Мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 106-тармақшасы).
Мүгедектік - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының нашарлауы салдарынан адамның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі.
2023 жылғы 1 шілдеден
кейінгі жалпы ережелер
2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі жалпы ережелер
2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі жалпы ережелер
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен міндеттері
Мүгедектікті айқындайтын себептер
Мүгедектігі бар адамдардың қандай әлеуметтік қорғауға құқығы бар
Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы төлеу
Мүгедектігі бар адаммен еңбек қатынастары
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің табыстарына салық салу
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен міндеттері
Әлеуметтік кодекстің 10-бабына сәйкес - Әлеуметтік кодексте белгіленген жағдайлар туындаған кезде адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қорғау мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау түрінде беріледі.
1. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар ҚР ӘК 154-бабында көрсетілгендей:
1) әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
2) мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
5) кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
6) инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
7) өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
9) мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
Мүгедектігі бар адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзінің денсаулығының жай-күйі туралы толық және анық мәліметтерді беруге;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, скринингтік зерттеуден өтуге;
3) жеке бағдарламада ұсынылған іс-шараларды орындауға;
4) әлеуметтенуге және қоғамға интеграциялануға қатысуға міндетті.
Мүгедектікті белгілеу
Адамның мүгедектігін, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу уәкілетті мемлекеттік органның барып немесе сырттай медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Адамға мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына деген қажеттілік анықталады, сондай-ақ жеке бағдарламаның әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.
Мүгедектікті айқындайтын себептер
Мүгедектіктің және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері:
1) жалпы ауру;
2) жұмыста мертігу;
3) кәсіптік ауру;
4) бала кезінен мүгедектік;
5) жеті жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;
6) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;
7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардабын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан алған, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан болған жаралану, контузия, мертігу, ауру не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;
8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектік айқындалады.
Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларындағы мүгедектік себептері себеп-салдарлық байланысты анықтаған уәкілетті органның келтірген тұжырымына қатаң сәйкестікпен шығарылады.
Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерлер үшін кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері:
1) жұмыста мертігу;
2) кәсіптік ауру белгіленеді.
Мүгедектігі бар адамдардың қандай әлеуметтік қорғауға құқығы бар
ҚР СК 170-бабына сәйкес - мүгедектігі бар адамдардың:
1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
3) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
ҚР АК 170-бабында көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және өзге де ұйымдардың шешімі бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шаралары берілуі мүмкін.
Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы төлеу
Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері ҚР ӘК 177-бабымен регламенттелген.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленеді.
ҚР ӘК 207-бабының 1 – 3-тармақтарында және 212-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе осы Кодекстің 177-бабының 8-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.
Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны жаңа мөлшерде төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы оны еңбекке қабілетті деп таныған айды қоса алғанда төленеді.
Мүгедектігі бар адаммен еңбек қатынастары
ҚР ӘК 28-бабының 2-тармағына сәйкес - мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында оның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орнын жабдықтау жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.
Өндiрiстiк жарақаттануына немесе кәсiби ауруына байланысты еңбек ету қабiлетiнен айырылған жұмыскердiң жұмыс орны (лауазымы) еңбек ету қабiлетi қалпына келтiрiлгенге немесе мүгедектiгi белгiленгенге дейiн сақталады (ҚР ЕК 52-бап).
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. (ҚР ЕК 69-бабы), сондай-ақ ҚР ЕК 75-бабында көрсетілгендей, бірінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді, Екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге, егер оларға мұндай режимге кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде тыйым салынса, жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеуге болмайды.
Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Мүгедектігі бар адамдар мерзімнен тыс жұмысқа жіберілмейді.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі (ҚР ЕК 89-бабы).
ҚР ЕК 135-бабы негізінде вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға медициналық қорытынды ұсынылған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің табыстарына салық салу
Жеке табыс салығы (ЖТС):
ҚР СК 353-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есептелген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы
алу
ҚР СК 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы
алу
ҚР СК 342- бабында көрсетілген тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
ҚР СК 342-бабының 1-тармағы негізінде жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:
3) стандартты салықтық шегерімдер.
