-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- аванстық төлемдерді есептеу
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
- Әкiмшiлiк айыппұл
- әкелген күн
- Әкелу туралы өтініш
- Әкімшілік шығыстар
- Әлеуметтiк салық
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік демалыс
- әлеуметтік жәрдемақы
- әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер
- әлеуметтік төлемдер
- Әлеуметтік төлемдер
- әлеуметтік төлемдерді шегеру
- Әрекет етпейтін
- Әскери есепке алу
- өкiлдiк
- Өкілдік шығыстар
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін КТС
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есепке жатқызу әдісімен
- есепке жатқызылатын
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- жарнаманы орналастыру
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
- жылдық кіріс
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- кәсіптік жарналары
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- қарсы тексеру
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есепке қою
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС бойынша шекті кіріс
- ҚҚС ерікті түрде қою
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- ҚҚС-сыз
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосарланған салық салу
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Мобильдік қосымша негізінде АСР
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- салық салу режим
- Салық салынатын айналым
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық зерттеп-қарау
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- СТБЖ
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерім
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- Шегерімге жатқызу
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- шегерімге өтініш
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ жазып беруін бақылау
- ЭШФ ресімдеу
- ЭШФ үзіндісін салыстырмалы бақылау
- Бухгалтер сөздігі
- Б
- Бейрезиденттің кірісі
Бейрезидент – Салық кодексінің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға. (ҚР СК 225-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезиденттің кірісі
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі бейрезиденттің кірісі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезиденттің кірісі
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер бейрезиденттерге салық салуға қатысты болды.
2026 жылдан бастап ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кіріс түрлері қосылды (ҚР СК 679-бабы):
- ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуден түскен кіріс;
- дизайнерлік қызметтер;
- жарнама қызметтері;
- әлеуметтік сақтандыру қорының қызметі.
Бейрезиденттің ҚР-ғы көздерден кірісі болып табылмайтын сомалар мен төлемдерден (ҚР СК 680-бабы):
- бейрезидент заңды тұлғаның дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірісі алынып тасталды;
бірақ:
- мемлекеттік мекеменің бейрезидент-жеке тұлғалардың іс-шаралар өткізу (оның ішінде қабылдаулар, таныстырылымдар, отырыстар, конференциялар мен семинарлар) шеңберінде бюджетте (шығыстар сметасында) көзделген тұру, тамақтану, жол жүру, әуежайдың күту залдарында болуы, мәдени іс-шараларға баруы, виза рәсімдеуі және кәдесый өнімдерінің құны бойынша шығыстарына ақы төлеуі немесе оларды осындай шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бейрезидент-жеке тұлғаларға өтеуі қосылды.
Бейрезиденттердің төлем көзінен төленетін кірістері бойынша ЖТС жаңа мөлшерлемелері көзделді. Кірістердің жекелеген түрлері үшін прогрессивті салық салу шкаласы қолданылады (ҚР СК 682-бабы):
дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға капиталының кемінде 25% тікелей немесе жанама иеленетін тұлғаға төленетін дивидендтер:
- 230 000 АЕК дейін (қоса алғанда) - 5%;
- 230 000 АЕК-тен жоғары - 230 000 АЕК мөлшеріндегі кіріске салынатын салық сомасы + одан асатын сомадан 15%.
ҚР СК 693-бабының 3-тармағында көрсетілген кірістер (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірісі):
- 8 500 АЕК дейін (қоса алғанда) - 10%;
- 8 500 АЕК-тен жоғары - салық салынатын кірістен алынатын салық сомасы 8 500 АЕК + одан асатын сомадан 15%.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістерінен ЖТС есептеу мен төлеу тәртібі өзгертілді (ҚР СК 696-бабы):
Еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:
- бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті 40 АЕК мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;
- тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
- әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері алу дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы алу осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін 14 АЕК мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
2026 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері өзгертілді (270.00-нысан):
- дербес салық салуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент-жеке тұлға: есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;
- Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы (ҚР СК 697-бабы).
ҚР-ғы көздерден бейрезиденттің кірістері
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірісі болып не танылмайды
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірістері
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірістері
Бейрезиденттің ҚР-дағы көздерден түсетін кірістері ҚР СК 679-бабымен регламенттелген.
ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірістері кірістердің мынадай түрлерімен толықтырылды:
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді, басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, дизайнерлік қызметтерді, жарнама, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс.
Осы бөлімнің мақсаттарында мыналар қаржылық көрсетілетін қызметтер деп танылады...
әлеуметтік сақтандыру қорының қызметі;
....
6) осындай тауарлар берілген, қызметтер көрсетілген және жұмыстар орындалған күннен бастап он екі ай ішінде бейрезидент қанағаттанбаған, тауарларды бергені, қызметтерді көрсеткені және жұмыстарды орындағаны үшін резидентке ақы төлеу жөніндегі міндеттемелер түріндегі кірістер;
...
39) мынадай түрдегі:
өтеу мерзімі жиырма төрт айдан аспайтын қаржылай қарыз талаптарында белгіленген мерзімдерде өтелмеген немесе ішінара өтелмеген негізгі борыш мөлшерінде алынған қаржылай қарыз түріндегі (банктік қарызды қоспағанда) кірістер.
Егер қаржылай қарыздың талаптарында қаржылай қарыздың негізгі борышын өтеу графигі көзделсе, қаржылай қарыздың негізгі борышын өтеу графигіне сәйкес бейрезиденттің резидент алдында орындамаған әрбір міндеттеме кіріс деп танылады;
өтеу мерзімі жиырма төрт айдан асатын, бірақ алпыс айдан аспайтын қаржылай қарыз талаптарында белгіленген мерзімдерде өтелмеген немесе ішінара өтелмеген негізгі борыш мөлшерінде алынған қаржылай қарыз (банктік қарызды қоспағанда) түріндегі;
өтеу мерзімі алпыс айдан асатын, негізгі борыш мөлшерінде алынған қаржылай қарыз (банктік қарызды қоспағанда) түріндегі;
резидент алған және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі шетел банкіндегі шотқа есепке жатқызылған қаржылай қарызды (банктік қарызды қоспағанда) өтеу мақсатында резидент жүзеге асыратын төлемдер түріндегі;
қаржылай қарыздың талаптары бойынша мұндай қарызды өтеу Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі шетел банкіндегі шотқа жүзеге асырылатын, бейрезидентке қаржылай қарыз (банктік қарызды қоспағанда) беру мақсатында жүзеге асырылатын төлемдер түріндегі;
резидент үлестес емес бейрезидентке беретін, талаптары бойынша қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмеген қаржылай қарызды (банктік қарызды қоспағанда) беру жөніндегі төлем сомасына орташа нарықтық мөлшерлемені көбейту жолымен есептелетін сома түріндегі кірістер.
Бұл ҚР-дағы көздерден бейрезиденттің кірісі болып не танылмайды
ҚР СК 680-бабының негізінде мыналар бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып танылмайды:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірісінен есептелген және салық агенті осындай табыс салығын ұстамай өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты оларға жұмсалған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
- осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат, сондай-ақ отырғызу талоны немесе жол жүру фактісін растайтын және тасымалдаушы берген өзге де құжат болған кезде электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты) негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және кері қайту жолына нақты жүргізілген шығыстар;
- осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген, бірақ шетелде іссапарларда жүрген мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
- осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген шығыстар;
- күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
- күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орын тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмеуге тиіс;
3) бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны;
4) тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілсе, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстар ескеріле отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға шығыстар енгізілсе, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома осындай шығыстардан жеке көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады.
5) мемлекеттік мекеменің бейрезидент-жеке тұлғалардың іс-шаралар өткізу (оның ішінде қабылдаулар, таныстырылымдар, отырыстар, конференциялар мен семинарлар) шеңберінде бюджетте (шығыстар сметасында) көзделген тұру, тамақтану, жол жүру, әуежайдың күту залдарында болуы, мәдени іс-шараларға баруы, виза рәсімдеуі және кәдесый өнімдерінің құны бойынша шығыстарына ақы төлеуі немесе оларды осындай шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бейрезидент-жеке тұлғаларға өтеуі.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің табыстары
ҚР СК 696-бабына сәйкес 1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:
1) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;
2) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері:
алу
дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы
алу
дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есептеген жеке табыс салығын ең аз салық салынатын кірістің сомасынан төлеу бейрезидент-еңбекші көшіп келуші рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің болған жерінде жүргізіледі.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші кірісінің салық салынатын сомасынан салықтық кезеңдегі асып кету түрінде есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жерінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер кірістің ең аз салық салынатын сомасынан есептелген, салықтық кезең ішінде төленген жеке табыс салығының сомасы бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісінен осы есепті салықтық кезеңде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі бейрезиденттің кірісі
Тұрақты тiркелген және басқа елде жүрген шетел азаматтары мен шетел ұйымдары бейрезиденттер болып табылады.
1) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезидент болып танылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бейрезидент болып танылады.
Бейрезиденттің ҚР-дағы көздерден түсетін кірістері ҚР СК 644-бабында регламенттеледі.
Бейрезиденттің кірісі - Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістері деп кірістердің мынадай түрлері болып танылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кіріс, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кіріс;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кіріс.
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері: осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуден; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметін жүзеге асырудан түсетін кіріске қатысты қолданылмайды;
5) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның мынадай аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған; егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірі орындалған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі салық салынбаған кірістері. Авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде осы Кодекске сәйкес таратудың салықтық тексеруін жүргізу немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды беру көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің мөлшері: салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жатқан және аралық тарату балансын бекіту күніне осы баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда)
алу
аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады.
Тарату салықтық тексеруінің нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актісінде көрсетіледі. Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі;
Бұл ретте уәкілетті орган бекіткен, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілмеген мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың кірістеріне қатысты осы тармақшаның ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстар (алдын ала төлем) бойынша қолданылады;
6) мыналарды: құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті; резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;
7) талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері бейрезиденттің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
8) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;
9) бұрын негізсіз ұстап қалған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және басқа да санкция түрлері түріндегі кіріс;
10) резидент-заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған инвестициялық пай қорларынан алынатын дивидендтер түріндегі кіріс;
11) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кіріс;
12) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кіріс;
13) роялти түріндегі кіріс;
14) қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түсетін кіріс;
15) Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктен алынатын кіріс;
16) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кіріс;
17) халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс.
Осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар деп әртүрлі мемлекеттердегі, олардың біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде поштаны кез келген тасымалдау танылады. Осы бөлімнің
мақсатында мыналар халықаралық тасымалдар деп танылмайды: Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымалдау; тауарларды магистральдық құбыржолдармен тасу;
18) теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операциялары кезінде кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс;
19) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдаланудан алынатын кіріс;
20) жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасалған еңбек келісімшарты (келісімі, келісімшарты) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;
21) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
22) резидентке қатысты өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне аталған адамдар алатын өзге де төлемдер;
23) жұмыс берушілер болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылар;
24) бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірісі.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп танылады, оның ішінде: бейрезидент-жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі; бейрезидент-жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма; бейрезидент бейрезидент-жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
25) бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірісі.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар материалдық пайда деп, оның ішінде: бейрезидент-жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған ақы төлеу де және (немесе) олардың құнының өтемі; бейрезидент-жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма; бейрезидент-жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
26) резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
27) қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі;
28) ұтыс түріндегі кіріс;
29) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызметтер көрсетуден түсетін кіріс;
30) бейрезидент-жеке тұлғаның резидент-жеке тұлғадан өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс.
Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күніне мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерінде айқындалады.
Бухгалтерлік есеп деректері бойынша өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалған мүліктің құнын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, беру немесе мұраға енгізу күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша белгілеген құн негізінде; қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың көрсетілген бағалы қағазды мұраға алу (енгізу) күніне белгіленімінің құны негізінде белгіленеді.
Өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүліктің құнын осы тармақшада айқындалған тәртіппен айқындау мүмкін болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;
31) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;
32) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кіріс;
33) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;
34) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен пайда болған басқа да кірістер.
Бұл ретте осы тармақтың 3), 4), 11), 12), 13), 25) және 28) тармақшаларының ережелері:
резидент;
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, егер кірістерді есепке жазу, төлеу және (немесе) кірістерді төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу, мұндай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса;
егер бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, мұндай құрылымдық бөлімше кірістерді есепке жазған, төлеген және (немесе) кірістерді төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызған жағдайда қолданылады.