Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша; (ҚР Әлеуметтік кодексі 1-бабының 116-тармағы).

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай көріністегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10%-ы. Бұл ереже жұмыскерлерге еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қолданылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінен бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүзеге асырды. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі үшін Чилидің зейнетақы жүйесі үлгі болды. Кеңес Одағының ыдырауымен зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай жүйесі бұзылды. 1997 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I Заңы жарыққа шықты, 1998 жылы Қазақстанда зейнетақы реформасы басталды. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс iстейтiн азаматтар өз кірістерінің 10%-ын мiндеттi түрде жинақтаушы зейнетақы қорына жеке зейнетақы шоттарына аударады. Зейнетақы реформасын әзірлеушілер Григорий Марченко мен Дәулет Сембаев болды.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МЗЖ бойынша жалпы ережелер

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап МЗЖ ұстаусыз төлемдер

2023 жылғы 1 шілдеден кейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер

2023 жылғы 1 шілдеге дейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МЗЖ бойынша жалпы ережелер


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енуіне байланысты ҚР Әлеуметтік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.

Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ дербес төлейді.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер алып тасталды.

Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 9-тармағы 6-1-тармақшамен толықтырылды, онда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың МЗЖ төлеу мерзімі регламенттелген.

2026 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (
ЖМЗЖ), сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есептелетін кірістер тізбесі өзгертілді. Аталған өзгерістер ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 939 қаулысымен бекітілді, онда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ, МКЗЖ есептеу, ұстау (есептеу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер енгізілген.

Қағидаларда МЗЖ ұсталмайтын төлемдер мен кірістер тізімінде жаңа Салық кодексіне сәйкес баптарға түзету енгізілді.

Мынадай жаңа кірістер түрінде толықтырулар енгізілді:

   - ҚР Салық кодексінің 429-бабының 8-тармақшасы - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жұмыс берушінің жүктілік пен босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі кірістер.

Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады;

   - ҚР Салық кодексінің 436-бабының 4-тармақшасы - МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдер.

Енді БЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:

1) Салық кодексінің 367-бабы 1) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 365-бабында көрсетілген;

2) Салық кодексінің 382-435-баптарында көрсетілген;

3) ҚР Салық кодексінің 429-бабының 3) және 8) тармақшаларында432-бабының 13) тармақшасындаСалық кодексінің 436-бабының 4) тармақшасында, сондай-ақ Салық кодексінің 400-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында және Салық кодексінің 435-бабының 3) тармақшасында (жоғалған табыс (кіріс) бөлігінде) белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 400429430431432433434435 және 436-баптарына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалардың кірістері азаятын;

4) мүгедектігі бар адамдар және Салық кодексінің 404-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өзге де тұлғалар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған кірістер.

Салық кодексінің 436-бабының 4) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде Әлеуметтік кодекстің 76-бабының 1-тармағына, 117-бабының 1-тармағына және 174-бабының 3-тармағына сәйкес ұсталады.


МЗЖ кім төлейді

МЗЖ-ны кім дербес төлейді

МЗЖ төлеуден кім босатылды

МЗЖ мөлшерлемесі

Аудару мерзімдері


МЗЖ кім төлейді

Агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) осы Кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабы)

МЗЖ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.

МЗЖ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан АҚС шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлейді.

Агенттер МЗЖ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кірістерінен Әлеуметтік Кодексте көзделген тәртіппен ұстайды және төлейді.

МЗЖ, МКЗЖ есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.

МЗЖ-ны кім дербес төлейді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ төлеуді:

1) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар;

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады.

4) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар жүзеге асырады.

МЗТ төлеуден кім босатылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ төлеуден:

1) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;

2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.

МЗЖ мөлшерлемесі

Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі салымшының міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірісіне және (немесе) табысын (кірісін) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне проценттік қатынаста көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;

Әлеуметтік кодексінің 249-бабына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс МЗЖ:

  • жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан АҚС шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін бір агенттен алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 ЕТЖ-дан аспауға тиіс.

  • дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің он пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс деп МЗЖ төленбейтін, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын тұлға алатын кіріс түсініледі.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 ЕТЖ-дан аспауға тиіс.

Егер көрсетілген тұлғалардың кірісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, олар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 ЕТЖ-дан МЗЖ төлеуге құқылы.

  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, мәні салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс деп «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, МЗЖ төленбейтін табыстарды қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын тұлға алатын табыс түсініледі.

 Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 50 ЕТЖ-дан аспауға тиіс;

2. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында МЗЖ төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,0 пайызды құрайды.

Аудару мерзімдері

Ұсталған (есептелген) МЗЖ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады. (Әлеуметтік кодекстің 248-бабы)

МЗЖ төлеуді:

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

4) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей;

5) сақтандыру ұйымы – жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

6) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар – егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

6-1) осы Кодекстің 101-1-бабында көрсетілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар - күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

8) Оператор - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

10. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 823-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға аударады. Бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.

МЗЖ басқа тұлғалардың пайдасына төлене алмайды.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.


2026 жылғы 1 қаңтарға дейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер


2025 жылғы 1 қаңтардан бастап МЗЖ ұстаусыз төлемдер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 636 қаулысымен Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және БЖЗҚ-ға аударудың және олар бойынша өндіріп алудың қағидалары мен мерзімдеріне түзетулер енгізілді.

Енді БЖЗҚ-
на міндетті зейнетақы жарналары мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:

  1. Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 25) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;
  2. Салық кодексінің 329-бабында, 330-бабының 1-тармағында көрсетілген;
  3. Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12), 31), 32) және 53) тармақшаларында, сондай-ақ Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 46) және 47) тармақшаларында белгіленгендерді (жоғалған табыс (кіріс) бөлігінде) қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағында көрсетілген (бұл ретте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағы 22) тармақшасының жетінші абзацында көзделген кірістерден ұсталмайды);
  4. Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мүгедектігі бар адамдар және өзге де тұлғалар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған кірістер.

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде Әлеуметтік кодекстің 76-бабының 1-тармағына, 117-бабының 1-тармағына және 174-бабының 3-тармағына сәйкес ұсталады.

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 


2023 жылғы 1 шілдеден кейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер

2023 жылғы 1 шілдеге дейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер

2023 жылғы 1 шілдеден кейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер

МЗЖ төлеу

МЗЖ кім төлейді

МЗЖ-ны кім дербес төлейді

МЗТ төлеуден кім босатылды

МЗЖ мөлшерлемесі

Аудару мерзімдері

Жауапкершілік

МЗЖ төлеу

ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабына сәйкес - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер осы Кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс.

Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.

МЗЖ кім төлейді

ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабына сәйкес - 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер осы Кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс.

Міндетті зейнетақы жарналарын:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлейді.

Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кірістерінен осы Кодексте көзделген тәртіппен ұстайды және төлейді.

МЗЖ-ны кім дербес төлейді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді:

1) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар;

2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады.

МЗТ төлеуден кім босатылды

Мыналар:

1) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;

2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

МЗЖ мөлшерлемесі

Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі – салымшының міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірісіне және (немесе) жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаста көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін төлемнің мөлшері;

 1, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары Р Әлеуметтік кодексінің 249-бабы):

  • жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

  • дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, олар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар -

міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада АЕК-тің 1 еселенген мөлшерінің 30 пайызын және басқа елді мекендерде - АЕК-тің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 жылға дейін қолданылады).

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,0 пайызды;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 46,5 пайызды;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 42,0 пайызды;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайызды;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайызды;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,0 пайызды құрайды.

МЗЖ аудару мерзімдері

Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 9-тармағы негізінде - Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді:

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патент құнын төлеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде;

4) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей;

5) сақтандыру ұйымы - жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

6) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар – егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүзеге асырады. (осы Кодекстің 263-бабына сәйкес 01.01.2024 жылға дейін қолданылады).

Жауапкершілік

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы) - ескерту жасауға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

мыналарға:

  • жеке тұлғаларға мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының 10 пайызы,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 пайызы,

·        орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 пайызы,

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 жаңа қаулы.

2023 жылғы 1 шілдеге дейін МЗЖ бойынша жалпы ережелер

МЗЖ төлеу

МЗТ төлеуден кім босатылды

МЗЖ төлеу мөлшерлемесі мен тәртібі

Аудару мерзімдері

Жауапкершілік

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ-ны агенттер «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда айқындалатын ставкалар бойынша төлеуге тиіс.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің ақшалай мәндегі барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.

МЗТ төлеуден кім босатылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ төлеуден:

1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен жеке тұлғалар;

2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар;

4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;

5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.

Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды төлеу тәртібі

Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі – салымшының міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірісіне және (немесе) жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаста көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін төлемнің мөлшері;

ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.

Жеке практикамен айналысатын адамдар, ДК үшiн өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ЕТЖ мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ЕТЖ 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салықтық кезеңнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ЕТЖ мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ЕТЖ 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.

Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын кіріс алатын кіріс болып табылады.

Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ ДК кірісі болмаған жағдайда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-нің 10 пайызы есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына МЗЖ төлеуге құқылы.

ҚР Салық кодексінің 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын өз пайдасына МЗЖ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада АЕК-тің 1 еселенген мөлшерінің 30 пайызын және басқа елді мекендерде - АЕК-тің 0,5 еселенген мөлшерінің құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

 ҚР СК 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі МЗЖ үлесі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,0 пайызды;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 46,5 пайызды;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 42,0 пайызды;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайызды;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайызды;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,0 пайызды құрайды.

Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын АҚС шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын МЗЖ алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ЕТЖ 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Аудару мерзімдері

Ұсталған МЗЖ Мемлекеттік корпорацияға:

1) ДК мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында аталған тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын АҚС шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден – кірістер төленген айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрмей;

2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 5) тармақшасында аталған дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;

5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;

6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;

7) сақтандыру ұйымы – жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

8) БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.

Жауапкершілік

Жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ, МКЗЖ аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы): ескерту жасауға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, - мыналарға:

  • жеке тұлғаларға МЗЖ, МКЗЖ аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының 10 пайызы,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 пайызы,

·        орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 пайызы,

·        ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 50 пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әке соғады. (ӘҚБтК 91-бабының 6-тармағы).

 

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулының күші жойылды.


«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 жаңа қаулы.