілген құжаттардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде ұсыну талап етілмейді.
Порталға:
Жәрдемақы тағайындау үшін - өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш.
Жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін - өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.
Мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, Әлеуметтік еңбек батырларына, көп балалы аналарға және зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арналған жәрдемақылар. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар.

Жәрдемақы төлеуге:
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының тұрғылықты жері бойынша бөлімшесіне.
I, II және III топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға мүгедектікті бастапқы белгілеу кезінде - еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар ай сайын төленеді.
Электрондық қызмет - мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты алу