Әлеуметтік төлемдер - бұл Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар; (ҚР Салық кодексінің 4-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі әлеуметтік төлемдер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер әлеуметтік төлемдерге қатысты болды.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер жүйесі бірнеше негізгі компоненттерді қамтиды.

Зейнетақы жарналары: Жұмыс берушiлер мен жұмыскерлер мiндеттi зейнетақы қорына жарналар жасауға мiндеттi, бұл азаматтардың болашақ зейнетақысын қамтамасыз етедi.

Әлеуметтік аударымдар: Бұл төлемдер еңбекке уақытша жарамсыздық, ана мен бала бойынша төлемдерді қоса алғанда, әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған.

Медициналық жарналар: Міндетті медициналық сақтандыру жарналары медициналық қызмет көрсету жүйесінің бір бөлігі болып табылады және медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік төлемдерге:

  • 10% мөлшерлеме бойынша төленетін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) белгілі бір кәсіптер жұмыскерлерінің пайдасына жұмыс берушінің есебінен 5% мөлшерлеме бойынша төленеді;
  • 2026 жылы 3,5%; 2027 жылы 4,5% және 2028 жылы 5% мөлшерлеме бойынша төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% мөлшерлеме бойынша төленетін әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар (МӘМСА 3% және МӘМСЖ 2%).

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)

Әлеуметтік аударымдар

МӘМСА

МӘМСЖ

Әлеуметтік төлемдерді шегеру


Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ дербес төлейді.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер шығарылды.

Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 9-тармағы 6-1-тармақпен толықтырылды, онда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың МЗЖ төлеу мерзімі регламенттелген.

Әлеуметтік кодексінің 249-бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын:

  • жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан АҚС шарттары бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде төлейді.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін бір агенттен алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 АЕК-тен аспауға тиіс.

  • дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің он пайызы мөлшерінде төлейді.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс деп МЗЖ төленбейтін, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын тұлға алатын кіріс түсініледі.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 АЕК-тен аспауға тиіс.

Егер көрсетілген тұлғалардың кірісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, олар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 ЕТЖ-дан МЗЖ төлеуге құқылы.

  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан АҚС шарттары бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар-

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде төлейді.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 АЕК-тен аспауға тиіс;

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)

Әлеуметтік кодекстің 250-бабының негізінде - Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлер үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын МКЗЖ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына МКЗЖ меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер МКЗЖ төлеуді жүзеге асырмайды.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - бұл агенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын жұмыскердің кірісіне пайыздық қатынаста көрсетілген төлем мөлшері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын ЖМЗЖ агенттің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскерлердің ай сайынғы табысынан:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс Әлеуметтік Кодекстің 249-бабына сәйкес белгіленеді.

Бұл ретте, Әлеуметтік Кодекстің 101-1 және 102-1-баптарында аталған адамдардың кірісін қоспағанда, ЖМЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Әлеуметтік аударымдар

ҚР Әлеуметтік кодексінің 244-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына төлеушілер Қорға төлеуге тиіс әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 7 ЕТЖ-дан аспауға тиіс. Егер бір төлеушіден күнтізбелік айға әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген аударымдар ЕТЖ негізінде есептеледі, төленеді.

МӘМСА

Жұмыс берушілердің қорға төленуге тиіс аударымдары:

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінен 3% мөлшерінде белгіленеді.

Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 802-бабының 2-тармағында көрсетілген, арнаулы салық режимдерін қолданатын, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, жұмыс берушінің жұмыскерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердің барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

МӘМСЖ

МӘМС туралы Заңның 28-бабының негізінде жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінен 2%.

МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген адамдардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген және қолданатын режим шеңберінде қызметін жүзеге асырған айда алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

5-1. Жұмыскердің Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі жұмыскерлердің МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

5-2. Жарналарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

Әлеуметтік төлемдерді шегеру

Жаңа Салық кодексінің 401-бабына сәйкес жеке тұлғаның мынадай жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы бар:

  • Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі, ол мыналарды қамтиды: АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын МЗЖ, МӘМСЖ, ӘА;

Жеке тұлға салықтық шегерімдерін:

1) салық агентінде;

2) салық агентінде қолданбаған кезде дербес қолданады.

Салық салу объектісін айқындау кезінде салықтық шегерімдер олар жоғарыда көрсетілген тәртіппен дәйектілікпен қолданылады.

Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі

ҚР СК 402-бабында белгіленгендей әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі мыналарды қамтиды:

Жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды ЖТС бойынша шегерімге жатқызуға болмайды. Бұл тек қана АҚС бойынша кірістер үшін көзделген.

2025 жылы көрсетілген шегерімдер жеке ретінде қолданылды, ал 2026 жылдан бастап олар әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы шегерімнің құрамына енгізілді.

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдануы

Жеке тұлға әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары жеке тұлғада талап қою мерзімі ішінде - 3 жыл сақталады.

Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді. (ҚР СК 409-бабы)

Әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеруді жеке тұлға мынадай күндердің неғұрлым соңғысы келетін салық кезеңінде МӘМСЖ және (немесе) МЗЖ төленгенін растайтын құжаттың негізінде дербес қолданады:

  • жарналарды есептеу күні;
  • жарналарды төлеу күні.

Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану

ҚР СК 437-бабына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер Салық кодексінің 401-404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.

Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.

Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы.

Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен:

      1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;

      2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады.

Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді.

Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы Салық кодексінде белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі.

Бұл үшін жеке тұлға Салық кодексінің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.

Салық агентінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарналарының сомасына қолданылады. (ҚР СК 438-бабы)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі әлеуметтік төлемдер

ҚР Салық кодексінің 1-бабына сәйкес әлеуметтік төлемдер - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар;

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)

Әлеуметтік аударымдар

МӘМСА

МӘМСЖ

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша; (ҚР Әлеуметтік кодексі 1-бабының 116-тармағы).

 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары (ҚР Әлеуметтік кодексінің 249-бабы):

  • жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар -

үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

  • дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, олар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада АЕК-тің 1 еселенген мөлшерінің 30 пайызын және басқа елді мекендерде - АЕК-тің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,0 пайызды;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 46,5 пайызды;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 42,0 пайызды;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайызды;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайызды;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,0 пайызды құрайды.

Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабыны 9-тармағының негізінде - Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді:

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патент құнын төлеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде;

4) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру айынан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей;

5) сақтандыру ұйымы – жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

6) ҚР ӘК 248-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар - егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, табыстарды төлеу айынан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

7) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүзеге асырады. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады)

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ)

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) - агенттер меншікті қаражатының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына аударған ақша; (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 122-тармағы).

ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабына сәйкес - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлер үшін төлейді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - агенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын жұмыскердің табысына проценттік қатынаста көрсетілген төлем мөлшері;

Әлеуметтік кодекстің 250-бабы негізінде - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Кодекстің 248-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдар үшін төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)

ЖМЗЖ кімге төленеді

Агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыскерлерге, ақы төленетін жұмысы бар адамдарға (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) ЖМЗЖ төлейді. (Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 6-тармағы).

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері:

1) заңды тұлғалар үшін - жалдамалы жұмыскерлердің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар адамдардың (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;

 2) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын дара кәсіпкерлер үшін - жалдамалы жұмыскерлердің және өзге де ақы төленетін жұмысы бар адамдардың (таңдалған, тағайындалған немесе бекітілген) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын олар алатын табыстан жүзеге асырылатын өз пайдасына есептеу болып табылады.

Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін олар Әлеуметтік кодекстің 251-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде дербес айқындайтын сома алынатын кіріс болып табылады (бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс).

Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер табысы болмаған жағдайда жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодекстің 251-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшеріне қолдану жолымен есептелген міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы (бірақ міндетті емес!).

ДК өз пайдасына ЖМЗЖ септеу үшін табысты салық мақсаттары үшін КЕМІНДЕ ЕТЖ және 50 АЕК-тен аспайтын кіріс деңгейінде айқындауға құқылы.

ДК үшін ЖМЗЖ = МЗЖ үшін қабылданған кіріс * 1.5%

ЖМЗЖ кімге төленбейді

Агенттер:

1) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін;

2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін;

3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы жабдықталымдарды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай жабдықталымдарды алатын отставкадағы судьялар үшін;

6) 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ЖМЗЖ төлеуден босатылады (ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабы).

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.

Жұмыс берушінің ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады.

МКЗЖ жүзеге асыру мөлшерлемесі мен тәртібі

МКЗЖ мөлшерлемесі - агенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетілген төлем мөлшері;

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс МКЗЖ агенттің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

МКЗЖ шамасы жұмыскердің МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірісінен:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кіріс Әлеуметтік Кодекстің 249-бабына сәйкес белгіленеді.

Бұл ретте, МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

ЖАБТ мөлшерлемесіндегі МКЗЖ үлесі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жалақыдан бірыңғай төлем ставкасындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі мынаны құрайды:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 6,95 пайыз; («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VІIІ Қазақстан Республикасының Заңымен Әлеуметтік кодекстің 251-бабы 3-тармағының екінші абзацына өзгерістер енгізілді)
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10,5 пайыз;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,1 пайыз;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайыз;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 19,0 пайыз.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.

Әлеуметтік аударымдар

Әлеуметтік аударымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша; (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 15-тармағы).

ҚР ӘК 244-бабына сәйкес - төлеушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына Қорға төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін олар өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20 пайызын құрайды. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).

Әлеуметтік аударымдарды төлеуді бірыңғай төлем құрамында таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі мынаны құрайды:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 16,0 пайыз;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 14,9 пайыз;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,9 пайыз;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 18,1 пайыз;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,4 пайыз;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 17,1 пайыз.

Төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын есептейді және төлейді.

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер әрбiр ай үшiн патент құнын төлеу үшiн жеке «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген мерзiмде әлеуметтiк аударымдарды төлейдi.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен төлейді. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).

МӘМСА

Аударымдар - жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздері үшін аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша. (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 1-бабы)

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, жұмыс берушілер, сондай-ақ қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері ақша есептеулерін төлеушілер болып табылады.

Жұмыс берушілердің қорға төленуге тиіс аударымдары мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы.

Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:

  • 2023 жылғы 1 қаңтарда - 15,0 пайызды;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда - 14,0 пайызды;
  • 2025 жылғы 1 қаңтарда - 12,6 пайызды;
  • 2026 жылғы 1 қаңтарда - 12,1 пайызды;
  • 2027 жылғы 1 қаңтарда - 11,6 пайызды;
  • 2028 жылғы 1 қаңтарда - 11,4 пайызды құрайды.

Жұмыс берушінің жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге Заңның 29-бабына сәйкес есептелген табыстар түрінде төленетін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

МӘМС-тің есептелген (ұсталған) аударымдары және (немесе) МӘМС жарналары кейіннен Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей МӘМС туралы Заңның 30-бабы.

МӘМСЖ

Жарналар - осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша. (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 1-бабы)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚРЗ 28-бабына сәйкес:

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге тиіс жарналары:

  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

1-1. МӘМС туралы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жұмыскерлердің жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;

ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінен 5% мөлшерінде белгіленеді.

Дербес төлеушілердің жарналары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5% -ы мөлшерінде белгіленеді

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары ҚР СК 774-бабына сәйкес республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада 1 АЕК-тен 40% және басқа елді мекендерде 0,5 АЕК мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады. 26.12.2018 жылғы203-VI ҚР Заңына сәйкес 01.01.2024 жылға дейін қолданылады.

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын қорға төлеу кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. (МӘМС туралы Заңның 30-бабы).

МӘМС есептелген (ұсталған) аударымдары және (немесе) МӘМС жарналары кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады (МӘМС туралы заңның 30-бабы).