Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан).

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 240.00-нысан жойылды.

Бұл есепті мүліктік және өзге де кірістер алған ҚР резиденттері жеке тұлғалар, сондай-ақ жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі заңды тұлғаға қатысу үлесі бар резидент жеке тұлғалар тапсырды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялауға қатысушыларға 240.00-нысан "Жеке табыс салығы бойынша декларацияны" тапсырудың қажеті жоқ. ҚР шегінен тыс кірістер бойынша барлық мәліметтер 250.00-нысанда "Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда" (жалпыға бірдей декларацияға арналған кіріс нысаны) және 270.00-нысанда "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда" көрсетілуі тиіс (декларациялауға арналған келесі нысан).

2021 жылдан бастап Қазақстан ашықтықты арттыру, салық базасын кеңейту және сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы төмендету үшін жеке тұлғалардың кірістері мен активтерін жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізеді.

«Декларациялау жүйесіне кіру» дегеніміз не

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы кіріс декларациясы - 250.00-нысан беріледі:

  • Шетелдегі барлық мүлік (жылжымайтын мүлік, көлік, шектен жоғары шетелдік банктердегі шоттар, қатысу үлестері, бағалы қағаздар және т.б.) көрсетіледі.
  • Қазақстанда - ҮҚШ бойынша үлестер, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік, лимиттен жоғары қолма-қол ақша және т.б.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) тұрғылықты (болатын) жері бойынша - декларацияны тапсыру бойынша міндет туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырылады. 2025 жылы 2024 жыл үшін Декларацияны тапсырамыз.

Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын
кірісінен есептелген ЖТС төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.



2025 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) кім тапсыруға міндетті

2025 жылы 250.00-нысан бойынша Декларацияны (31.12.2024 жылғы жағдай бойынша) мынадай тұлғалар беруге міндетті.

1. Мемлекеттік қызметке және сайланбалы лауазымға кандидаттар, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес өз активтерін декларациялау міндеті жүктелген өзге де адамдар:

2. ҚР азаматтары мен резиденттері 2024 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстаннан тыс жерлерде мүлкі болған кезде, оның ішінде:

  • мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, әуе және теңіз кемелері және т.б.);
  • шетелдік банктердің шоттарындағы ақша - жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен астам (2024 жылы - 3 692 000 теңге);
  • инвестициялық алтын;
  • ҚР шегінен тыс заңды тұлғаларға қатысу үлестері;
  • тұрғын үй құрылысындағы үлестер;
  • шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары;
  • шетелдік брокерлік шоттардағы ақша қаражаты;
  • зияткерлік меншік, шет елдердегі авторлық құқық объектілері;
  • мынадай растайтын құжаттар болған кезде басқа тұлғалардың декларант алдындағы берешегі (дебиторлық) және/немесе оның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық) – шетелде:
    1) жеке тұлғалармен нотариат куәландырған шарт;
    2) салыстырып тексеру актісі және шарт - заңды тұлғамен және/немесе ДК-мен, оның ішінде бейрезидент болып табылатын ДК-мен;
    3) сот шешімі.

Сондай-ақ декларант, егер оның құны 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзімінен кешіктірмей - 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жасалған бағалау туралы есеппен расталған болса, құны 1000 АЕК-тен асатын өзге де мүлікті көрсетуге құқылы.

3. Шетелде цифрлық активтері бар ҚР азаматтары мен резиденттері.

4
. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар - нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, жеке сот орындаушылары және басқалар.

Егер бұрын 250.00-нысанын тапсырған болса, онда мемлекеттік қызметке, сайланбалы лауазымға кандидаттарды және жоғарыда 1-тармақта көрсетілген адамдарды қоспағанда, оны қайта тапсыру талап етілмейді. Алайда, егер сіз декларация тапсыруға міндетті болсаңыз, бірақ оны жасамасаңыз, салық органдары тиісті хабарлама жібереді.

Бастапқыда не мәлімдеу керек

250.00-нысанында мыналардың болуы туралы ақпарат көрсетіледі:

1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:

  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен-теңізде" жүзетін кемелер;
  • көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
  • ҚР шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын сомадағы ақша.

2) ҚР-дағы және (немесе) оның тыс жерлердегі мүлік:

  • құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысындағы үлес;
  • ҚР шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • эмитенттері ҚР аумағында тіркелген бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
  • республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын 10 000 АЕК еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
  • декларация жасалған күні пайда болған басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек):
  • жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде – жеке тұлғалар арасында.
  • ҚР заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде – жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген;
  • соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған.

3) ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасына не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы құны болған кезде бірлігі үшін құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлікті көрсетуге құқылы (бағалау құны декларацияны тапсыру мерзімінен кешіктірілмей айқындалуға тиіс)).

250.00-нысанды уақтылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік.

ӘҚБтК 272-бабына сәйкес ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде МКБ-ға салық есептілігін ұсынбау - бірінші рет ескерту жасауға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда - 15 АЕК (2025 жылы - 58 980 теңге) айыппұл салынады. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250.00 нысан) бірінші рет толық емес, дәйексіз мәліметтерді бергені үшін - ескерту. Жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 3 АЕК (2025 жылы - 11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

ӘҚБтК 275-бабына сәйкес салық салу объектілерін жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін төленбеген салық сомасының 300% мөлшерінде айыппұл салынады.

2025 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) кім тапсыруға міндетті

Кейінгі жылдары кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы декларация - 270.00 нысан беріледі.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан):

  1. мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
  2. банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
  3. квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;
  4. жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
  5. дербес салық салуға жататын кірістерді алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін кірістерді қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де кірістер);
  6. шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса (2025 жылы - 3 932 000 теңге);
  7. шетелде активтері (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі) бар тұлғалар;
  8. меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
  9. есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен астам (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде ҚР шегінен тыс:
    - жылжымайтын мүлік;
    - көлік құралдары;
    - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
    - бағалы қағаздар;
    - туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
    - тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
    - инвестициялық алтын.
  10. салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

Яғни, енді 2025 жылғы 15 шілдедегі Заңмен декларацияда мүлікті сатып алу/иеліктен шығару, сондай-ақ сатып алу шығыстарын жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалар санаты толықтырылды. Сонымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген адамдардан басқа:

  • банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық басқарушылар және олардың резидент жұбайлары;
  • жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
  • есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен астам мүлік сатып алған тұлғалар тапсырады.

270.00-нысан жеке тұлғалардың:

1) ДК кәсіпкерлік қызметтен алынатын декларациялауға жататын кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері;

2) салықтық шегерімдер;

3) мүлікті ҚР шегінен тыс, оның ішінде өтеусіз негізде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару;

4) Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып, ЖТС бойынша асып кеткен, оның ішінде ҚР СК 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда соманы есепке алу және қайтару жөніндегі талаптар.

5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған 1000 АЕК-тен асатын жиынтығында ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарындағы ақша;

6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:

  • шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;
  • эмитенттері ҚР шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
  • инвестициялық алтын;
  • ҚР шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

7) декларация жасау күніне пайда болған жеке тұлға алдындағы басқа тұлғалардың берешектері (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның ҚР шегінен тыс басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешек):

  • жеке тұлғалар арасында - жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде (берешек декларацияны тапсыру мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруы тиіс);
  • ҚР заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде - жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер арасында;
  • соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған.

8) жеке тұлғалар:

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
  • «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
  • коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
  • есепті салық кезеңі ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті ҚР-да және (немесе) одан тысқары жерлерде сатып алған тұлғалар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

270.00-нысанда мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салық кезеңі ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде ҚР шегінен тыс сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі:

  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;
  • мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздарды, цифрлық активтерді;
  • инвестициялық алтын;
  • туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.

9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес шоттарды ашу және иелену бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар ҚР шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі қолма-қол ақша мен құндылықтарды ҚР шегінен тыс орналасқан шетел банктерінде сақтауға қатысты кірістер мен мүлік туралы декларацияда банк салымының сомасына қарамастан, ҚР шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі ақшаның болуы туралы ақпаратты көрсетеді.

Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) тұрғылықты (болатын) жері бойынша - декларацияны тапсыру бойынша міндет туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырылады. 2025 жылы 2024 жыл үшін Декларацияны тапсырамыз.

Декларацияны электрондық нысанда:

  • «Салық төлеушінің кабинеті»;
  • «Электрондық үкімет» порталдары;
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
  • eGov mobile мобильді қосымшасы;
  • банктердің қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Қағаз тасығышта: пошта арқылы немесе келу тәртібімен.

Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген ЖТС төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 

Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан).

Жеке тұлғалар, сондай-ақ мүлiктiк және өзге де кiрiстер алған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi шоттарында ақшасы бар, сондай-ақ жылжымайтын мүлiгi, бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi заңды тұлғада қатысу үлесi бар адамдар жасайды.

ЖТС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

ЖТС бойынша декларацияны кiм тапсыруға мiндеттi

ЖТС бойынша есептілік және Декларацияны төлеу мерзімі

Жауапкершілік

ЖТС бойынша декларацияға қосымшалардың тізбесі

Жеке табыс салығы бойынша декларация декларацияның өзінен (240.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (240.01-ден 240.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.

  • 240.01-нысанына қосымша – Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың кірістері;
  • 240.02-нысанына қосымша – Шетел көздерінен кірістер, төленген шетел салығы мен есепке жатқызу сомасы;
  • 240.03-нысанына қосымша – Халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс кіріс;
  • 240.04-нысанына қосымша – Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына салық салу.

ЖТС бойынша декларацияны кiм тапсыруға мiндеттi

240.00-нысандағың ЖТС бойынша декларацияны:

  • мүліктік кіріс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлікті сатудан түскен кіріс, сондай-ақ басқа да кірістер алған;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кіріс алған;
  • еңбекші иммигрант-резиденттер;
  • жеке практикамен айналысатындар;
  • активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру бойынша міндеттемелері туындайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында ақшасы бар; активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру бойынша міндеттемелері туындайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, меншік құқығында жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар;
  • Салық кодексінің 19-бөліміне сәйкес бейрезидент жеке тұлғалар тапсыруға міндетті.

240.00-нысандағы ЖТС бойынша декларацияны жылжымайтын мүлікті сатпаған және шетелдік банкте шоты немесе шетелде мүлкі жоқ жеке тұлғалар тапсырмайды.

ЖТС бойынша есептілік және Декларацияны төлеу мерзімі

Есепті кезең - жыл.  240.00-нысандағы ЖТС бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.

Жеке тұлға ЖТС-ын ҚР СК 357-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын кіріске 10% мөлшерлемені қолдану жолымен дербес есептейді.

Жеке тұлғалар есепті кезеңнен кейін, 10 сәуірден кешіктірмей ЖТС бюджетке аударуға міндетті. ЖТС төлеу бойынша міндеттеме мүліктік кірістен туындайды және 10% мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Жауапкершілік

Жеке тұлға екі жазаға тартылуы мүмкін:

  • қайталап бұзған кезде салық есептілігін тапсырмағаны үшін айыппұл 15 - 70 АЕК (кәсіпкерлік субъектісіне байланысты), ал бірінші рет ӘҚБтК 272-бабына сәйкес ескерту жасалады;
  • жеке тұлғаның ЖТС бойынша декларацияда көрсетілуге жататын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі меншік құқығындағы мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердің банк шоттарындағы ақшаның болуы туралы мәліметтерді ЖТС бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасырғаны үшін – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК-нің 275-бабының 3-тармағы)