Жанама салықтар - бұл тауарлар мен қызметтердi сатудан алынатын пайдадан алынатын мiндеттi аударымдар. Жанама салықтың негізгі ерекшелігі оның қорытынды құнға енгізілуінде. Осылайша, сатып алушы тауарды немесе қызметті сатып ала отырып, оның ішінде сатушы мемлекет бюджетіне жіберетін аударымдар сомасын да төлейді. Жанама салықтардың ең танымал түрлері - акциздер мен қосылған құн салығы (ҚҚС).

Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер жанама салықтар деп танылады.

ЕАЭО аумағынан тауарды импорттау кезінде салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы СЕН 328.00 өтініш беруге міндетті болады және бұл өтініш салық декларациясы болып табылады.

328.00-нысандағы өтініші тауарларды әкелу туралы және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған үш бөлімнен және оған қосымшадан тұрады.
Өтiнiштiң бiрiншi және үшiншi бөлiмдерiн және оған қосымшаны салық төлеушi, екiншi бөлiмдi - мемлекеттiк кiрiс органы толтырады.

328.00-нысан бойынша Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы
өтінішті тапсыру мерзімі (ай сайын) - әр айдың 20-сы.

328.00-нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы
өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1)
импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің орындалғанын растайтын өзге де төлем құжаты немесе қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжат (ҚР СК 456-бабының 2-тармағы).

ҚР СК
456-бабының 3, 4-тармақтары бойынша 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды нысанда мыналар ұсынады:
1)
осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатыла отырып және (немесе) осы Кодекстің 428-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлей отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар;
2)
осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда салық төлеуші.
4.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

СЕН 328.00- Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш