ҚҚС төлемеуші – ҚҚС төлемейтін заңды тұлға (ҚР Салық кодексінің 82-бабы).

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлемеуші

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС төлемеуші

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлемеуші

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

ҚР Салық кодексінің 99-бабына сәйкес мыналар ҚҚС бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қоюға жатпайды:

  • мемлекеттік мекеме;
  • резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
  • жеке практикамен айналысатын адам;
  • арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде, ШҚ үшін АСР);
  • жеке тұлға.


ҚР СК 447-бабында белгіленгендей мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:

1) салық төлеушілер базасында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;

2) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚҚС 5%,

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚҚС 10% мыналарды өткізу және импорты бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:

  • ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілген тауарларды қоспағанда, дәрілік заттар;
  • медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтаушы, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылғандарды қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін салық салынатын айналым мөлшерінен.

ҚҚС 10% - отандық мерзімді баспасөз басылымдарын сату бойынша айналым мөлшерінен.

Есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС сомасы - 80% - Салық кодексінің 490-бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС төлемеуші

ҚҚС төлемеуші - ҚҚС төлемейтін заңды тұлға (ҚР Салық кодексінің 82-бабы).

ҚҚС төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі – МКО) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне өз еркімен немесе міндетті түрде тұрған тұлғалар, сондай-ақ ҚР аумағына тауарларды импорттаушылар (олар ҚҚС төлеушілер ретінде тіркелу есебінде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан) болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес:

  • резидент заңды тұлғалар,
  • ҚР-да қызметін филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға – бейрезиденттер;
  • ДК;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатады.

Салық төлеушiлер олардың тiлегiне қарамастан, егер жылдық айналымның ең төменгi мөлшерi асып кеткен жағдайда, ДК немесе ЖШС ҚҚС бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi екенiн есте сақтаулары тиiс.

ҚР Салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына сәйкес асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруға қажетті айналымның ең төменгі мөлшері жалпы жағдайда 20 000 АЕК құрайды (есепке ағымдағы жылдың 1 қаңтарына белгіленген АЕК мәні алынады).

ҚР Салық кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатпайды:

  • мемлекеттік мекемелер;
  • резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
  • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР қолданатын салық төлеушілер (АСР-ге жататын қызмет бойынша).

Мұндай ұйымдар ең аз айналым мөлшерінен асқан жағдайда да ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұра алмайды.

Белгілі бір санаттағы адамдарды да ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартылды.

ҚР Салық кодексінің 83-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша есепке тұруға:

  • ДК, жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
  • мемлекеттік мекемелердің;
  • ҚР-да қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;
  • резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
  • ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша ойынхананың, ойын автоматтарының залдарының, тотализатордың, букмекерлік кеңселердің;
  • ҚР Салық кодексінің 424-бабы 4-тармағына сәйкес тарату декларациясын тапсырмаған салық төлеушілердің құқығы жоқ.