-
Бухгалтер сөздігі
-
А
- аванстық есеп
- аванстық төлемдер
- аванстық төлемдерді есептеу
- Азаматтығы жоқ адам
- Азаматтық
- Айлық есептік көрсеткіш
- Айлық жалақының ең төмен мөлшері
- Айлық жалақының ең төменгі мөлшері
- Айналым күні
- Айыппұл
- Айырбастау
- акциз
- Акцизделетін тауарлар
- Акциздік өнім
- АҚС
- АҚС-тан МЗЖ
- Ақша аударымы
- Ақша аударымы
- Ақша қаражаты
- Ақша қаражатының қозғалысы
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
- Ақша операциялары
- Ақшалай есеп айырысулар
- Алимент
- алты күндік
- Алып қою тізбесі
- Амортизация
- Апостиль
- Арзандатылған тауар
- арнаулы мобильді қосымша
- АСР
- АСР дегі шаруа қожалығы
- Аттестаттау
- Аудитор
- Аутсорсинг
- аутстаффинг
- Ауыр жұмыстар
- Ауысымдық жұмыс
- ауысымдық кесте
- АЭА
-
Ә
- Әкiмшiлiк айыппұл
- әкелген күн
- Әкелу туралы өтініш
- Әкімшілік шығыстар
- Әлеуметтiк салық
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік демалыс
- әлеуметтік жәрдемақы
- әлеуметтік сақтандыру
- Әлеуметтік салықтық шегерімдер
- әлеуметтік төлемдер
- Әлеуметтік төлемдер
- әлеуметтік төлемдерді шегеру
- Әрекет етпейтін
- Әскери есепке алу
- өкiлдiк
- Өкілдік шығыстар
-
Б
- Бағалы қағаз
- Бағамдық айырма
- бажсыз сауда
- Базалық салықтық шегерім
- Бақылау чегі
- Бала күтімі бойынша демалыс
- Бала күтімі бойынша төлемдер
- Бала туғанда
- Баланстан тыс шоттар
- банк үзіндісі
- Банкроттық
- Бас бухгалтер
- Бас кiтап
- бастапқы құжаттар
- бастапқы құжаттардың нысандары
- Бейрезидент
- Бейрезидент жұмыскер
- бейрезидент үшін КТС
- бейрезидент үшін ҚҚС
- Бейрезиденттің кірісі
- Бересі
- Берешекті өтеу
- Бизнесті бөлшектеу
- Бизнесті сату
- Биологиялық актив
- біліктілігі
- Бір сорттан басқа сортқа көшіру
- бірыңғай жер салығы
- бірыңғай төлем
- БКМ
- БКМ чегі
- болашақ кезеңдердің шығыстарына
- Бос тұрып қалу
- Бос уақыт
- босқын
- бөлек есепке алу
- бөлу балансында
- Бөлшек салықтың АСР
- Бөлшек сауда
- бөлшек сауда салығы
- БСК
- БСН
- БТБА
- бухгалтер
- бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп тіркелімдері
- бухгалтерлік құжаттар
- Бюджеттік сыныптама коды
-
В
-
Г
-
Д
- Дактилоскопиялық тіркеу
- Дара кәсіпкер
- Дебиторлық берешек
- Декреттік
- декреттік демалыс
- Демалыс
- Демалыс ақысын есептеу
- Демалыс бойынша резерв
- Демалыс кестесі
- демалыс күндері
- Демалыс төлемдерін есептеу
- демалыс уақыты
- демалыстан кері шақыртып алу
- демалысты ұзарту
- Деңгейлес мониторинг
- депозитарий
- Дербес деректер
- Дербес деректер
- Дивидендтер
- ДК жабу
- ДСН-код
-
Е
- ЕБМ
- Ең төмен күнкөріс деңгейі
- Ең төменгі баға
- Ең төменгі бөлшек баға
- еңбек биржасы
- Еңбек кітапшасы
- Еңбек қауiпсiздiгi
- Еңбек мобильділігі орталығы
- Еңбек нормалары
- Еңбек өтілі
- Еңбек тәртібі
- Еңбек шартын бұзу
- Еңбекақы төлеу қоры
- Еңбекке жарамсыздық парағы
- Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
- Еңбекке уақытша жарамсыздық
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- Еңбекті қорғау
- Еңбекші көшіп келушілер
- Ерікті зейнетақы жарналары
- Есеп беретін тұлғалар
- Есеп беру
- есеп құжаттамасы
- Есеп саясаты
- есепке жазу әдісі
- есепке жатқызу әдісімен
- есепке жатқызылатын
- есептілікті тоқтата тұру
- ЕТЖ
- ЕШЕБЖ
-
Ж
- жиынтық есебі
- жалақы
- Жалақысы сақталмайтын демалыс
- Жалдамалы жұмыскер
- Жалдау
- жалпыға бірдей белгіленген режим
- Жалпыға бірдей декларациялау
- Жанама әдіс
- Жанама салықтар
- Жарғылық капитал
- жарғылық капиталын ұлғайту
- Жарнама
- Жарнама қызметтері
- жарнама үшін төлем
- Жарнамалық акция
- жарнаманы орналастыру
- Жастар практикасы
- ЖБР
- Жеке іс
- Жеке карточка
- Жеке көмекші
- жеке куәлігі
- жеке практикамен айналысатын адам
- Жеке шот
- Жекеше нотариус
- жеңілдетілген режим
- жер салығы
- жерлеуге
- ЖЕШ
- ЖЖМ
- ЖЖМ есептен шығару
- ЖЖМ талоны
- ЖКД
- ЖМЗЖ
- жол жүру шығыны
- Жолдама парағы
- жоспардан тыс тексеру
- Жосықсыз өнім беруші
- ЖСН
- ЖТС
- ЖТС бойынша декларация
- ЖТС бойынша шегерім
- Жүк алушы
- Жүк жөнелтуші
- Жүк тасымалы
- жүктілікке байланысты демалыс
- Жұмыс ауысымы
- Жұмыс беруші
- Жұмыс істеген сағаттар
- жұмыс орны
- Жұмыс режимі
- Жұмыс уақыты
- Жұмыс уақытын есепке алу
- жұмыс уақытының балансы
- Жұмыскердің кірісі
- жұмыскерлерді жеткізу
- Жұмысқа келмеу
- Жұмысқа қабылдау
- Жұмыссыз
- Жұмыстан шығару
- Жұмыстың жүріп-тұру сипаты
- ЖШС
- ЖШС ашу
- ЖШС жабу
- жылдық кіріс
-
З
-
И
-
І
-
К
- Кадр құжаттары
- Кадрлық қызметкері
- Камералдық бақылау
- Кассалық аппарат
- Кассалық кiрiс ордерi
- Кассалық кiтап
- Кассалық шығыс ордері
- Кәдеге жарату алымы
- кәмелетке толмаған
- кәсiподақ
- Кәсіби бухгалтер
- Кәсіпкер
- Кәсіпкерлік
- кәсіпкерлік субъектілері
- кәсіптік жарналары
- Кәсіптік оқыту
- кәсіптік төлем
- Кедендік алымдар
- Кедендік баж
- Кедендік декларация
- Кедендік декларациялау
- Кедендік тазарту
- Кедендік төлемдер
- Кейінге қалдырылған салық
- кері импорт
- Кері экспорт
- Кесiмдi ақы төлеу
- Кету қағазы
- Кешбэк
- Кешенді тексеру
- Кірістер мен мүлік туралы декларация
- Кірістер туралы анықтама
- консалтингілік қызмет көрсету
- Консулдық алым
- Консультациялық көрсетілетін қызметтер
- Контрагент
- Контрагентті тексеру
- Корпоративтік кеш
- Корпоративтік шот
- Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі
- Көлікке салынатын салық
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер
- көп балалы ана
- Көп балалы отбасы
- көп балалы отбасы үшін шегерім
- Көрнекі жарнама
- Көшіп келуші
- Кредиторлық берешек
- Криптовалюта
- КСА
- КСМ
- КТС
- КТС бойынша шегеруге
- Навигациялық пломба
-
Қ
- Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі
- Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- Қайта тiркеу
- Қайта ұйымдастыру
- Қайырымдылық көмек
- Қандас
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық жалдау
- қарсы тексеру
- Қарыз
- Қарыз еңбегі
- Қате төлем
- қауіпсіздік техникасы
- Қашықтан аралас жұмыс істеу
- Қашықтан жұмыс істеу
- ҚҚС
- ҚҚС бойынша декларация
- ҚҚС бойынша есепке қою
- ҚҚС бойынша есептен шығару
- ҚҚС бойынша куәлік
- ҚҚС бойынша шек
- ҚҚС бойынша шекті кіріс
- ҚҚС ерікті түрде қою
- ҚҚС қайтару
- ҚҚС төлемеуші
- ҚҚС төлеушілер
- ҚҚС түзету
- ҚҚС-нан босату
- ҚҚС-сыз
- Қол қою бонусы
- қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы
- қолма-қол ақшасыз төлемдер
- Қоныс аударушы
- Қорларды босатуға арналған жүкқұжат
- қорларды есепке алу
- қоршаған ортаға жағымсыз әсері
- Қоса атқарылатын жұмыс
- қосарланған салық салу
- қосылу
- Қосымша декларация
- қосымша демалыс
- Қосымша есептілік
- қосымша келісім
- Қосымша ЭШФ
- ҚСХҚЕС
- Құжат айналымы
- құжаттарды жою
- құжаттарды сақтау
- Құжаттық тексеру
- Құн өсімінен түсетін кіріс
- құндық балансы
- Құрбан айт
- Құрылтай құжаттары
- Құрылтайшы
- құрылымдық бөлімшесі
- Қызмет түрі
- қызметін тоқтату
- Қызметкерлерді оқыту
- қызметті қайта бастау
- Қызметті тоқтата тұру
- Қызметтік жазба
- қысқартылған жұмыс уақыты
-
Л
-
М
- Майнинг
- Маркетингтік көрсетілетін қызметтер
- Материалдық жауапты тұлға
- Материалдық көмек
- материалдық тұлға
- Мәмілелер мониторингі
- МӘМС
- МӘМСА
- МӘМСЖ
- МЕА
- Медианалық жалақы
- Медицинаға арналған салықтық шегерім
- медициналық сақтандыру
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
- Мереке күні
- Мерекелер күнтізбесі
- Мерзiмi өткен төлем
- МЗЖ
- микробизнес
- Минустық ЭШФ
- МКЗЖ
- Мобильді аударымдар
- Мобильді қосымша
- Мобильдік қосымша негізінде АСР
- Монетарлық баптар
- Мөр
- Мөртабан
- мүгедек бала
- Мүгедектігі бар адам
- Мүлік салығы
- Мүліктік кіріс
- мүшелік жарналар
-
Н
-
О
-
Ө
-
П
-
Р
-
С
- Сақтандыру
- Сақтандыру төлемi
- Салық берешегі
- салық есептілігі нысандары
- Салық жеңiлдiктерi
- Салық жүктемесінің коэффициенті
- Салық режимі
- Салық салу объектісі
- салық салу режим
- Салық салынатын айналым
- Салық салынатын импорт
- Салық салынатын кіріс
- Салық тәуекелі
- салық тіркелімдерінің нысандары
- Салық төлеушіні тіркеу
- Салық төлеушінің кабинеті
- Салық төлеушінің паспорты
- Салықтарды аудару
- Салықтық база
- Салықтық есепке алу
- Салықтық есепке алу саясаты
- Салықтық есептілік
- Салықтық жүктеме
- Салықтық зерттеп-қарау
- Салықтық мөлшерлеме
- Салықтық өтініш
- Салықтық тексеру
- Салықтық тіркелім
- салықтық хабарлама
- Салықтық шегерім
- сатып алу-сату
- Сауықтыруға арналған жәрдемақы
- Сәйкестендіру құралдары
- Сәйкестендіру нөмірі
- сенiмхат
- Сенімхаттар журналы
- СНР-дегі ЖК
- СТ-1
- стандартты шегерім
- Статистикалық есептілік
- СТБЖ
- Субсидия
- сыйақы бойынша шегерім
- Сыйлық сертификаты
- Сынақ мерзімі
- Сыртқы жарнама
-
Т
- табелі
- табыс ДК
- табыс салығы
- тақырыптық тексеру
- Талап мерзiмi
- Таңбалау
- Тарату балансы
- Тарату есептілігі
- Тарифтік мөлшерлеме
- Тасымалдау құжаттары
- Тауар таңбасы
- тауар экспорты
- Тауар-көлiк жүкқұжаты
- Тауарға ілеспе құжаттар
- Тауардың бүлінуі
- тауардың қадағалануы
- Тауардың шығарылған жері туралы сертификат
- тауардың шығу тегі
- Тауарлар тiзбесi
- тауарларды әкелу
- тауарларды әкету
- Тауарларды сыныптау
- Тауарлық чек
- Тәртіптік жаза
- тәуекел дәрежесі
- Тәуекел дәрежесінің критерийлері
- Тәуекелдерді басқару жүйесі
- Тәуекелдің жоғары дәрежесі
- Тәулікақы
- Тексеру парағы
- Тендер
- ТІЖ
- ТІЖ растау
- Тікелей шығыстар
- Тіркелген активтер
- тіркелген шегерім
- тіркелген шегерімді АСР
- ТҚЖБ
- ТМҚ
- ТМҚ есептен шығару
- Толық емес жұмыс күні
- Төлем белгілеу коды
- Төлем ведомосі
- Төлем карточкасы
- Төлем көзіндегі ЖТС
- Төлем көзіндегі КТС
- Төлем көзінен кірістерге
- Төлем ордері
- Төлем тапсырмасы
- төлем терминалы
- Түгендеу
- түзетілген ЭШФ
- тұруына ықтиярхат
- Тынығу уақыты
-
У
-
Ү
-
Ұ
-
Ф
-
Х
-
Ц
-
Ш
- Шағын және орта бизнес
- Шағын сауда нүктесі
- Шартты түрде шығару
- Шегерімге жатқызу
- шегерімге жұмсалатын шығыс
- шегерімге өтініш
- Шетелдiк
- Шетелдiк iссапар
- Шетелдiк рұқсат бланкiсi
- Шетелдік жұмыс күші
- шетелдік қызметкер
- Шетелдік тауарлар
- ШОБ үшін ХҚЕС
- Шот-фактура
- Шоттар жоспары
- Шоттар корреспонденциясы
- штатты қысқарту
- Штаттық кесте
- шығу белгісі
- Шығу көзi
-
Э
- Экологиялық демалыс
- Экспедитор
- Экспедиторлық қызметтер
- Экспорттық баж
- Электрондық еңбек шарты
- электрондық құжат айналымы
- электрондық сауда
- Электрондық цифрлық қолтаңба
- электрондық шот-фактураны ресімдеу
- эмиссия үшін төлем
- ЭШФ
- ЭШФ АЖ
- ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
- ЭШФ жазып беру
- ЭШФ жазып беруін бақылау
- ЭШФ ресімдеу
- ЭШФ үзіндісін салыстырмалы бақылау
- Бухгалтер сөздігі
- С
- Салық салынатын импорт
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (Салық кодексінің 479-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда), ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады. (ҚР Салық кодексінің 451-бабы)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын импорт
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық салынатын импорт
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын импорт
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер тауарлар импортына қатысты болды.
ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады. (ҚР Салық кодексінің 447-бабының 2-тармағы)
Мыналар қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт (ҚР СК 448-бабы)
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады.
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайызды, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 пайызды құрайды және:
мыналарды:
- осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында және ҚР СК 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген тауарларды қоспағанда, дәрілік заттарды;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық бұйымдарды, жиынтықтауыш медициналық бұйымдарды, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылады.
Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (осы Кодекстің 479-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда), ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады. (ҚР СК 451-бабы)
ҚҚС-тан босатылатын тауар импорты ҚР Салық кодексінің 479-бабымен регламенттелген.
Салық салынатын импорт не болып табылады
Салық салынатын импорт болып не табылмайды
Салық салынатын импорттың мөлшері
Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
Салық салынатын импортты жасау күні
Салықтық кезең және салық декларациясы
Салық салынатын импорт не болып табылады
ҚР СК 514-бабына сәйкес мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (ҚР СК 525-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
Осы тармақшаның ережесі ҚР мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына да қатысты қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын импорт болып не табылмайды
Мыналар:
1) кейіннен ҚР аумағынан қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей әкетілетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу;
2) бұрын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.
Осы тармақтың ережелері:
1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша;
2) көрмелер мен жәрмеңкелерге тауарларды уақытша әкелу кезінде қолданылады.
Осы тармақтың ережелері ҚР СК 468-бабының 2-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.
Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша ҚР СК-де айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.
Уақытша әкелінген тауарлар әкелу күнінен бастап екі жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, мұндай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және мұндай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша ҚР СК-де айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығы салынуға жатады.
Салық салынатын импорттың мөлшері
Салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтардың және кедендік төлемдердің, арнаулы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.
Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырыла отырып қайта өңдеу өнімдерін импорттау кезінде салық салынатын импорттың мөлшері ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны ретінде айқындалады. (ҚР Салық кодексінің 466-бабы)
Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
ҚР СК 518-бабында белгіленгендей тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда тек сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциз сомалары енгізіледі.
Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күнге енгізіледі.
4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты ескеріле отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны – шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасы, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде – тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың бағасы, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарға ілеспе құжаттарда тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде тауарлардың бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген бағасы негізінде айқындалады.
5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құны негізінде айқындалады.
6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты негізінде сыйақы есепке алынбаған, ҚР СК 516-бабының 3-тармағында белгіленген күнге көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленсе, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады.
Осы ҚР СК 511-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемдерді лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі оның мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизингтік төлемдер мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
ҚР СК 511-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты ескеріле отырып, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің (сыйақы есепке алынбаған) сомасына азайтылған тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартында (келісімшартында) көзделген сыйақы көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне қосылады.
7. Салық органдары тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші уәкілетті орган айқындаған жоғарыда көрсетілген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өзі дербес түзетеді.
8. Импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық салынатын импортты жасау күні
Салық төлеуші импортталған тауарларды (оның ішінде оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
Мыналар:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн мыналар болып табылады:
- тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
- тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады.
- тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірінші өткізу пунктіне (станциясына) әкелген күн;
- тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктіне әкелген күн;
- тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн.
Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
ХҚЕС және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды бухгалтерлік есепке алуда тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Осы тармақтың екінші – жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есепке алуды жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не сатып алуды) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте тауарлардың жеткізілгенін растайтын құжаттар болған кезде тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн деп танылады.
3. Сыйақы есепке алынбаған, лизинг шартында көзделген (төлемнің іс жүзіндегі мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу күні лизинг алушыға осы тауарларға (лизинг нысаналарына) меншік құқығының өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген кезде салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бірінші күні болып табылады.
Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.
Осы Кодекстің 511-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
Импорт кезіндегі ҚҚС
Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы.).
ҚҚС-нан босатылатын тауарлар импортының тізбесінен мыналар алып тасталды:
Кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық бұйымдар:
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген.
Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар;
Инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар (инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда);
ҚҚС-нан босатылатын тауарлар импортының тізбесіне мыналар қосылды:
дамуға ресми көмек
бағдарламасы шеңберінде дамуға ресми көмек саласындағы оператор әкелген
тауарлар;
гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін,
акцизделетіндерді қоспағанда, тауарлар;
мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарлар;
мемлекеттер желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар;
қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шеңберінде технологиялық жабдық, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектері;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде дәрілік заттар;
әуе тасымалын жасау кезінде әуе кемесі пайдаланатын жанар-жағармай материалдары. (ҚР СК 479-бабыб)
Салықтық кезең және салық декларациясы
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салықтық кезең болып табылады.
ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00 тоқсанына бір рет) әрбір салықтық кезең үшін тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кейін және есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті (ҚР СК 505-бабы)
ҚР СК 530-бабына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тауарларды, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті СЕН 328.00, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.
Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.
Импортталған тауарлардың бағасы ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша ҚҚС шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді. (ҚР СК 530-бабының 5-тармағы)
ҚҚС бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;
3) ҚҚС бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – қосылған құн салығын төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық салынатын импорт
Салық салынатын импорт - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (Салық кодексінің 399-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда), Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар. (Салық кодексінің 371-бабы)
Тауарлар импорты - бұл Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу. (Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 64-тармақшасы)
ЕАЭО-да салық салынатын импорт не болып табылады
Салық салынатын импортты жасау күні
Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері
Импорт кезіндегі салық және статистикалық есептілік
ЕАЭО-да салық салынатын импорт не болып табылады
ҚР СК 385-бабының негізінде - салық салынатын импорттың мөлшеріне Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа арналған қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төлеуге жататын салықтардың және кедендік төлемдердің, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомалары енгізіледі.
Салық кодексінің 440-бабына сәйкес ЕАЭО-да:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (Салық кодексінің 451-бабы 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда).
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын импортты жасау күні
Салық кодексінің 442-бабында көрсетілгендей, салық төлеуші импортталған тауарларды (оның ішінде оларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.
Мыналар:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай тауарларды бухгалтерлік есепте тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;
2) мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады:
- тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
- тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп белгілейді. Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бiрiншi өткiзу пунктiне (станциясына) әкелген күн;
тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн;
тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдау күні болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды бухгалтерлік есепте тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері
Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.
Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылады.
Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомасы енгiзiледi.
Импорт кезіндегі ҚҚС
Салық салынатын импорт - бұл ЕАЭО немесе ҚР кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын импорт. Тауарды импорттау кезінде ҚҚС төлеушілер мен ҚҚС төлемеушілер төлейді.
Қосылған құн салығынан босатылатын тауар импорты ҚР Салық кодексінің 399-бабымен регламенттелген.
ҚР СК 422-бабына сәйкес, егер ҚР аумағына импорт ЕАЭО елдерінің аумағынан жасалса, онда оған 12% мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынады.
ҚР СК 451-бабына сәйкес ҚҚС босатылған тауарларды қоспағанда, тауарды импорттау кезінде ҚҚС төлеушілер мен төлемеушілер ҚҚС төлейді.
ҚҚС төлеу - есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін, бірақ импорттаушының тіркелген орны бойынша импорт бойынша салық есептілігін тапсырғанға дейін.
Егер тауарды сатып алу-сату ҚР шегінен тыс жүргізілсе, онда осы операциялар импорт деп танылмайды және импортқа ҚҚС төлеу және есептілікті тапсыру бойынша міндеттер туындамайды. Тауар емес, қызмет көрсету импорты кезінде ҚҚС бойынша есепте тұрған салық төлеушілер осы қызметтерді өткізу орны ҚР аумағы болған жағдайда ғана ҚҚС төлейді.
Импорт кезіндегі салық және статистикалық есептілік
ҚР Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағының негізінде - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына салық есептілігін тапсыруы тиіс: Тауарды әкелу туралы өтініш СЕН 328.00.
Тапсыру мерзімі - салық кезеңінен (айдан) кейінгі айдың 20-на дейін.
Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті ғана - СЕН 328.00 ұсынады, бұл ретте осы өтініш салық декларациясы болып табылады.
Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде ҚҚС есепке жатқызу 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш негізінде (осы өтініш салық декларациясы болып табылады), қағаз тасығышта және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жүргізіледі (ҚР СК 456-бабының 2-тармағы).
ЕАЭО-дан тауар импорты кезінде 1-ТС нысаны бойынша «Өзара сауда туралы есеп» статистикалық есептілігін тапсыру қажет.
Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 20-шы күнге дейін. Бұл нысанды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ДК, жеке тұлғалар тапсырады. Есеп қандай валютада жасалғанына қарамастан теңгемен толтырылады.
Импорт кезінде ЭШФ жазып беру
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап импортталған тауарды сату кезінде барлық ДК мен ЖШС ЭШФ жазып беруге міндетті.
Шот-фактураларды жазып беру мерзімі 15 күнтізбелік күн. Импорттаушылар ЭШФ-ны салық кезеңінен кейінгі айдың 20-на дейін жазып бере алады (ҚР СК 413-бабының 1-тармағы).
Импорттаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура электронды нысанда салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жазып беріледі.ҚР СК 453-бабының 6-тармағы.
Импорт кезінде ТІЖ жазып беру
Салық кодексінің 176-бабының тармағына сәйкес ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
- ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды алып өту, өткізу басталғаннан кешіктірілмей;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін.
«Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ Тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығының негізінде: Міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша.
Өткiзу кезiнде - ТІЖ сатушы (жеткiзушi) ресiмдейдi, ал тауарларды әкелу (импорт) кезiнде ТІЖ импорттаушы (тауарды алушы) жазып бередi және мұндай ТІЖ-дан тауарлар алушының Виртуалды қоймасына түседi.
ТІЖ Виртуалды қойма арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазып беріледі және ЭЦҚ-мен қол қойылады.