ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 77-тармағына сәйкес - зейнетақы төлемдері:

  • жасына байланысты зейнетақы төлемі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
  • еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі – әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға осы Кодекске сәйкес төленетін ақша төлемі;
  • бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемі – өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
  • сақтандыру ұйымынан төленетін зейнетақы төлемі – зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жеке тұлғаларға сақтандыру ұйымынан төленетін ақша төлемі;
  • ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемі – өздері үшін ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;

2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі зейнетақы төлемдері

2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі зейнетақы төлемдері

2023 жылғы 1 шілдеден кейінгі зейнетақы төлемдері

Зейнетақымен қамсыздандыруға кімнің құқығы бар

Азаматтардың қандай санаттары зейнетақы төлемдерін алуға құқылы

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға кімнің құқығы бар

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау


Зейнетақымен қамсыздандыруға кімнің құқығы бар

ҚР Әлеуметтік кодексінің 196-бабына сәйкес - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;

5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;

6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.

Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.

Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің осы Кодексте көзделген шектеулер ескеріле отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.

Азаматтардың қандай санаттары зейнетақы төлемдерін алуға құқылы

Зейнетақы төлемдерін алушы - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке тұлға;

Зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатындарға;

2) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда төленеді.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

ҚР Әлеуметтік кодексінің 202-бабында көрсетілгендей - Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға жүргізіледі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға кімнің құқығы бар

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

ҚР Әлеуметтік кодексі 205-бабына сәйкес - Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:

1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттілігі тоқтатылған, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте еңбек сіңірген жылдары кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарды, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған адамдарға беріледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабының негізінде - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

  • 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
  • 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
  • 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Төтенше және ең жоғары радиациялық қатері бар аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1) ерлер - 50 жасқа толғанда;

2) әйелдер - 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.

Әлеуметтік кодекстің 210-бабының 4-тармағының негізінде жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1 - 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғаннан кейін азаматтардың мынадай санаттарына:

1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;

2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.

2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі зейнетақы төлемдері

Зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке тұлға;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 11-баптың 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

Зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына жүзеге асырылады:

1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатындарға;

2) осы Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;

3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленеді.

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

3. Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

  • 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1) ерлер - 50 жасқа толғанда;

2) әйелдер - 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғаннан кейін азаматтардың мынадай санаттарына:

1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;

2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.

5. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1-3-тармақтарында аталған азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.

6. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.

7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңі

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.