Шоттар жоспары - бухгалтерлік есепте пайдаланылатын баланстық шоттардың жүйеленген тізбесі.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес - Операциялар мен оқиғалар ұйымдардың уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сай келетiн бухгалтерлiк есеп шоттары жоспарының негiзiнде синтетикалық шоттарда екi рет жазу тәсiлiмен көрсетiледi.

Бухгалтерлік есептің Үлгілік шот жоспарының жоспарының негізінде - Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін құндық көріністе топтастыруға және ағымдағы көрсетуге арналған.

Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділікті азайту тәртібінде орналастырылған.

Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады.

·        нөмірдің бірінші саны бөлімдерге жататынын көрсетеді,

·        екіншісі - бөлімшелерге тиесілігін көрсетеді,

·        үшіншісі - синтетикалық шоттар топтарына тиесілігін көрсетеді,

·        төртінші сан - ұйым дербес анықтайды.

Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес дара кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып, ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады.

Үлгі жоспардың бөлімдері

1-бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;

1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұйымның қысқа мерзімді ретінде жіктелетін активтерін есепке алуға арналған.

2-бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»;

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұйымның ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін активтерін есепке алуға арналған.

3-бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;

3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұйымның қысқа мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.

4-бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;

4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұйымның ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.

5-бөлім - «Капитал және резервтер»;

5 «Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.

6-бөлім - «Кірістер»;

6 «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.

7-бөлім - «Шығыстар»;

7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.

8-бөлім - «Өндірістік есепке алу шоттары».

8 «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымның өнім өндіруге және қызмет көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында шығындарды олардың пайда болу орындары және басқа белгілері бойынша топтастыру, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады