-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Е
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы) - адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат. (Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларының 2-тармағының 2-тармақшасы)
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қандай ауруларда беріледі
Қандай жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді
Қандай ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қандай ауруларда беріледі
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларында:
1. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
2. Жіті немесе созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттар мен уланулар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
3. Жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
4. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
5. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
6. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
7. Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру.
Қағидаларға сәйкес - Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;
3) жүктілікті жасанды үзген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) жүкті болған және босанған;
6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
8) карантин;
9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.
Қағидалардың 9-тармағына сәйкес - Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.
Қандай жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:
1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;
2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;
3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;
4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.
Көрсетілген жағдайларда пациентке амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.
Қандай ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын мынадай медициналық ұйымдар:
1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;
4) санаторийлік-курорттық ұйымдар;
5) апаттар медицинасы ұйымдары;
6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) жедел медициналық көмек ұйымдары бермейді.
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы, мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке уақытша жарамсыздық белгіленген күннен бастап еңбекке жарамдылық қалпына келтірілгенге дейінгі бүкіл кезеңге беріледі.
Осы Кодекстің 52-бабының 1-тармағының 1), 18), 20) және 23) тармақшаларында, 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы және демалыста болуы кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағы).
Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
- ҚР ЕК 65-бабның 4-тармағы бойынша жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде шығарылмайды;
- ҚР ЕК 94-бабның 1-тармағы бойынша жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы толығымен немесе оның бір бөлігінде ауыстырылады.
Жүкті әйел жүктілігі және босануы бойынша демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап оны демалыстың осы түріне құқығын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Жүктiлiк кезеңiнде әйел еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгiнген кезде демалыс оның босанғанға дейiн iс жүзiнде пайдаланған күндерiнiң санына және жұмыс берушiдегi жұмыс ұзақтығына қарамастан жиынтық есептеледi және толық берiледi. Әйел босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде босанғаннан кейін ұзақтығы ҚР ЕК 99-бабының осы тармағының екінші бөлігінде көзделген демалыс қана беріледі.
ҚР ЕК 133-бабына сәйкес 1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған өндірістік жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
4) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынуы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;
5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
6) жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.
Жұмыс берушілер жұмыскерлерге ҚР заңнамасында белгіленген еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы. ҚР ЕК 133-бабы.
Еңбекақы төлеу үшiн жұмыскер бухгалтерияға еңбекке жарамсыздық парағын, ал ол жоғалған жағдайда - телнұсқасын көрсетуi қажет, Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу үшiн негiз болып табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген күнге дейін немесе ҚР заңнамасына сәйкес мүгедектік белгіленгенге дейін төленеді.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
2023 жылғы 1 шілдеге дейін жәрдемақы мөлшері 15 АЕК-тен аспауы тиіс
- 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбекке жарамсыздық парағына ақының мөлшері 25 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көзделген.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысымен бекітілген еңбекке жарамсыздық ақысының мөлшерін айқындау Еңбек кодексіне өзгерістер күшіне енгеннен кейін алып тасталды. Қаулының күші жойылды және ҚР Еңбек кодексінің «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақы төлеу» атты 133-бабына ауыстырылды:.
ҚР ЕК 133-бабының 4-1-тармағына сәйкес -
Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлерін, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін қоспағанда, жұмыскерлердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы айқындалады.
Жұмыскердің орташа күндік жалақысының
мөлшері Еңбек кодексінің 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген орташа жалақысының есебінен айқындалады.
Егер еңбекке уақытша қабілетсіздік алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталса, онда еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері және оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылдардағы айлық есептік көрсеткішті қолдана отырып айқындалады және алынған сомалар бөлек жинақталады.
Жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты жұмыскерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақы мөлшерін қоспағанда, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды.
Жұмыскердің жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары.
«Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу» сервисі