Нұсқау беру – бұл оқу түрі, тапсырманы түсіндіру; еңбекті қорғауда кейіннен игерілгендерін тексерумен және арнайы журналда тіркеумен бірге жүреді.

«Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу
қағидалары мен мерзімдеріне» сәйкес нұсқау беру жүргізу сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:
1)
кіріспе;
2)
жұмыс орнындағы алғашқы;
3)
қайталама;
4)
жоспардан тыс;
5)
нысаналы.

Нұсқаулықтар күндізгі нысанда немесе қашықтықтан "on-line" режимінде желілік технология бойынша жүргізіледі.

Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері:

Қағидалардың 41-тармағы: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқау жұмысқа қабылдаған кезде жұмыскерлердің (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытуға жататын басшы айқындаған қызметкерлердің санаттарын қоспағанда) біліміне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жүргізіледі.

Кіріспе нұсқау беруді қауіпсіздік нормаларының талаптарын, стандарттарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі әзірлеген және жұмыс беруші бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.

Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқау беруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе осы міндеттер жұмыс берушінің актісімен жүктелген адам жүргізеді.

Кіріспе нұсқау беруді жүргізу туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кіріспе нұсқау беруді тіркеу журналына нұсқау беруші мен нұсқау беруді алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазылады.

Жұмыс орнындағы кіріспе нұсқау беруді қауіпсіздік нормаларының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, ұйымның өндірістік және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізеді.

Жұмыс орнындағы кіріспе нұсқау беруді еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмыскерге жеке жүргізіледі.

Еңбек міндеттері жабдықты қолдану, пайдалану, қызмет көрсету, сынау, реттеу және жөндеумен, электрлендірілген немесе басқа да механикаландырылған қол құралын пайдаланумен, шикізаттар мен материалдарды сақтаумен және қолданумен байланысты емес адамдар оқытуды ұйымдастырушының шешімімен жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатылады. Жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатылатын жұмыскерлердің кәсіптері мен лауазымдарының тізбесін жұмыс беруші бекітеді.

Қайталама нұсқау беруден жұмыскерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан кемінде жартыжылдықта бір рет (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытуға жататын басшы айқындаған қызметкерлердің санаттарын қоспағанда) жұмыс уақытында өтеді.

Қайталама нұсқау беруді алынған білім мен дағдыларды бекіту үшін жұмыс орнындағы бастапқы нұсқау беруге ұқсас өткізеді.

Қайталама нұсқау беру бір типті жабдыққа қызмет көрсететін жұмыскерлерге жеке немесе топта және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

Жоспардан тыс нұсқау беру жеке жұмыскерге немесе кәсібі бір жұмыскерлер тобына жүргізіледі.

Жоспардан тыс нұсқау беру:

1) қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгізілген кезде;

2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

3) жұмыскерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға алып келген немесе алып келетін еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;

4) бақылау және қадағалау органдарының талабы бойынша жүргізіледі.

Жоспардан тыс нұсқау беру жеке жұмыскерге немесе кәсібі бір жұмыскерлер тобына жүргізіледі.

Нұсқау беру көлемі мен мазмұны оны жүргізу қажеттігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда жауапты жұмыскерлермен айқындалады.

Нысаналы нұсқау беру мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде, авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізген кезде жүргізіледі.

Кіріспе нұсқау беруді қоспағанда, нұсқау берулер ауызша сұрау немесе тестілеумен білімін тексерумен, сондай-ақ қажеттілік болған кезде жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдыларын тексерумен аяқталады.

Білімдерін нұсқау беруді жүргізген жауапты жұмыскер тексереді.

Қанағаттанғысыз білім көрсеткен жұмыскерлер өзіндік жұмысқа жіберілмейді және нұсқау беруден қайта өтеді.

Нұсқау беру жүргізген жұмыскер жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқау беруді жүргізу және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тіркеу журналына (бұдан әрі – Нұсқау беруді тіркеу журналы) нұсқау беруші мен нұсқау алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады.

Нұсқау беруді тіркеу журналы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қағаз немесе электрондық түрде жүргізіледі. Нұсқау беруді тіркеу журналын электрондық түрде жүргізу кезінде оларға енгізілген мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

Жоспардан тыс нұсқау беруді тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.

Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қағаз түріндегі нұсқау беруді тіркеу журналдарын нөмірлейді, тігеді және жұмысты тікелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып береді.

Рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргізетін жұмыскерлерге жүргізілетін мақсатты нұсқау беру рұқсат беру нарядында немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгіленеді.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқау берулерді жауапты жұмыскерлер (ұста, бөлім, цех бастығы, тікелей басшы) жүргізеді.

Жұмыскерлер жұмысқа тағылымдамадан өткеннен кейін, теориялық білімі мен жұмыстың қауіпсіз дағдыларын меңгергендігі тексерілгеннен кейін жіберіледі.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт негізінде қызмет көрсететін жеке тұлғалармен кіріспе нұсқау беру жүргізілмейді, сонымен қатар Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кіріспе нұсқау беруді өткізу бұзушылық болып табылмайды.