Жарналар (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар) - бұл МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша. (ҚР Әлеуметтік кодексінің 1-бабы)

МӘМСЖ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

МӘМСЖ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін

МӘМСЖ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енуіне байланысты ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті медициналық жарналарды (МӘМС және МӘМСЖ) есептеу ережелері өзгереді:

  • МӘМСА аударымдары есептелетін шекті кіріс 40 АЕК-ке дейін арттырылды; (МӘМС туралы Заңның 27-бабының 2-2-тармағы)
  • МӘМСЖ жарналарын есептеу үшін шек 20 АЕК деңгейінде белгіленді. (МӘМС туралы Заңның 28-бабының 5-2-тармағы)

Медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет жүргiзетiн азаматтар санатынан жұмыссыз ретiнде тiркелген адамдар шығарылды.

Жарналарды төлеушілерге өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қосылды.

 МӘМС жарналары

 Жарналарды төлеуші кім болып табылады

 МӘМСЖ төлеуден кім босатылды

  МӘМСЖ есептеу мерзімдері

 Аударуға арналған деректемелер


МӘМС жарналары

МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес Қорға төленуге тиіс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттің жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызын;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызын;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
  • 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
  • 2033 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
  • 2035 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
  • 2037 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.

Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.";

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Қор растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қордың ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мәртебесін мемлекет жарналары төленгенге дейін бір айға береді.

МӘМС туралы Заңның 28-бабының негізінде сәйкес жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.

1-1. МӘМС туралы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайызы;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген адамдардың жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады.

Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.

Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген адамдардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген және олар қолданылатын режим шеңберінде қызметті жүзеге асырған айда алған табыстары олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

5-1. МӘМС Заңының 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге жататын жұмыскерлердің жарналарын есептеу объектісі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есептеген жұмыскердің кірісі болып табылады.

5-2. Жарналарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.

Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.

Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Жарналарды төлеуші кім болып табылады

Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:

1) мемлекет;

2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

2-1) арнайы салық режимдерін қолданатын және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар.

Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;

3-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

9) мыналарды:

  • осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – дербес төлеушілер);

11) жеке көмекшілер.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.

МӘМСЖ төлеуден кім босатылды

 Қорға:

1) МӘМС туралы Заңның 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;

2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;

3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

5) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жарналар төлеуден босатылады.

МӘМС туралы Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мынадай адамдар:

1) балалар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар;

6-1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға жұмыс істемейтін мемлекеттік жәрдемақы алушылар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

10) жұмыс істемейтін қандастар;

11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектігі бар адамдар;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында  білім алып жатқан адамдар;

15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

Кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.

МӘМСЖ есептеу мерзімдері

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. (МӘМС туралы Заңның 30-бабы)

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер аударымдар мен жарналарды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып жалпы сомамен төлейді. (ҚР СК 823-бабының 5-тармағы).

2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.

3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.

3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.

3-3. Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың жарналарын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабында және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

6) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.

Аударуға арналған деректемелер

МӘМСА және МӘМСЖ аударуға арналған деректемелер:

• KZ92009MEDS368609103

• 160440007161

• GCVPKZ2A  


Төлем белгілеу кодтары (ТБК):

ТБК

Төлемнің мақсаты

121

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

122

Қоса беріліп отырған тізімге сәйкес МӘМС-ке жарналар. (МӘМСЖ)

124

МӘМС және МӘМСЖ уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл


МӘМСЖ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 

МӘМС жарналары (МӘМСЖ) - жеке тұлғаның кірісінен ұсталатын сома, ол оның атынан медициналық сақтандыру жүйесіне міндетті төлем ретінде аударылады. Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу 2020 жылдан бастап енгізілді, төлемдер ҚР барлық азаматтары үшін жүргізіледі.

МӘМС жарналары

МӘМС-ке аударымдар

МӘМСЖ төлеуден кім босатылды

Қандай төлемдерден МӘМСЖ ұсталмайды

МӘМСЖ есептеу мерзімдері

Аударуға арналған деректемелер

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

МӘМС жарналары

Қорға төленуге тиіс МӘМС-ке мемлекеттің жарналары:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызын;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекет жарналарын есептеу объектісінің кемінде 2, бірақ 3 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшерi жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленедi.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚРЗ 28-бабына сәйкес:

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.

1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайызы;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленеді.

Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5% -ы мөлшерінде белгіленеді.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

МӘМС-ке аударымдар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:

  • 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:

  • 2023 жылғы 1 қаңтарда – 15,0 пайыз;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда - 13,95 пайыз; («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VІIІ Қазақстан Республикасының Заңымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңның 27-бабының 1-1-тармағының үшінші абзацына өзгерістер енгізілді)
  • 2025 жылғы 1 қаңтарда - 12,6 пайыз;
  • 2026 жылғы 1 қаңтарда - 12,1 пайыз;
  • 2027 жылғы 1 қаңтарда - 11,6 пайыз;
  • 2028 жылғы 1 қаңтарда - 11,4 пайыз.

Жұмыс берушінің жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген табыстар түрінде төленетін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Бұл ретте бірыңғай төлемнен аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

2023 жылғы 19 ақпаннан бастап МӘМС-ке аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне бірыңғай төлем бойынша (2023 жылғы 1 ақпандағы № 21 бұйрық) енгізілген толықтырулар қолданысқа енгізілді (2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрық).

