Интернет-платформа - бұл интернет-платформа операторының, көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің және интернет-платформада тіркелген және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілерге интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлғаның өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін электрондық интернет-алаң (ҚР Салық кодексінің 721-бабы)


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-платформа

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі интернет-платформа


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-платформа

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер интернет-платформалар операторларының қызметіне қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап орындаушылар үшін ЖМЗЖ есептеу және төлеу бойынша міндет интернет-платформа операторларына жүктелді.


Әлеуметтік кодекстің 102-бабына сәйкес платформалық жұмыспен қамту интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрін білдіреді.

Платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:

   интернет-платформаның операторы интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

     тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;

орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.

Оператор мен тапсырыс беруші, сондай-ақ орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес реттеледі.

Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушы-заңды тұлға жұмыскерлерді тартқан жағдайда, олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді.

Осылайша, осы жұмыскермен еңбек шартын жасасу кезінде ҚР еңбек заңнамасының барлық нормалары сақталуы тиіс. Жұмыс режимі, күнделікті жұмыс ұзақтығы, жұмыс уақытын есепке алу, еңбек жүйесі мен жағдайлары тараптардың келісімі бойынша айқындалады және ұжымдық немесе еңбек шарттарында, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

Сондай-ақ, аталған жұмыскерлер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады және медициналық мекемелердің қызметтерін пайдалана алады.

Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру

1. Оператор өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын және интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамту мобильді қосымшаларды пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен МЗЖ, ЖМЗЖ және әлеуметтік аударымдардың, МӘМСЖ және ЖТС сомаларын аударуды жүргізеді.

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиіс әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 1% мөлшерінде белгіленеді.

Интернет-платформаларды және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі осы режим шеңберінде интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың ұтқыр қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған есепті айдағы кірісі болып табылады.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қабылданатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 7 ЕТЖ-дан және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс.

3. Оператордың Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін төлеуге жататын МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кірістен 1% мөлшерінде белгіленеді.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс деп есепті ай үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес интернет-платформаларды және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан, осы режим шеңберінде интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар алған кіріс түсініледі.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс.

4, Оператордың Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес интернет-платформаларды және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін төлеуге жататын ЖМЗЖ мөлшерлемесі ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленеді.

ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс деп есепті ай үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес интернет-платформаларды және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан, осы режим шеңберінде интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар алған кіріс түсініледі.

Бұл ретте, ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс.

5. Оператордың ЖТС, МЗЖ, ЖМЗЖ, әлеуметтік аударымдар мен МӘМСЖ ұстап қалу және аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша айқындайды".;

ЖТС, МЗЖ, ӘА, МӘМСЖ ұстап қалу, аудару

2025 жылғы 16 қазандағы № 319 бұйрықпен Орындаушының ӘА, МЗЖ, МӘМСЖ мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының ЖТС, МЗЖ, ӘА және МӘМС жарналарын ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген ӘА, МЗЖ, МӘМС жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қағидаларға сәйкес, оператор ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, орындаушылардың кірістері туралы мәліметтерді арнайы мобильдік қосымшамен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы ҚР ҚМ МКК-ге беруге міндетті.

Берілген мәліметтердің, оның ішінде арнайы мобильді қосымшаның чектері бойынша мәліметтердің негізінде ҚР ҚМ МКК ЖТС, ӘА, МЗЖ, ЖМЗЖ және жарналар (әлеуметтік төлемдер) және олардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені (теңгеге дейін дөңгелектелген) үшін (немесе) өсімпұлдар сомасын есептеуді жүзеге асырады.

Есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ҚР ҚМ МКК есептелген сомалар туралы мәліметтерді:

  1. ұстап қалу және аудару үшін - операторға;
  2. Мемлекеттік корпорацияның оператор аударған әлеуметтік төлемдер сомасымен салыстырып тексеру үшін - ҚР ЕХӘҚМ ААЖ-не береді.

Ұсталған сомаларды аударуды оператор жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізеді.

Операторлар тұлғалар үшін мыналарды төлеуден босатылады:

  • ӘА бойынша - Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағы;

Әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармаған кезде оператор әрбір ай үшін жеке жиынтық төлем тапсырмасымен төлемді жүргізуге міндетті.

Екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын оператор бастамашылық жасаған күні аударады, бұл ретте төлем тапсырмаларында заңнамаға сәйкес мөлшерлемелер көрсетіледі:

  • 1% - МЗЖ үшін;
  • 1% - ЖМЗЖ үшін;
  • 1% - ӘА үшін;
  • 1% - жарналар үшін;

Мөлшерлеме болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік корпорация қайтару себебін көрсете отырып, қаражатты операторға қайтарады.

Қате жіберілген, артық төленген немесе орындаушыны төлеуден босатқан жағдайларда әлеуметтік төлемдерді операторға қайтару тәртібі.

Мемлекеттік корпорация себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде қайтаруды жүзеге асырады:

  • толық қайтару - деректемелердегі қателер кезінде, босатылған адамдар бойынша немесе ҚР ҚМ МКК деректері болмаған кезде;
  • ішінара қайтару - ҚР ҚМ МКК деректері бойынша артық төлеу кезінде.

Оператор қателерді жоюға және үш жұмыс күні ішінде қайта аударуды жүргізуге міндетті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (Қорға), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) әлеуметтік төлемдер сомаларын бөлуді және аударуды Мемлекеттік корпорация келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі интернет-платформа

Интернет-платформа - интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс. (ҚР Әлеуметтік кодексі 1-бабы 1-тармағының 81-тармақшасы)

2023 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданған ҚР Әлеуметтік кодексінде «платформалық жұмыспен қамту» жаңа анықтамасы пайда болды, ол интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрі болып табылады.

Әлеуметтік кодекстің 102-бабында интернет-платформаларда («платформалық жұмыспен қамту») жұмыс істеген кезде 3 тарап тартылады:

1) интернет-платформаның операторы интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2) тапсырыс берушіинтернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) орындаушыинтернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.

 2023 жылғы 21 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Премьер-Министр орынбасарының - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларға салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жоба басталды.

Қағидалардың 5-тармағына сәйкес - Пилоттық жоба интернет-платформаны пайдалану арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғаларды тіркеу мен әкімшілендіруді қарастырады.

Орындаушы ретінде
тіркелу үшін жеке тұлға интернет-платформада онлайн-тіркеу рәсімінен өтуі тиіс.

Орындаушы ретінде онлайн-тіркеу рәсімінен өткен кезде жеке тұлға:

1) Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтеді;

2) мемлекеттік органдардың дерекқорларынан дербес мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім береді;

3) пилоттық жобаға қатысуға келісім береді;

4) интернет-платформа пайдаланатын "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасының тиісті ашық сервисі арқылы дара кәсіпкер ретінде авторландырудан және тіркеуден өтеді.

Бұл ретте қызмет түрін көрсете отырып және мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін таңдай отырып, дара кәсіпкер қызметінің басталғаны туралы хабарлама толтырылады. Хабарлама орындаушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады (егер тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмесе);

5) егер кәсіпкер дара кәсіпкер ретінде тіркелсе, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны толтыру арқылы арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін таңдайды;

6) Оператордың ЖТС және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуына және аударуына келісім береді.

Орындаушының дербес деректері мемлекеттік органдардың дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерін интернет-платформамен интеграциялау негізінде қалыптастырылады.

Оператор өз кезегінде:

интернет-платформаның арнайы «E-Salyq Business» мобильдік қосымшасымен интеграциясын:

  • арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін таңдау;
  • орындаушы интернет-платформаны пайдалана отырып көрсеткен тиісті қызмет бойынша «E-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасының немесе бақылау-касса машинасының чегін қалыптастыру және беру;
  • интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсету кезінде алынған орындаушылардың кірістері бойынша ЖТС, МЗЖ, ӘА және МӘМСЖ есептелген сомалары туралы мәліметтер алу;
  • орындаушының интернет-платформаны пайдалана отырып, тиісті қызметтер көрсету кезінде алған орындаушылардың кірістері туралы мәліметтерді Комитеттің ақпараттық жүйесіне беру үшін интеграциясын қамтамасыз етуге міндетті;

Платформадағы қызметтерді орындаушылар үшін артықшылықтар

Әлеуметтік кодекстің 102-бабы 4-тармағына сәйкес - Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушы-заңды тұлға жұмыскерлерді тартқан жағдайда, олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді.

Осылайша, осы жұмыскермен еңбек шартын жасасу кезінде ҚР еңбек заңнамасының барлық нормалары сақталуы тиіс. Жұмыс режимі, күнделікті жұмыс ұзақтығы, жұмыс уақытын есепке алу, еңбек жүйесі мен жағдайлары тараптардың келісімі бойынша айқындалады және ұжымдық немесе еңбек шарттарында, сондай-ақ жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

Сондай-ақ, аталған жұмыскерлер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады және медициналық мекемелердің қызметтерін пайдалана алады.