Қарыз – міндеттемелік қатынастардың түрі, оған сәйкес бір тарап (қарыз беруші) екінші тараптың (қарыз алушының) меншігіне немесе басқаруына ақша, бағалы қағаздар немесе тектік белгілерімен (мысалы: саны, салмағы, өлшемі) айқындалған тауарлар береді немесе беруге міндеттенеді, ал қарыз алушы ақшаның тең сомасын немесе заттардың немесе сол тектес және сападағы бағалы қағаздардың тең санын қайтаруға міндеттенеді.

Қарыз пайызсыз (өтеусіз) ғана емес, пайыздық (өтеулі) болуы мүмкін.

Қарыз шарты

Қарызды қайтару мерзімдері

Қарыз мақсаттары

Микроқаржы ұйымдарының қарыздары

Бейрезиденттерге қарыздар

Қарыз бойынша сыйақыға салық салу

Қарыз шарты

Егер ақша қаражаты қарызға (заемға) берілсе, онда мұндай келісім заем шарты болып табылады.

ҚР АК 715-бабына сәйкес заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн
.

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың азаматтарға қарыз түрінде ақша беруіне тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан қарыз түрiнде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.

Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151-152-баптарының ережелеріне сәйкес нысанда жасалуы тиіс.
Заем шарты
заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.
ҚР АК 717-бабына сәйкес заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берілген сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi.

Қарызды қайтару мерзімдері

Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушiге берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледi.
Егер заем нысанасын қайтару мерзiмi шартта белгiленбесе, оны заемшы ол туралы заем берушi талап еткен күннен бастап отыз күн iшiнде қайтаруы тиiс. Сыйақы төлеу туралы шартсыз берiлген заем нысанасы мерзiмiнен бұрын қайтарылуы мүмкiн. Сыйақы төлеу шартымен берiлген заем нысанасы заем берушінің келісімімен не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгiленбесе, заем бойынша сыйақы кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын төленуi мүмкiн.

Заем мақсаттары

Егер шартта өзгеше көзделмесе, қарыз мақсатсыз деп ұйғарылады және қарыз алушы алынған қарыз нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады (ҚР АК 720-бап).
Шарт заемшының заем нысанасын белгiлi бiр мақсатқа пайдалануы шартымен (нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушiнiң осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ заемшының нысаналы пайдалану жөніндегі мiндеттердi орындамаған жағдайда заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Микроқаржы ұйымдарының қарыздары

«Микроқаржы қызметі туралы» Заңның 3-бабының 1-2-тармағыны 1) тармақшасына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінен заемдар (азаматтардан кәсіпкерлік қызмет ретінде заем түрінде ақша тартуды қоспағанда) тартуға құқылы.

Бейрезиденттерге қарыздар

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның 6-бабына сәйкес резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы валюталық операциялар ұлттық және (немесе) шетел валютасымен жүзеге асырылады.
Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өз филиалдарымен (өкілдіктерімен) кез келген валюталық операциялар бойынша ақшаны еркін алуға және аударуға құқылы.
Бейрезиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз және өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтерді, сыйақыны және өзге де кірістерді еркін алуға және аударуға құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттер арасындағы
валюталық операциялар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеусіз жүзеге асырылады.

Жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақша шығаруға бағытталуы мүмкін
валюталық операцияларға мынадай операциялар жатады (
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 21-бабының 2-тармағы):
1) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында бейрезиденттен алуға жататын ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банк шоттарына аударуды жүзеге асыру көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша беруін көздейтін қаржылық заем;
2) егер тиісті валюталық шарттың талаптарында бейрезиденттен алуға жататын ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банк шоттарына аударуды жүзеге асыру көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақша қайтару бойынша талаптардың туындауын көздейтін қаржылық заем;
3) резиденттің аффилиирленген тұлға болып табылмайтын бейрезидентке қаржылық заем нысанасын пайдаланғаны үшін сыйақы төлемей жеті жүз жиырма күннен астам мерзімге ақша беруін көздейтін қаржылық заем;

Заем бойынша сыйақыға салық салу

Салық кодексiне сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де кiрiс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыруға байланысты шеккен шығыстары салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
ҚР СК
242-бабының 3-тармағы негізінде шегерімдерді салық төлеуші табыс алуға бағытталған оның қызметіне байланысты осындай шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде нақты жүргізілген шығыстар бойынша жүргізеді.


Сыйақылар деп:
1) Салық кодексінің 1-бабының 62) тармақшасында айқындалған сыйақылар;

  • сыйақы - кредиттің (заемның, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, екінші деңгейдегі банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және заем алушы үшін заем беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты барлық төлемдер.

ҚР СК 246-бабының 2-тармағы негізінде шегерімге жатқызылуы тиіс сыйақы сомасы Салық кодексінің 192-бабы 2-тармағына сәйкес есептеу әдісі бойынша айқындалады.

Демек, КТС есептеу кезінде заем бойынша сыйақылар, егер мұндай шығыстар кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға және оларды қаржыландыру көзіне қарамастан растайтын құжаттардың болуына байланысты болса, шегерімге жатады.

Қарыз бойынша сыйақыға ҚҚС салу.

ҚР СК 369-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық салынатын айналым Салық кодексінің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым болып табылады.

Салық салынбайтын айналым:
1) осы Кодекске сәйкес ҚҚС-дан босатылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым.


ҚР СК
394-бабының 16) тармақшасына ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда қарыз операцияларын іске асыру бойынша айналымдар ҚҚС-дан босатылады. ҚР СК 381-бабының 7-тармағының 2) тармақшасы негізінде бойынша өткізу бойынша айналым мөлшері кредит (қарыз, микрокредит) беру кезінде - кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шартта көзделген ҚҚС-ны қоспай сыйақы мөлшерінде айқындалады. ҚР СК 369-бабының 2-тармағында: жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді; ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, оның ішінде аванстарды қоспағанда, Салық кодексінің 10-бөлімінің мақсаттары үшін тауарларға негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар және басқа да мүлік жататыны белгіленген.

Демек, заем беру бойынша сыйақы ҚҚС-тан босатылған қызметтерді өткізу бойынша айналым болып танылады (ҚР СК 394-бабының 16-тармағы).


Бейрезидент үшін заем бойынша сыйақының КТС салу .

ҚР СК 644-бабына сәйкес:

1. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері деп кірістердің мынадай түрлері танылады:

11) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кіріс.

Демек, қарыз шарты бойынша бейрезидентке төленетін сыйақы бейрезиденттің ҚР-дағы көздерден алған кірісі болып табылады.

ҚР СК 645-бабының негізінде:

1. Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент-заңды тұлғаның (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – бейрезидент) Қазақстан Респбликасындағы көздерден кірістеріне шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады. Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті осы баптың 9-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында көрсетілген кірістер сомасына осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану жолымен есептейді.

ҚР СК 646-бабының 1-тармағының 5-тармақшасы негізінде бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістері мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

5) құн өсімінен түскен кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 пайыз.

ҚР СК 647-бабына сәйкес

1. Бейрезиденттің кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салық агентінің бюджетіне:

1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;

2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салықтық кезеңнің соңғы күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.

3) алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуына жатады.


Бейрезидент үшін
қарыз бойынша сыйақыға ҚҚС салу.

ҚР СК 373-бабының 1-тармағына сәйкес, егер ҚР Салық кодексінің 373-бабы 2-тармағында өзгеше көзделмесе, ҚР өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді ҚҚС төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес ҚҚС салуға жататын, ҚҚС осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 373-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде ҚР Салық кодексінің 373-бабы 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы ҚР СК 394-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.

ҚР СК 394-бабы 16-тармағы бойынша сату орны ҚР болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-дан босатылады - ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы заем операциялары.

Демек, ақшалай нысандағы заем операциялары ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында ҚҚС-нан босатылады.