-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- К
- Кедендік алымдар
Кедендік алымдар – бұл кеден органдары тауарларды шығаруға, көлік құралдарын кедендік алып жүруге байланысты кедендік операцияларды жасағаны үшін, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге әрекеттерді жасағаны үшін алынатын міндетті төлемдер. («Кедендік реттеу туралы» Кодекстің 76-бабы).
Кеден алымдарының мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Кедендік алымдардың мөлшерлері кеден органдарының өздеріне байланысты кедендік алымдар белгіленген әрекеттер жасауына жұмсалатын шығындарының шамамен алынған құнынан аса алмайды.
Кедендік алымдарды төлеушілер, кедендік алымдардың түрлері, оларды төлеу, өндіріп алу және есепке жатқызу (қайтару) мерзімдері мен тәртібі, кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ кедендік алымдар төленбейтін жағдайлар осы Кодексте белгіленеді.
Кедендік алымдардың түрлері, төлеу мерзімдері мен тәртібі
1. Кедендік алымдарға:
1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым;
2) кедендік алып жүру үшін кедендік алым жатады. Бірнеше автомобильдік көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына пропорционалды түрде бөлінеді;
3) алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым жатады.
2. Төлеуші тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялауды бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төлейді.
Кедендік декларациялауға кедендік алымдарды есептеу үшін, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
3. Төлеуші кедендік алып жүру үшін кедендік алымды кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кеден органы осындай шешім қабылдаған күнді қоса алғанда, кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірмей төлейді.
4. Төлеуші кеден органының алдын ала шешім қабылдауы үшін кедендік алымды кеден органына алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берілген күнді қоса алғанда, осындай өтініш берілген күннен кешіктірмей төлейді.
5. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні осы алымды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік декларациялау үшін кедендік алымды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізген кезде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу күні тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу күнін анықтау мүмкін болмаса, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күн кедендік декларациялау үшін кедендік алымды төлеу мерзімі болып есептеледі.
6. Кедендік алымдарды бюджетке төлеу осы Кодексте кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Кедендік алымдар осы Кодексте белгіленген мерзімде уақтылы немесе толық төленбеген жағдайда, төлеуші кедендік баждар, салықтар бойынша өсімпұлдарды төлеу үшін белгіленген тәртіппен өсімпұлдар төлейді.
Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер
Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі.
Кедендік алымдарды төлеуден мыналар босатылады:
1) жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде пайдалану үшін қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау нәрселері, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау нәрселері, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін олардың кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлар;
5) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердің үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық көмек мақсаттарында әкелiнетiн (медициналық мақсаттарға арнайы арналған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат;
7) шетелдiк дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, оған қоса олармен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерiнің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес босатылатын тауарлар;
8) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады.
2. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік декларациялау үшін кедендiк алым төленбейді.
3. Осы бапта көрсетілген кедендiк алымдар салудан босату үшін құжаттар ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуші кедендік декларациялау үшін кедендiк алымды төлеуші болып табылады.
Өзіне қатысты кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған тұлға кедендік алып жүру үшін кедендiк алымды төлеуші болып табылады.
Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берген тұлға алдын ала шешім қабылдау үшін кедендiк алымды төлеуші болып табылады.