ҚР СК 346-бабының 1-тармағына сәйкес стандартты шегерімдер:
1) 14 АЕК. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы 168 АЕК-тен аспауы тиіс;
2) осы тармақшаны қолдану күніне осындай адамның:
- I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адам;
- мүгедек бала болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК.
Жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болған жағдайда, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
3) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:
- 18 жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедектігі бар бала үшін – мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
- өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК.
Барлық топтағы мүгедектер екі стандартты шегерімді қолдануға құқылы: 14 АЕК және 882 АЕК.
ҚР СК 343-бабының 1-тармағында мүгедек жұмыскерге жылына 882 АЕК мөлшерінде ЖТС шегерімін пайдалану үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- өтініш;
- мүгедектікті растау туралы анықтама.
ЖТС бойынша 14 еселенген АЕК шегерімін пайдалану үшін өтініш беру керек. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл ішіндегі стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
Егер мүгедек жұмыскер бір мезгілде бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істесе, онда ол МЗЖ түріндегі және МӘМС жарналары бойынша салық шегерімдерін қоспағанда, осы шегерімді бір ғана салық агентінде қолдана алады (ҚР СК 343-бабының 3-тармағы).
Мүгедектікті растау туралы анықтаманы Egov.kz порталынан онлайн алуға болады. Бұл үшін:
- порталда авторланудан өту;
- «Мүгедектікті растау туралы анықтама алу» онлайн қызметіне тапсырыс беру.
- өтінімге өзінің ЭЦҚ-сымен қол қою.
- Анықтаманы pdf форматында алу қажет. Қызмет тегін.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ):
ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабы негізінде, егер мүгедектік мерзімсіз белгіленсе, I және II топтағы мүгедектер МЗЖ төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Егер мүгедектік мерзімсіз болмаса, онда МЗЖ 10% мөлшерінде ұсталады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар (МӘМСЖ):
МӘМС туралы Заңның 28-бабы 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мүгедек жұмыскерлер
үшін МӘМС жарналарын жұмыс берушілер төлемейді.
Сонымен қатар, заңда МӘМС төлеуден босатуға құқық беретін мүгедектік тобы
көрсетілмеген (МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 12-тармақшасы), сондықтан барлық
топтағы мүгедек жұмыскерлер МӘМСЖ төлеуден босатылады.
Егер мүгедектікті белгілеу туралы анықтаманың қолданылу мерзімі бір ай ішінде
аяқталса, онда жұмыскер осы ай үшін МӘМСЖ төлеуден толық
босатылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА):
МӘМС туралы Заңның 27 бабының 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жұмыс берушілер мүгедек жұмыскерлер үшін МӘМСА төлеуден босатылады. Бұл ретте заңда МӘМСА төлеуден босатуға құқық беретін мүгедектік тобы көрсетілмеген, сондықтан жұмыс беруші барлық топтағы мүгедек жұмыскерлер үшін МӘМСА төлеуден босатылған.
Әлеуметтік аударымдар (ӘА):
ҚР Әлеуметтік кодексінің 243-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға:
1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;
2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) ҚР СК 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар; (Әлеуметтік кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 ж. дейін қолданылады).
6) Әлеуметтік кодекске сәйкес жеке көмекшілер жатады.
СК-нің 243-бабының күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Бұл тізімде мүгедектігі бар адамдар жоқ, демек мүгедек жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару қажет.
Әлеуметтік салық (СН):
ҚР СК 484-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес:
1. Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын ДК қоспағанда, ДК үшін салық салу объектісі төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны болып табылады.
2. ҚР СК 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі ҚР СК 322-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің ҚР СК 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақтарында көрсетілген шығыстары) болып табылады.
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің кірістерінен белгіленген шегерімді пайдалана отырып, ЖБР немесе АСР қолданатын заңды тұлғалар үшін ӘС есептеледі, жеңілдіктер көзделмеген. ТШ пайдалана отырып, ЖБР немесе АСР қолданатын ДК үшін мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны ӘС есептеу үшін ескеріледі.
2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі жалпы ережелер
«ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 1-тармағы 7-тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары және жұмыспен қамтылуы
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің кірістеріне салық салу
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік
оңалту - мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы
үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге,
әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені;
мүгедектігі бар адамдарды
әлеуметтік қорғау - әлеуметтік көмек, оңалту, сондай-ақ мүгедектерді қоғамға
кіріктіру жөніндегі шаралар кешені; мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа
орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектігі бар адамның жеке
мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары. ҚР мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы Заңының 1-бабы.
Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдерді де қамтиды. ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңының 16-бабы.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары және жұмыспен қамтылуы
Мүгедектігі бар адамдардың:
- әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз етуге;
- ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
- білім алуға, қызмет түрін, соның ішінде еңбек қызметі түрін еркін таңдауға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне;
- кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
- мемлекеттік және өзге ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге;
- мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық қабілеттерін қолдау алуға құқығы бар.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді
жұмыспен қамтуды:
- мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілеу;
- жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
- мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
- мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етеді.
Еңбек қатынастары
Еңбек шартының мазмұны:
ҚР ЕК-нің 28-бабының 2-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында оның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орнын жабдықтау жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.
Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. ҚР ЕК 69-бабының 3-тармағы.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі:
Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлер үшін жұмыс
уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.
Екiншi және үшiншi топтағы мүгедек жұмыскерлерге, егер оларға кәсiптiк
патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысы негiзiнде мұндай режимге тыйым
салынса, жұмыс уақытының жиынтық есебi
белгiленбейдi. ҚР ЕК 75-бабының
8-тармағы.
Түнгі уақыттағы жұмыс:
Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және егер оған денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі. ҚР ЕК 76-бабының 3-тармағы. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. ҚР ЕК 25-бабының 2-тармағы.
Үстеме жұмыс:
ҚР ЕК 77-бабы 3-тармағының негізінде үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер жіберілмейді:
3) мүгедектігі бар адамдар.
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары:
ҚР ЕК 89-бабының 1-тармағына сәйкес:
2) I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.
Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге арналған кепілдіктер мен өтемақы төлемдері:
Егер мүгедектiгi бар жұмыскерлерге медициналық көрсеткiштер бойынша мұндай жұмысқа тыйым салынбаса, оларды iссапарға жiберуге жол берiледi. Бұл ретте аталған жұмыскерлер ҚР ЕК 127-бабының 4-тармағына сәйкес іссапарға жіберуден бас тартуға құқылы.
ҚР ЕК 127-бабы 5-тармағының негізінде, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар тұрақты күтімді жүзеге асыруды қажет ететін болса, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға жіберуден бас тартуға құқылы.
Вахталық жұмыс әдісі:
ҚР ЕК 135-бабының 3-тармағына сәйкес вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға медициналық қорытынды ұсынылған күннен бастап І топтағы мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға, егер мұндай жұмыстар оларға медициналық қорытындылар негізінде қарсы көрсетілмесе, тартылуы мүмкін.
Мүгедектік топтары
Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін негіз болып табылады:
- үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті;
- үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті) қабілеті;
- үшінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
- үшінші дәрежедегі қозғалыс қабілеті;
- үшінші дәрежедегі бағдарлану қабілеті;
- үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
- үшінші дәрежедегі мінез-құлқын бақылау қабілеті.
Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін негіз болып табылады:
- екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті;
- екінші дәрежедегі қозғалыс қабілеті;
- екінші, үшінші дәрежелі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілетіне) қабілеттілігі;
- екінші, үшінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
- екінші дәрежедегі бағдарлану қабілеті;
- екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
- екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін негіз болып табылады:
- бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті;
- бірінші дәрежедегі қозғалу қабілеті;
- бірінші дәрежелі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілетіне) қабілеті;
- бірінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
- бірінші дәрежедегі бағдарлану қабілеті;
- бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
- бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің табыстарына салық салу
Жеке табыс салығы (ЖТС):
ҚР СК 353-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есептелген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы
алу
ҚР СК 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы
алу
ҚР СК 342-бабында көрсетілген тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
ҚР СК 342-бабының 1-тармағы негізінде жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:
3) стандартты салықтық шегерімдер.
ҚР СК 346-бабының 1-тармағына сәйкес стандартты шегерімдер:
1) 14 АЕК. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы 168 АЕК-тен аспауы тиіс;
2) осы тармақшаны қолдану күніне осындай адамның:
· I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адам;
- мүгедек бала болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК.
Жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болған жағдайда, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
3) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:
- 18 жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедектігі бар бала үшін – мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
- өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК.
Барлық топтағы мүгедектер екі стандартты шегерімді қолдануға құқылы: 14 АЕК және 882 АЕК.
ҚР СК 343-бабының 1-тармағында мүгедек жұмыскерге жылына 882 АЕК мөлшерінде ЖТС шегерімін пайдалану үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- өтініш;
- мүгедектікті растау туралы анықтама.
ЖТС бойынша 14 еселенген АЕК шегерімін пайдалану үшін өтініш беру керек. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл ішіндегі стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК-тің 168 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
Егер мүгедек жұмыскер бір мезгілде бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істесе, онда ол МЗЖ түріндегі және МӘМС жарналары бойынша салық шегерімдерін қоспағанда, осы шегерімді бір ғана салық агентінде қолдана алады (ҚР СК 343-бабының 3-тармағы).
Мүгедектікті растау туралы анықтаманы Egov.kz порталынан онлайн алуға болады. Бұл үшін:
- порталда авторланудан өту;
- «Мүгедектікті растау туралы анықтама алу» онлайн қызметіне тапсырыс беру.
· өтінімге өзінің ЭЦҚ-сымен қол қою.
· Анықтаманы pdf форматында алу қажет. Қызмет тегін.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ):
ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 24-бабы 2-тармағы 2-тармағының негізінде, егер мүгедектік мерзімсіз белгіленсе, I және II топтағы мүгедектер МЗЖ төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Егер мүгедектік мерзімсіз болмаса, онда МЗЖ 10% мөлшерінде ұсталады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар (МӘМСЖ):
МӘМС туралы Заңның 28-бабы 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес мүгедек жұмыскерлер
үшін МӘМС жарналарын жұмыс берушілер төлемейді.
Сонымен қатар, заңда МӘМС төлеуден босатуға құқық беретін мүгедектік тобы
көрсетілмеген (МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 12-тармақшасы), сондықтан барлық
топтағы мүгедек жұмыскерлер МӘМСЖ төлеуден босатылады.
Егер мүгедектікті белгілеу туралы анықтаманың қолданылу мерзімі бір ай ішінде
аяқталса, онда жұмыскер осы ай үшін МӘМСЖ төлеуден толық
босатылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА):
МӘМС туралы Заңның 27 бабының 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жұмыс берушілер мүгедек жұмыскерлер үшін МӘМСА төлеуден босатылады. Бұл ретте заңда МӘМСА төлеуден босатуға құқық беретін мүгедектік тобы көрсетілмеген, сондықтан жұмыс беруші барлық топтағы мүгедек жұмыскерлер үшін МӘМСА төлеуден босатылған.
Әлеуметтік аударымдар (ӘА):
Міндетті
әлеуметтік сақтандыру туралы Заңның 7-бабына сәйкес:
1) жұмыскерлер,
сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе
бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер,
оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;
3) жеке практикамен
айналысатын адамдар;
4) "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық
төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
5) Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының
аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы
жоқ адамдар, сондай-ақ қандастар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
Бұл тізімде мүгедектігі бар адамдар жоқ, демек мүгедек жұмыскерлер үшін
әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару қажет.
Әлеуметтік салық (СН):
ҚР СК 484-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес:
1. Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын ДК қоспағанда, ДК үшін салық салу объектісі төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны болып табылады.
2. ҚР СК 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі ҚР СК 322-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің ҚР СК 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақтарында көрсетілген шығыстары) болып табылады.
Мүгедектігі бар жұмыскерлердің кірістерінен белгіленген шегерімді пайдалана отырып, ЖБР немесе АСР қолданатын заңды тұлғалар үшін ӘС есептеледі, жеңілдіктер көзделмеген. ТШ пайдалана отырып, ЖБР немесе АСР қолданатын ДК үшін мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны ӘС есептеу үшін ескеріледі.
Жауапкершілік
ӘҚБтК 83-бабына сәйкес - Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын: жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық -
- лауазымды тұлғаларға 50,
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 120,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
- лауазымды тұлғаларға 80,
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 150,
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 250,
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.