Сәйкестендіру нөмірлері туралы заңның 1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес - жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

ҚР аумағында барлық жерде жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алу, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу, азаматтық мәмілелер бойынша түрлі тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) қолданылады.

Бұл ретте сәйкестендіру нөмірлерін қамтитын құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптар ҚР азаматтарына ғана емес, сондай-ақ тұрақты тұратын және тұруға ықтиярхаты (ТЫХ) бар немесе уақытша болатын, оның ішінде Қазақстан аумағында уақытша тұруға рұқсаты (УТР) бар, резидент және бейрезидент деп танылатын шетелдіктерге де қолданылады.

ЖСН Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде шетелдіктердің белгілі бір санаттарын қоса алғанда, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты мәліметтерді сақтау үшін қажет. Қазақстандағы ЖСН бұл Ресейлік ЖСН немесе Беларусь Республикасындағы ТЕН ұқсасы.

Сәйкестендiру нөмiрлерi туралы Заңның 1-бабы 1-тармағының 7) және 10) тармақшаларына сәйкес сәйкестендiру нөмiрi бар құжат - тiркеушi орган беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң болуын растайтын құжат.

Сәйкестендіру нөмірін (СН) қолдану

Осы Заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес сәйкестендіру нөмірі, оның ішінде:

  1. азаматтық хал актілерін тіркеу (мысалы, неке қию кезінде);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттарды беру (оның ішінде ТЫХ-жеке куәлікті ресімдеу және алу кезінде);
  3. жылжымайтын, жылжымалы мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілген өзге де объектілерді; (шетелдіктер сыйға және (немесе) мұра ретінде алған жылжымайтын мүлікті (пәтерлерді, үйлерді, жерді алған жағдайда) немесе оларды сатып алған кезде (тек ҚР-да тұрғылықты жері бар шетелдіктер ғана), сондай-ақ автокөлік құралдарын және т.б. мемлекеттік тіркеу;
  4. төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау кезінде (ҚР-да еңбек шарты және АҚС шарты бойынша қызметтен табыс алған жағдайда), шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда (Қазақстанда 30 күнге дейінгі мерзімге уақытша (тіркеусіз) (немесе) ҚР-да тіркелген (шетелдіктер Қазақстанда 30 күннен асатын, бірақ 90 күннен аспайтын мерзімге болған жағдайда);
  5. шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргізу (мысалы, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары бойынша инфляциялық төлемдер (индекстеу) алу үшін);
  6. рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (рұқсатты, хабарламаны, лицензияны) беру;
  7. тіркеу сипатындағы құжаттарды (УТР-ды қоса алғанда, тіркеу куәліктерін) беру кезінде қолданылады;

Уәкілетті орган:

1) тiркеушi органдар өтiнiш берген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды;

2) тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат берудi жүзеге асыруға мiндеттi.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ИИН) бар құжаттар:

1) туу туралы куәлік;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4-1) кандас
куәлігі;
5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
8) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі;
9) жол жүру құжаты
болып табылады.

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қалыптастыру:

1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бірінші рет:

  • туу туралы куәлікті;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезінде;

      2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:

  • тіркеу куәлігін;
  • Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  • азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;
  • 2-1) этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады;

Бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу жағдайларынан басқа, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қайтадан және одан кейiн беру кезінде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру жүргізілмейді.

Қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлғаны ДК ретінде тіркеу жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі.

Қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын ДК ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде жаңа жеке сәйкестендіру нөмірін беру жүргізілмейді.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – 12 цифрдан тұратын бірегей комбинация болып табылады, жеке тұлға үшін құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркеу кезінде жинақталады.

ЖСН қалыптастыру бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптасқан сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта генерациялауға жатпайды.
ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет жағында, 12 цифрдан тұратын комбинация түрінде туған күнінен төмен орналасқан. Қазақстан Республикасы азаматының паспортында ЖСН 2-
ші бетінде көрсетілген.