ҚОТӘ - қоршаған ортаға теріс әсер

Қоршаған орта - табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын адамды қоршаған ортаның, материалдық әлем заттары мен объектілерінің жиынтығы.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаға теріс әсер ету

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қоршаған ортаға теріс әсер ету


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаға теріс әсер ету

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады. (ҚР Салық кодексінің 636-бабы)

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілердің санаттары

Төлемақы төлеушілер

Төлемақы мөлшерлемелері мен сомасы

Салықтық кезең және салықтық есептілік

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілердің санаттары

ҚР Экологиялық кодексінің 12-бабында көрсетілгендей қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер осындай әсер ету деңгейі мен тәуекеліне қарай төрт санатқа бөлінеді:

1) қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсер ететін объектілер (I санаттағы объектілер);

2) қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін объектілер (ІІ санаттағы объектілер);

3) қоршаған ортаға болмашы жағымсыз әсер ететін объектілер (III санаттағы объектілер);

4) қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілер (IV санаттағы объектілер).

Экологиялық кодекске 2-қосымшада өздерінің негізінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызу жүзеге асырылатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар белгіленеді.

Экологиялық Кодекске 2-қосымшада көрсетілмеген немесе онда баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін қызмет түрлері IV санаттағы объектілерге жатады.

I және II санаттардағы объектілерге қатысты "объект" термині өзінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде (I санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (II санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі, сондай-ақ олармен технологиялық тұрғыдан тікелей байланысты болатын, осындай объект орналасатын сол өнеркәсіптік алаң шегінде жүзеге асырылатын кез келген өзге қызмет түрлері жүзеге асырылатын стационарлық технологиялық объектіні (кәсіпорынды, өндірісті) білдіреді.

III санаттағы объектілерге қатысты "объект" термині өздерінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылатын ғимаратты, құрылысжайды, олардың кешенін, алаңды немесе аумақты білдіреді.

Әртүрлі санаттағы объектілерде жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар өздеріне сәйкес I, II, III немесе IV санатқа жатқызылатын өлшемшарттар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

Төлемақы төлеушілер

ҚР СК 637-бабында  белгіленгендей Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Мыналар:

1) ластаушы заттардың шығарындылары;

2) ластаушы заттардың төгінділері;

3) көмілген қалдықтар;

4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І және ІІ санаттардағы объектілер үшін – белгіленген нормативтер және лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін – декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға теріс әсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін – масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экология заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған іс жүзіндегі көлемі салық салу объектісі болып табылады

Төлемақы мөлшерлемелері мен сомасы

Төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері ҚР СК 639-бабымен регламенттелген:

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді және екінші, үшінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің стационарлық көздерінен ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері;
  • Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің стационарлық көздерінен ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері:

1) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін
2) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілер үшін стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді және екінші, үшінші санаттардағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері:

1) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін
2) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап

  • Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілер үшін ластаушы заттардың төгінділеріне төлемақы мөлшерлемелері
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді және екінші, үшінші санаттардағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің өндіру мен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілерді қоспағанда, бірінші санаттағы объектілердің өндіру мен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін бірінші санаттағы объектілер үшін өндіру мен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері
  • Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Төлемақы сомасы:

1) I және II санаттардағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер ҚР СК 638-бабында көрсетілген салық салу объектілерін және ҚР СК 639-бабында көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;

2) ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер ҚР СК 638-бабында көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;

3) салық органдары осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және ҚР СК 638-бабында айқындалған салық салу объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша анықталған декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып есепке жазады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес төлемақы сомасы есепке жазылған жағдайда, салық органы ҚР СК 636-бабының 3-тармағында көзделген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама шығарады.

Салықтық кезең және салықтық есептілік

Салық кезеңі - күнтізбелік тоқсан. (ҚР СК 641-бабы)

Төлемақы төлеушiлер ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, ластау объектiсiнiң тұрған жеріндегі салық органдарына Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларацияны (870.00-нысан) ұсынады.

Декларация салық органдарына:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.

Төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей тапсырады.

Жылдық жиынтық көлемі 100 АЕК-ке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салықтық кезеңнiң 20 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.

Рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат беру құжаты алынған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей тапсырады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қоршаған ортаға теріс әсер ету

ҚОЖӘ - қоршаған ортаға жағымсыз әсері

Табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамды қоршап тұрған жағдайлардың, материалдық дүние заттары мен объектілерінің жиынтығы қоршаған орта деп танылады.

Жалпы ережелер

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілердің санаттары

Төлемақы төлеушілер

Есептілік

Декларацияны тапсыру мерзімдері

Төлем мөлшерлемелері

Жалпы ережелер

ҚР Экологиялық кодексінің 7-бабына сәйкес - Қоршаған ортаның сапасы деп қоршаған ортаның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы түсініледі, олар оның құрамдастарының өзара іс-қимылындағы жай-күйін көрсететін физикалық, химиялық, биологиялық және өзге де көрсеткіштер негізінде айқындалады.

Қоршаған орта, егер оның сапасы табиғи ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи теңгерімін, оның ішінде экологиялық жүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілер мен табиғи кешендердің орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ биоәртүрліліктің сақталуын қамтамасыз ететін болса, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы деп есептеледі.

Қоршаған ортаны қорғау мемлекет, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын, табиғи ортаны сақтауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаның ластануын және оған кез келген нысандарда залал келтірілуін болғызбауға, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді барынша азайтуға және оның салдарларын жоюға, Қазақстан Республикасының орнықты дамуының өзге де экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін білдіреді.

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілердің санаттары

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер, ҚР Экологиялық кодексінің 12-бабында көрсетілгендей, осындай әсер ету деңгейі мен тәуекеліне қарай төрт санатқа бөлінеді:

  • қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсер ететін объектілер (I санаттағы объектілер);
  • қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін объектілер (ІІ санаттағы объектілер);
  • қоршаған ортаға болмашы жағымсыз әсер ететін объектілер (III санаттағы объектілер);
  • қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілер (IV санаттағы объектілер).

Экологиялық кодекске 2-қосымшада өздерінің негізінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызу жүзеге асырылатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар белгіленеді.

Кодекстің 2-қосымшасында көрсетілмеген немесе онда баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін қызмет түрлері IV санаттағы объектілерге жатады.

Төлемақы төлеушілер

ҚР СК 574-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары болып табылады.

Мыналар:

  • ластаушы заттар шығарындылары;
  • ластаушы заттардың төгінділері;
  • көмілген қалдықтар;
  • көмірсутекті барлау және (немесе) өндіру операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт түрінде есепті кезеңде (І және ІІ санаттағы объектілер үшін – белгіленген нормативтер және лимиттер шегінде, ІІІ санаттағы объектілер үшін – декларацияланған көлем шегінде) қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің (радиоактивті қалдықтар үшін – масса, белсенділік өлшем бірлігі), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Есептілік

Салық кодексінің 574-бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы төлеушілер «Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00-нысанжасайды.

Төлемақы төлеушілер декларацияны:

  • стационарлық ластау көздері бойынша - ластау объектісінің орналасқан жері бойынша;
  • мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы көздер бойынша - осындай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
  • мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың жылжымалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тапсырады.

Декларацияны тапсыру мерзімдері

Төлем көлемі 100 АЕК-ке дейінгі төлеушілер жиынтық жылдық көлемде ҚР СК 579-бабының 3-тармағына сәйкес 20 наурыздан кешіктірмей декларацияны (СЕН 870.00) ұсынады;

Жиынтық жылдық көлемде төлем көлемі 100 АЕК-ке дейінгі төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер тоқсан сайын СЕН 870.00 ҚР СК 579-бабының 2-тармағына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады:

  • 1 тоқсан үшін 15 мамырдан кешіктірмей;
  • 2 тоқсан үшін 15 тамыздан кешіктірмей;
  • 3-тоқсан үшін 15 қарашадан кешіктірмей;
  • 4 тоқсан үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Салық салу объектілері болмаған кезде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі декларация ҚР СК 208-бабының 9) тармақшасына сәйкес тапсырылмайды.

Төлем мөлшерлемелері

Төлемақы сомасын төлеушiлер ҚР СК 576, 577-баптарына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдерiне және белгiленген мөлшерлемелерге сүйене отырып есептейдi. Жергiлiктi өкiлдi органдардың мөлшерлемелерді екi еседен асырмай көтеруге құқығы бар.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы сомасын жеке шотқа тарату БСК 105 316 870.00.001-жолынан жүзеге асырылады.

870.00-нысан бойынша декларация деректерін ашу үшін ҚР ҚМ 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығымен салық тіркелімінің нысаны (№ 15 қосымша) бекітілді, оны толтыру ҚР СК 215-бабына сәйкес салық төлеушінің міндеті болып табылады.

«Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00-нысан)» салықтық есептілігін жасау ережелері