Деңгейлес мониторинг - бұл уәкiлеттi орган мен салық төлеушi арасында ақпарат пен құжаттама алмасу.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап деңгейлес мониторинг

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі деңгейлес мониторинг


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап деңгейлес мониторинг

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер деңгейлес мониторингке қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап деңгейлес мониторинг шеңберінде уәкілетті орган мен салық төлеуші арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл деректер сөресін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Деректер сөресі:

  • ақпаратпен және құжаттармен алмасуға,
  • ақпаратты және салық, бухгалтерлік және өзге де есепке алу түрлерінің құжаттарын, бастапқы құжаттарды орналастыру арқылы салық есептілігінің деректерін ашуға,
  • салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша деңгейлес мониторингке қатысушының есептеріне арналған.

Деңгейлес мониторингті жүргізу барысында уәкілетті орган мен деңгейлес мониторингке қатысушы арасында туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында уәкілетті орган Консультативтік кеңес құрады.

Консультативтік кеңес:

  1. хаттамада көрсетілген деңгейлес мониторингке қатысушымен келіспеушіліктер;
  2. деңгейлес мониторинг туралы келісімді бұзу мәселелерін қарайды.

Мәселелерді қараудың қорытындысы бойынша Консультативтік кеңес уәжді шешім шығарады. 

Консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте Консультативтік кеңестің құрамына уәкілетті органның және деңгейлес мониторингке қатысушының өкілдері кіреді
.

Деңгейлес мониторинг

Деректер сөресі

Деңгейлес мониторинг қандай салықтар мен төлемдерді қамтиды

Деңгейлес мониторингке қатысу

Деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібі

Консультативтік кеңес

Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдар


Деңгейлес мониторинг

ҚР СК 146-бабына сәйкес Деңгейлес мониторинг – уәкілетті органның деңгейлес мониторингке қатысушымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы арқылы жүзеге асырылатын салықтық мониторинг түрі, ол:

1) өзара сенімге негізделеді;

2) салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталады;

3) деңгейлес мониторингке қатысушының қызметін оның кәсіпкерлік қызметіне араласпай зерделеу мен талдаудан және деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша мынадай:

  • салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөнінде ұсыным (бұдан әрі – салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыным);
  • салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыным (бұдан әрі – салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыным) беруден тұрады;

4) деңгейлес мониторингке қатысушының алдын ала түсіндірмелер алуына мүмкіндік береді.

Деректер сөресі

Ақпараттық өзара іс-қимыл деректер сөресін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Деректер сөресі – деңгейлес мониторинг шеңберінде уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе. (ҚР СК 146-бабы.).

Деректер сөресі:

  • ақпаратпен және құжаттармен алмасуға,
  • ақпаратты және салық, бухгалтерлік және өзге де есепке алу түрлерінің құжаттарын, бастапқы құжаттарды орналастыру арқылы салық есептілігінің деректерін ашуғв,
  • салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша деңгейлес мониторингке қатысушының есептеріне арналған.

Деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі салықтық міндеттеменің дұрыс есептелуіне қол жеткізу мақсатында салықтық, бухгалтерлік, өндірістік есепке алудың және өзге де есепке алу түрлерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін салық төлеуші өзінің бизнес-процестерінде қолданатын қағидалардың, саясат пен ұйымдастыру шараларының жиынтығын қамтиды.

Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

Ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі деңгейлес мониторинг туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде белгіленеді.

Ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінде уәкілетті органға бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуларды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға қашықтан қолжетімділік беру тәртібі мен мерзімдері де айқындалады.

Деңгейлес мониторинг қандай салықтар мен төлемдерді қамтиды

Деңгейлес мониторингке қатысушы мынадай салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер:

1) корпоративтік табыс салығы;

2) қосылған құн салығы;

3) жеке табыс салығы;

4) әлеуметтік салық;

5) мүлік салығы;

6) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары;

7) акциз бойынша ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің көрсетілген тізбесі түбегейлі болмайды және деңгейлес мониторинг туралы келісімде кеңейтілуі мүмкін.

Ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылмайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Деңгейлес мониторингке қатысу

Деңгейлес мониторингке қатысу ерікті болып табылады.

ҚР СК 147-бабына сәйкес салық төлеушіні деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін салық төлеуші деңгейлес мониторингке қатыса алады.

Деңгейлес мониторинг туралы келісімге және ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне қол қойылғаннан кейін деңгейлес мониторингке қатысу жүзеге асырылады.

Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің, ақпараттық өзара іс-қимыл регламентінің нысаны, салық төлеушіні деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілер санатына жатқызу өлшемшарттары уәкілетті орган бекітетін деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларында белгіленеді.

2. Салық төлеуші деңгейлес мониторингке қатысу үшін уәкілетті органға:

  • салық төлеушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты,
  • салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі туралы ақпаратты,
  • деректер сөресі туралы ақпаратты,
  • салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсету және олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысы сипаттамасын қоса бере отырып, деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті ұсынады.

    Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініштің нысаны, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішке қосымшалардың нысандары, оларды беру мерзімдері мен қарау тәртібі уәкілетті орган бекітетін деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті беру және қарау қағидаларында белгіленеді.

   Деңгейлес мониторинг туралы келісімге қол қойылғаннан кейін салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсету және олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысы сипаттамасына өзгерістер мен толықтырулар ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен енгізіледі.

    Салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

Деңгейлес мониторинг туралы келісім оны ұзарту және (немесе) бұзу мүмкіндігімен кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

Деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібі

1. Деңгейлес мониторингті жүзеге асыру деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан басталады.

Деңгейлес мониторинг жүргізілетін күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, мониторингтің есепті кезеңінде деңгейлес мониторинг көрсетілген кезең ішінде де, ол аяқталғаннан кейін де жүргізіледі, бірақ ол мониторингтің тиісті есепті кезеңі аяқталған жылдан кейінгі екінші жылдың 30 маусымынан кешіктірілмеуге тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған соң мониторингтің есепті кезеңіне қатысты деңгейлес мониторинг тоқтатылады.

Деңгейлес мониторинг жүргізуді тоқтатқанға дейін үш айдан аз уақытта деңгейлес мониторингтің есепті кезеңіне кіретін салықтық кезеңдер үшін деңгейлес мониторингке қатысушы қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, деңгейлес мониторинг ұзартылады, бірақ ол күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.

3. Уәкілетті орган:

1) деңгейлес мониторингке қатысушы мониторингтің көрсетілген есепті кезеңіне кіретін салықтық кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілік ұсынған;

2) деңгейлес мониторингті жүргізу кезеңінде уәкілетті орган жіберген сұрау салуларға жауаптар алынған;

3) құжаттамамен расталған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын болжамды бұзушылықтарды көрсететін деңгейлес мониторингке қатысушының қызметі туралы мәліметтерді алған кезде деңгейлес мониторингті жүргізу тоқтатылған мониторингтің есепті кезеңінде күнтізбелік жүз жиырма күннен аспайтын мерзімге деңгейлес мониторинг жүргізуді қайта бастауға құқылы.

Деңгейлес мониторинг осы тармақта көзделген құжаттар мен мәліметтерде көрсетілген мәселелер шеңберінде жаңартылады.

4. Деңгейлес мониторингті уәкілетті орган:

1) деректер сөресінде орналастырылған ақпараттар мен құжаттарды, салықтық, бухгалтерлік есепке алуды және өзге де есепке алу түрлерін, бастапқы құжаттарды талдау;

2) мониторингтің есепті кезеңінде салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша деңгейлес мониторингке қатысушының есептері;

3) салық органдарында бар деңгейлес мониторингке қатысушының қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтер негізінде жүргізеді.

Уәкілетті орган мониторингтің есепті кезеңінде салықтық есепке алудың дұрыстығын анықтау және салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында, талдау үшін қажет етілетін қосымша ақпарат пен құжаттарды сұратуға құқылы.

Консультативтік кеңес

Деңгейлес мониторингті жүргізу барысында уәкілетті орган мен деңгейлес мониторингке қатысушы арасында туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында уәкілетті орган Консультативтік кеңес құрады.

Консультативтік кеңес:

1) хаттамада көрсетілген деңгейлес мониторингке қатысушымен келіспеушіліктер;

2) деңгейлес мониторинг туралы келісімді бұзу мәселелерін қарайды.

Мәселелерді қараудың қорытындысы бойынша Консультативтік кеңес уәжді шешім шығарады.

Консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте Консультативтік кеңестің құрамына уәкілетті органның және деңгейлес мониторингке қатысушының өкілдері кіреді.

Деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдар

1. Уәкілетті орган деңгейлес мониторингті жүргізу барысында:

  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылуы анықталған кезде деңгейлес мониторингке қатысушыға өз бетінше жою үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу фактісін куәландыратын негіздемелер мен дәлелдерді сипаттай отырып, салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсынымды жібереді;
  • деңгейлес мониторингке қатысушыға салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыным беруге құқылы.

2. Деңгейлес мониторингке қатысушы салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыным және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыным табыс етілген күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде:

1) салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыныммен келіскен жағдайда, бұзушылықтар анықталған салықтық кезеңге қосымша салықтық есептілік ұсынады және бұл туралы уәкілетті органға хабар береді;

2) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныммен келіскен жағдайда, оны іске асыру мерзімдері көрсетілген хатты ұсынады;

3) салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсыныммен және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныммен келіспеген жағдайда, түсінік береді.

3. Уәкілетті орган салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі ұсынымға және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымға деңгейлес мониторингке қатысушының түсінігін алған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде:

1) ұсынылған түсінікпен келіскен жағдайда – деңгейлес мониторингке қатысушыға түсінікпен келісетіні туралы хабархат ұсынады;

2) ұсынылған түсінікпен келіспеген жағдайда, деңгейлес мониторингке қатысушымен қосымша талқылау жүргізеді.

Егер қосымша талқылау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер жойылмаса, уәкілетті орган деңгейлес мониторингке қатысушымен келіспеушіліктер хаттамасын жасайды.

4. Консультативтік кеңес келіспеушіліктер хаттамасында көрсетілген мәселелерді қарау қорытындылары бойынша деңгейлес мониторинг бойынша мынадай:

1) салықтық міндеттемені орындау мәселелері және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымдарды өзгеріссіз қалдыру туралы;

2) салықтық міндеттемені орындау мәселелері және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымдардың күшін толық немесе бір бөлігінде жою туралы уәжді шешімдердің (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – уәжді шешім) бірін қабылдайды.

Уәжді шешім деңгейлес мониторингке қатысушыға осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде табыс етіледі.

5. Деңгейлес мониторингке қатысушы:

1) уәжді шешіммен келіспеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті органға осындай шешім табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде хабарлайды;

2) мынадай:

салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі уәжді шешіммен келіскен жағдайда, осындай шешім табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде мұндай шешімді орындайды;

салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі уәжді шешіммен келіскен жағдайда, іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, осындай шешімді орындайды, бұл туралы уәкілетті органға осындай шешім табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

6. Салықтық міндеттемені орындау мәселелері жөніндегі деңгейлес мониторинг бойынша уәжді шешіммен келіспеген және (немесе) мұндай шешімді орындамаған жағдайда, тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған уәжді шешімсалықтық тексеруді тағайындауды көздейтін салық органының алдын ала актісі, ал деңгейлес мониторингке қатысушының түсінігі – осындай алдын ала шешімге ұстанымы деп танылады.

Салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту мәселелері жөніндегі деңгейлес мониторинг бойынша уәжді шешіммен келіспеген және (немесе) мұндай шешімді орындамаған жағдайда, уәкілетті орган Консультативтік кеңеске деңгейлес мониторинг туралы келісімді бұзу туралы мәселені шығарады.

Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі деңгейлес мониторинг 

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексінің деңгейлес мониторинг туралы 131-бабы күшіне енді.

Деңгейлес мониторинг:

  • ынтымақтастық;
  • негізделген сенім;
  • заңдылық;
  • айқындық;
  • кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді.

Деңгейлес мониторинг жүргізу үшін деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалады. Келісім салық төлеуші мен салық органы арасында жасалады.

Салық төлеуші берген өтініш негізінде келісім жасалады Өтініш деңгейлес мониторинг жүргізу жоспарланған кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей беріледі. Өтініш еркін нысанда беріледі. Өтінішпен бірге салық төлеушінің санатына сәйкестігін растайтын құжаттама беріледі

Деңгейлес мониторинг туралы келісімдер жасалатын салық төлеушілердің 2 санаты бөлінді:

1) Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер. Келісім жасасу туралы өтініш берілген күні бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келеді:

  • өтініш берілетін жылдың алдындағы жыл үшін КТС бойынша декларацияға сәйкес салық кезеңінің соңына тіркелген активтердің құндық баланстарының сомасы кемінде 325 000 АЕК-ті құрайды.
  • салық төлеуші төлеген салық сомасы өтініш берілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін кемінде 5 миллиард теңгені құрайды
  • өтініш берілетін жылдың алдындағы жылдың төртінші тоқсанының соңғы айындағы ЖТС бойынша декларацияға сәйкес жұмыскерлер саны кемінде 250 адамды құрайды;
  • салық төлеушіде декларацияның әрбір жолын ашып көрсететін салық тіркелімдерінің болуы;
  • салық төлеушінің бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуі;
  • өтініш берілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің салық органдары қолданатын бағалауға сәйкес салық төлеуші тәуекелінің төмен деңгейі;
  • деңгейлес мониторинг туралы келісім жасасу туралы өтініш берген;

2) Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасасу туралы өтініш берген және шарттардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер:

  • салық төлеуші инвестициялық басым жобаны іске асырады;
  • мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікпен «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында ғана айналысатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы.

Комитет өтінішті 30 жұмыс күні ішінде қарайды. Қараудан кейін салық төлеушіге бас тарту немесе келісім туралы хабарлайды. 31 желтоқсанға дейін келісім жасалады. Деңгейлес мониторинг туралы келісім 3 жылға жасалады. Келісімнің қолданылу мерзімі үш жылдық мерзімге ұзартылады.

Деңгейлес мониторинг деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі.