Бақылау-касса машинасының чегі - сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық түрде берілген бақылау-касса машинасының бастапқы есепке алу құжаты (ҚР Салық кодексінің 165-бабының 6-тармағы)

Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:

1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.

Бақылау-касса машинасының чегі бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-бабына сәйкес БКМ бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін көрсетпегені үшін ескерту жасалады:

1) СТ атауы;

2) ЖСН;

3) БКМ зауыттық нөмірі;

4) мемлекеттік кірістер органындағы БКМ тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;

8) осы бөліктің 1) - 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелердің фискалдық белгісі не аппараттық-бағдарламалық кешендердің (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) бақылау чегінде көрінбеуі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданатын барлық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларда БКМ 2.0.2 нұсқасының жаңа хаттамасына қайта бағдарламалануы тиіс.

Сервис Учет. Онлайн касса