701.00-нысан - Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы 

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан)

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан)

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмемен салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан) салықтық есептілік нысандарының тізбесінде жоқ.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдерің есеп-қисабы (701.00-нысан) жойылды.

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан)

 

СЕН 701.00 Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан) меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары бойынша, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) көлік құралдары бойынша көлік құралдарына ағымдағы салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін салықты есептеуге арналған.

Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы негізгі 701.00-нысаннан және көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабына 701.00-қосымшадан тұрады.

701.00-есеп-қисабына қосымша

Есеп-қисапты кім ұсынады

Салық салу объектілері

Салықтық есептілік

Төлеу үшін БСК

Салық тіркелімі

701.00-есеп-қисабына қосымша.

Осы қосымша Салық кодексінің 13-бөліміне сәйкес көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есептелген сомасын салық төлеушілердің толтыруына арналған.

Есеп-қисапты кім ұсынады

701.00-нысандағы Көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисаюын жүргiзуге мiндеттi заңды тұлғалар бередi (ҚР СК 496-бабы).

Салық салу объектілері

ҚР СК 491-бабына сәйкес тiркемелердi қоспағанда, ҚР-да тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:

  1. 40 тонна және одан жоғары жүк көтеретін карьерлiк автосамосвалдар;
  2. мамандандырылған медициналық көлік құралдары;
  3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
  4. мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер.

Салықтық есептілік

Төлеуші - заңды тұлғалар 701.00-нысандағы көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ СЕН 700.00 декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша салық органдарына ұсынады.

Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралдары салығы бойынша салықтық есептілікті бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.

Демек, заңды тұлғалардың төлеу және көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын ұсыну мерзiмi 5 шiлдеден кешiктiрiлмейдi.

ҚР СК 490-бабының 2-тармағы негізінде қаржы лизингі шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша есепті лизинг алушы толтырады және ұсынады.

ҚР СК 494-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердiң сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салықтық кезеңнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

Төлеу үшін БСК

Көлiк құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердi төлеу БСК 104 401 «Заңды тұлғалардан алынатын көлiк құралдарына салынатын салық» бойынша жүргiзiледi.

Салық тіркелімі

СЕН 701.00 үшін салық тіркелімінің нысаны бекітілмеген, сондықтан салық төлеуші салық тіркелімін ҚР СК 215-бабының ережелеріне сәйкес дербес әзірлейді.

Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салықтық есептілігін (есеп-қисабын) (701.00-нысан) жасау қағидалары