МӘМСЖ төлеуден кім босатылды

Қорға жарна (МӘМСЖ) төлеуден:

• әскери қызметшілер;
• арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
• құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

• мемлекет төлейтіндер:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

11) жұмыс істемейтін қандастар;

12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

13) мүгедектігі бар адамдар;

14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар босатылады.

Қандай төлемдерден МӘМСЖ ұсталмайды

Қорға жарналар (МӘМСЖ) мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:

1) ҚР СК 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістерден:

  • жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін, жүріп-тұру сипатындағы өтемақылар;
  • қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
  • жұмыскерді басқа жерге жұмысқа ауыстыру не басқа жерге көшу кезіндегі шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу;
  • жұмыскерлердің далалық жабдықталымы;
  • жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарды қамтамасыз етуге арналған шығыстары;
  • жұмыс берушінің жұмыскерлерді олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жеткізуге байланысты шығыстары;
  • берілген арнайы киімнің құны;
  • өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін жіберілген БЖЗҚ салымшыларының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарының сомасы;
  • бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МКЗЖ, ЖМЗЖ;
  • жеке тұлғаның МӘМС жүйесінде оған медициналық көмек көрсету кезінде алған табысы;
  • жұмыс берушінің жұмыскерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге арналған шығыстары;
  • дербес білім беру ұйымынан бейрезидент жеке тұлғаның тұруына, медициналық сақтандырылуына, жол жүруіне арналған шығыстар;
  • бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) ҚР СК 341-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, ҚР СК 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістерден:

  • балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
  • жеке тұлғаларға олардың банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақылар;
  • 6 АЕК шегіндегі бір лотерея бойынша ұтыс;
  • күнтізбелік жыл ішінде салық агенті жүргізген төлемдердің әрбір түрі бойынша 94 АЕК шегіндегі төлемдер:

- жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға төленген нақты шығыстарын, немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшiн;

- жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;

- қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.

  • жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
  •  оқуға арналған шығыстар;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
  • стипендиялар;
  • қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;
  • сақтандыру жағдайына байланысты сақтандыру төлемдері;
  • он алты жасқа толмаған балаларға арналған балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

3) ҚР СК 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістерден:

  • дербес білім беру ұйымы бейрезидент жеке тұлға алған тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жерінен ҚР-да қызметтерін жүзеге асыратын жерге дейін және кері қарай әуе көлігімен жол жүруге арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде іс жүзінде жүргізген материалдық пайда.

4) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

5) жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметтері тоқтатылған не жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, жұмыскерлер саны немесе штаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлемдері.

МӘМСЖ есептеу мерзімдері

Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің МӘМС аударымдарын және (немесе) МӘМС жарналарын (МӘМСЖ) есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

ДК, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын қорға төлеу кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. (МӘМС туралы Заңның 30-бабы).

МӘМС есептелген (ұсталған) аударымдары және (немесе) МӘМС жарналары (МӘМСЖ) кейіннен Мемлекеттік корпорация қордың шотына аудару үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады (МӘМС туралы Заңның 30-бабы).

МӘМС аударымдарының және (немесе) МӘМС жарналарының
(МӘМСЖ) уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші әрбір кешіктірілген күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен қордың шотына аударуға тиіс. (МӘМС туралы Заңның 31-бабы).

Аударуға арналған деректемелер

МӘМС-ке жарналарды (МӘМСЖ) аударуға арналған деректемелер:
• KZ92009MEDS368609103
• 160440007161
• GCVPKZ2A

МӘМСА үшін ТБК - 121
МӘМСЖ үшін ТБК - 122

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап МӘМС-тегі сақтандыру бойынша өзгерістер күшіне енді

2022 жылғы 4 шілдедегі № 134-VІI Заңмен еріктілер қызметі, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлеуге міндетті".

Бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылды:

"3-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген, қорға жарналар төлемеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға мынадай тәсілдердің бірімен:

1) төлем күнінен кейінгі он екі ай кезең үшін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде, әрбір ай үшін;

2) төленбеген кезең үшін, бірақ төлем күнінің алдындағы он екі айдан асырмай, республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін жарналар төлейді".

Осылайша, сақтандырылған адам мәртебесін алу үшін:

  1. Өткен 12 айдың өткiзiп алған кезеңдерiн төлеу және мәртебесiн жоғалтпау үшiн жарналарды одан әрi тұрақты төлеудi жалғастыруға болады. Бұл тәсіл қарызы бар, ал қазіргі уақытта ресми түрде жұмысқа орналасқандар үшін ыңғайлы, енді ол үшін жарналар түсуде;
  2. Ағымдағы айды қоспағанда, алдағы 12 айға жарна төлеуге болады және жыл бойы сақтандырылуға тиіс. Мәртебе келесі айдан бастап пайда болады. Егер мәртебені ағымдағы айда алу қажет болса, онда ол үшін де төлем жасау қажет.

Жарналарды екінші деңгейлі банктер, банктердің мобильді қосымшалары, «Қазпошта» және төлем терминалдары арқылы дербес төлеуші ретінде әр ай үшін жеке төлеу керек. Барлық төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2-3 күн ішінде өңдейді, содан кейін мәртебе беріледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару мерзімдерінің қағидалары және Аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) есептелген аударымдар, жарналар және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары".