Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелері;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысымен Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары бекітілді.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:

  • өндірушілерде - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес дайын өнімнің түскені (кіріске алынғаны) ресімделген кезден;
  • импорттаушыларда - осы Қағидалардың 15, 16, 17 және 28-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарға сәйкес өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген кезден бастап туындайды.

Өнімді импорттаушылар автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларда, аралас материалдардан жасалған қаптамаларда импортталатын өнімді импорттаушыларды қоспағанда, өтінімге мынадай:

1) қаптама парағының не өнім паспортының (бар болса);
2) халықаралық тасымалды растайтын халықаралық тауар-көлік жүкқұжатын қоса алғанда, көлік жүкқұжаттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген, сондай-ақ тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына орын ауыстыруын растайтын құжаттардың;
3) шот-фактураның не инвойстың (бар болса) көшірмелерін қоса береді.

Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларда, аралас материалдардан жасалған қаптамаларда импортталатын өнімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім үшін осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (бұдан әрі – мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон) (бар болса) кәдеге жарату төлемін есептеу үшін қажетті және әкелуді растайтын қосымша құжат болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар көрсететін өтінімдегі мәліметтер олардың салықтық есептілігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.

Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығару кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларда, аралас материалдардан жасалған қаптамаларда импортталатын өнімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім үшін осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаға сәйкес ресімделген, өзіне сәйкес өнім ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған кедендік декларация кәдеге жарату төлемін есептеу үшін қажетті және әкелуді растайтын қосымша құжат болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар көрсететін өтінімдегі мәліметтер өзіне сәйкес өнім ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қойылған тіркелген кедендік декларацияда көзделген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.

Кәбілдік-өткізгіш өнімін өндірушілер (импорттаушылар) құжаттардан басқа өтінімге шот-фактураны (инвойсты) және нотариалды куәландырылған аударманы (егер шот-фактура (инвойс) толығымен шет тілінде болса), сондай-ақ кәбілдік-өткізгіш өнімнің сериялық өндірісіне: экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) төмен өрт қауіптілігі және аз түтін және газ бөлінуі); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін қалдықтар болып табылады.

Кәдеге жарату төлемін оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) енгізеді.

Кәдеге жарату төлемінің мөлшері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) негізінде есептеледі.
Кәдеге жарату төлемін өндірушілер мен импорттаушылар оператордың банктік шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төлейді. Банктік шот туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

Кәдеге жарату төлемі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оның ішінде 2016 жылғы 27 қаңтарға дейін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған өнімге қатысты төленбейді.

Темекі өнімдерін өндіруші, импорттаушы жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін темекі мен темекі бұйымдарының барлық маркаларындағы, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, тұтынудың электрондық жүйелеріндегі және олар шығаруға немесе шығаруға ниеттенген, сатылған немесе өзгеше түрде Қазақстан Республикасының аумағында таратылған сұйықтықтардың шекті рұқсат етілген құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы 1-никотин есептерін ұсынады.