-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акциздік өнім
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Бизнесті бөлшектеу
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақыдан бірыңғай төлем
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- Жарнамалық акция
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсіпкерлік субъектілері
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлiк салығы
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша шот-фактура
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық жүктеме коэффициенті
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- Салықтық шегерім
- Салықтық шегерім
- салықтық шегерімді
- сатып алу-сату
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- Субсидия
- Сынақ мерзімі
- сыртқы (көрнекі) жарнама
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тіркелген активтер
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
-
Э
- Бухгалтер сөздігі
- Т
- тауар экспорты
ҚР Салық кодексінің 386-бабының 1-тармағына сәйкес – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.
ЕАЭО-ға тауарлар экспорты бойынша ҚҚС салық салу ерекшеліктері ҚР Салық кодексінің 50-тарауында белгіленген.
Тауарларды өткізу бойынша айналым ҚР аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспорты болып табылады.
Кейіннен олардың қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей ҚР аумағына әкелінетін тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
ҚР СК 443-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер ҚР СК 443-бабында және ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС төлеуші ҚР СК 446-бабының 1-тармағы бойынша Салық кодексінің 46-тарауына сәйкес ҚҚС есепке жатқызуға құқылы.
Мыналар тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады:
1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар:
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы;
уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;
4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – оның құнын растауы;
6) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері;
7) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.
Қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 433-бабына сәйкес бақылау шоттарын пайдаланған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында белгіленген құжаттың болуы талап етілмейді.
Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағы 1-тармақшасында көзделген ҚҚС төлеушілер, ҚР СК 412-бабы 1-тармағының 1, 2-тармақшалары бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті.
Тауарлар ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортталған жағдайда шот-фактура ҚР СК 453-бабының 2-тармағы бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Шот-фактура ҚР СК 412-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ мыналар көрсетілуі тиіс:
1) өткізу бойынша айналым жасау күні (ҚР СК 442-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды экспортқа өткізу кезінде ҚҚС есептеу мақсатында тауарларды сату бойынша айналым жасау күні тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген тауарларды тиеуді растайтын бастапқы бухгалтерлік құжатты жасау уақыты бойынша бірінші күн ретінде айқындалатын тиеу күні болып табылады);
2) тұлғаны ЕАЭО-ға мүше мемлекетте салық төлеуші-сатып алушы ретінде сәйкестендіретін нөмір.
ҚР СК 457-бабының 2-тармағы бойынша салық төлеушілері тауарларды импорттаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдарынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда алынған жағдайда, тауарлардың экспортын жүзеге асырған ҚР салық төлеушісіне ҚР салық органы осындай өтінішті алғандығы туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақта көрсетілген хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай өтініш келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тауарларды экспорттау кезінде оларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш ҚР салық органына электрондық нысанда түспеген кезде, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ҚР СК 367-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген ҚҚС төлеуші, ҚР СК 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салықты ҚР СК 425-бабында көзделген мерзімде төлеуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген ҚҚС сомаларын есептеуді салық органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.
«Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» 1-ПБ-нысанын тоқсандық есепті сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын бірлескен және шетелдік кәсіпорындар, шетелдік компаниялардың филиалдары мен өкілдіктері тапсырады. Тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей респонденттің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынылады
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (бұдан әрі - 1-ТС нысаны). 1-ТС нысаны тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына (аумағынан) әкетуді және әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қолданылады.
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» 1-ТС статистикалық нысанын ұсыну мерзімі есепті кезеңнен кейінгі 20-шы күнге (қоса алғанда) дейін белгіленген.
ЕАЭО туралы шарттың 72-бабына сәйкес тауарлардың өзара саудасында жанама салықтарды өндіріп алу тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС 0% мөлшерлемесін қолдануды және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, сондай-ақ импорт кезінде оларға жанама салықтар салуды көздейтін межелі ел қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу және олардың төленуін бақылау тетігі осы Шартқа 18-қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.
Бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде аумағынан тауарлар әкетілген мүше мемлекеттің салық төлеушісі 18-қосымшаның 4-тармағында көзделген құжаттарды салық органына ұсынған кезде ҚҚС-ның 0% мөлшерлемесін және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданады.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ 19-бабының 2-тармағы негізінде қаржылық есептілік ҚР ұлттық валютасында ұсынылады.
1С-те тауарлар экспорты өткізу құжатымен ресімделеді, экспорт кезінде ҚҚС төлеушілер ҚҚС 0% мөлшерлемесін қолданады.
Егер ұйым ҚҚС төлеуші болып табылса, онда тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым СЕН 300.00 ҚҚС бойынша декларацияда 300.00.002-жолы бойынша 0% мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым ретінде көрсетіледі және 300.01 және 300.09-нысандары бойынша декларацияға қосымшалар толтырылады.
Контрагент тауарды алғаннан кейін өз елінің бюджетіне ҚҚС төлеуге және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш беруге тиіс. Егер компания жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істесе, тауарларды экспортқа өткізуден түсетін табыс СЕН 100.00 КТС бойынша декларацияда көрсетіледі.
Сыртқы экономикалық мәмілелер кезінде 0% ҚҚС шот-фактурасы теңгемен жазылады және шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құнын және шетел валютасындағы ҚҚС сомасын қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
Хаттаманың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы тізбеде көзделген мөлшерлемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлей отырып, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдердің аумағынан әкелінген және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 12.08.2016 жылғы № 5 шешіміне сәйкес - Тізбеге кіретін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу кезінде тауарға ілеспе құжат ретінде ЭШФ қағаз көшірмесі танылады, ол ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен расталады, сондай-ақ мынадай құжаттардың бірімен бірге жүреді: ҚР ҚМ МКБ мөрімен расталған кедендік декларацияның көшірмесі; Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес берілген СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы; СТ-КZ нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы; тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі.
Осылайша, Алулар тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде тауарға ілеспе құжаттарды салық органында міндетті түрде куәландыру қажет. Бұл ретте осындай тауарлар бойынша ЭШФ көшiрмесi iлеспе құжаттарды куәландыруға өтiнiш беру үшiн алдын ала жүргiзiлуi тиiс. Егер тауар Алу тізбесіне кірмесе, онда тауардың ілеспе құжаттарын растауды жүргізудің қажеті жоқ.
ТІЖ. Тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына сәйкес пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылады:
ТІЖ:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу және (немесе) өткізу кезінде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ның Алулар тізбесінен тауарларды өткізу кезінде;
3) тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде;
4) ДСҰ-ның Алулар тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына шығарылуға жататын тауарларды әкету кезінде;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде;
6) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;
7) электрондық шот-фактуралар Қазақстан Республикасының аумағындағы виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын тауарларды өткізу кезінде ресімделуі тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көзделген ерекшеліктер құрамында алтын бар өнімге қолданылмайды.
Демек, ЕАЭО-ға экспорт бойынша ТІЖ ресімдеу қажет.