2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке жатқызу әдісімен ҚҚС

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жатқызу әдісімен ҚҚС


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке жатқызу әдісімен ҚҚС

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен ерте емес және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

Негіздеме - ҚР Салық кодексінің 505-бабы.

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

ҚҚС төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен:

  • жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшкен кезде;
  • салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады. (ҚР СК 103-бабы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1199 қаулысымен қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру қағидалары бекітілді.

Тізбе 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тізбе Қазақстан Республикасы Салық кодексінің
508-бабының 1-тармағына және 509-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

 

Импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу

ҚР СК 508-бабының негізінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

1) жабдық;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;

3) автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) теңіз кемелері;

6) теміржол локомотивтері мен вагондар;

7) осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер;

8) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

9) тірі ірі қара мал бойынша ҚР СК 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер ҚҚС осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.

Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.

Осы баптың ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері ҚР СК 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

1) одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржы лизингіне беруге арналмаған;

2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;

3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.

Пайдаланудың міндетті кезеңі ішінде осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға ҚҚС ЕАЭО кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады. Импортталған тауарларды пайдаланудың міндетті кезеңі Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен басталған мерзім болып табылады:

  • импортталған тауарлар бойынша (ауыл шаруашылығы құстарын қоспағанда) – бес жыл;
  • ауыл шаруашылығы құстары бойынша – 18 ай.

Бұл ретте:

1) осы баптың 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою және (немесе) осындай мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

     Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

2) тауарларды кері экспорттаудың кедендік рәсіміне орналастыру шарттары сақталған кезде бұрын әкелінген тауарларды кері экспорттаудың кедендік рәсіміне сәйкес әкету;

3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;

4) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

Импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап пайдаланудың міндетті кезеңі өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.

Осы тармақтың ережелері импорттау кезінде ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтажы үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.

ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде ҚҚС-нан босатылады.

Осы тармақтың ережесі ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтажы үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржы лизингіне беру кезінде де қолданылады.

Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу

ҚР СК 509-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:

1) жабдық;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;

3) автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) теңіз кемелері;

6) теміржол локомотивтері мен вагондар;

7) осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер;

8) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

9) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер ҚҚС осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.

Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жатқызу әдісімен ҚҚС

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке жатқызу әдісімен ҚҚС (2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына ретроспективалық өзгерістер)

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке жатқызу әдісімен ҚҚС (енгізілген өзгерістерге дейін)

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап есепке жатқызу әдісімен ҚҚС (2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына ретроспективалық өзгерістер)

2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 208-VІIІ ҚРЗ Заңына және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес 428-бабы «Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу» 01.01.2025 жылға дейін қолданыста болды, бірақ осы Заңмен импорттау кезінде ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу жөніндегі тетікті қолдану 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.

Енгізілген өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті тәртіппен қолданылады.

Осы Заңмен Салық кодексінің 48-тарауы мынадай мазмұндағы 428-1 және 428-2-баптармен толықтырылды:

  • 428-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу.

428-1-бапқа сәйкес 1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

      1) жабдық;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

      6) теңіз кемелері;

      7) қосалқы бөлшектер;

      8) пестицидтер;

      9) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

      10) тірі ірі қара мал бойынша ҚР СК 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер ҚҚС осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

     Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.

Осы тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.

2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері ҚР СК 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;

      3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару белгіленген тәртіппен акцизделетін тауарлар бойынша кедендік төлемдер мен акциздер төленген жағдайда қосылған құн салығын іс жүзінде төлемей жүргізіледі.

4. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есепке жазуда және есепке жатқызуда көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады.

Бұл ретте:

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

2) бұрын әкелінген тауарларды кері экспорттаудың кедендік рәсіміне сәйкес әкету;

3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;

4) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

5. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.

Осы тармақтың ережелері импорттау кезіндегі қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.

6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өз өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржы лизингіне беру кезінде де қолданылады.

 

428-2-бап негізінде. 1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:

      1) жабдық;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

      6) теңіз кемелері;

      7) қосалқы бөлшектер;

      8) пестицидтер;

      9) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

      10) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.

Осы тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.

2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;

      3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

3. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:

1) осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;

2) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары жазылған құжаттарды ұсынады. Қажет болған кезде бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есепке жазу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде тауарларды әкелу кезіндегі қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазылып төленуге жатады.

Бұл ретте:

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

2) осы Кодекстің 442-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;

3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.

7. Осы баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына сай келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептелмей, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап (енгізілген өзгерістерге дейін) есепке жатқызу әдісімен ҚҚС

ҚР СК 427-бабы 1-тарма5ыны4 1) тармақшасына, 2-5-тармақтарына сәйкес ҚҚС ҚР СК 367-бабы 1-тарма5ыны4 1) тармақшасында көрсетілген ҚҚС төлеушілер ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын жабдықтар бойынша осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.

ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығымен бекітілген.

Осы баптың ҚҚС төлеу бөлігіндегі ережелері ҚР СК 367-бабыны 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ҚҚС төлеушілер әкелетін тауарларға қатысты:

одан әрі өткізуге арналмаған;

халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында;

осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде қолданылады.

ҚР Салық кодексінің 427-бабының 1-тармағы көрсетiлген тауарларды шығару ішкі тұтыну үшін белгіленген тәртіппен акцизделетін тауарлар бойынша кедендік төлемдер мен акциздерді төлеу шартымен ҚҚС іс жүзінде төлеусіз жүргізіледі.

Есепке жатқызу әдісімен төленген ҚҚС сомасы ҚР салық заңнамасында айқындалған тәртіппен есептеу мен есепке жатқызуда бір мезгілде СЕН 300.00 көрсетіледі.

ҚР СК 48-бабының 2-тармағында белгіленген талаптың ескіру мерзімі (3 жыл) ішінде бұзылған жағдайда осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарды ҚР аумағына ішкі тұтыну үшін тауарларды шығарған күннен бастап импортталатын тауарларға ҚҚС ЕАЭО және/немесе ҚР кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады.

Импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу ҚР СК 48-бабының 2-тармағында белгіленген талаптың ескіру мерзімі өткеннен кейін оларды ҚР аумағына ішкі тұтыну үшін шығарған күннен бастап импортталатын тауарларға ҚҚС салынбайды.

2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 85-VII ҚР Заңымен «Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 2-бабы 4) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, импортталатын тауарларға есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу бойынша Салық кодексінің 427 және 428-баптарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.

Өзгерістер 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Қосылған құн салығын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар бойынша:

1) жабдық;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;

3) автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) темір жол локомотивтері мен вагондар;

6) теңіз кемелері;

7) қосалқы бөлшектер;

8) пестицидтер;

9) асыл тұқымды малдардың барлық түрлері және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

10) тірі ірі қара мал бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған қосылған құн салығын төлеушілер Салық кодексінің 427 және 428-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Бұл ретте, 8), 9) және 10) тармақшалар 2022 жылдан бастап алып тасталатынына назар аударамыз.

Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының қажеттілігін өтемейтін тауарлар енгізіледі.

Заңмен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу бойынша ҚР Салық кодексінің 427 және 428-баптарына баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды

Өзгерістер ауыл шаруашылығын қолдау үшін қабылданды. ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар тізбесіне үш жылдық кезеңге енгізіледі: пестицидтер, барлық түрдегі асыл тұқымды малдар, қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар және ірі қара мал, бұл ретте ҚҚС өндіріп алу бойынша талап қою мерзімі өзгереді.

Бүгінгі күні тауарларды есепке алу әдісімен импорттауға ҚҚС төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасы экономикасының бірқатар салаларына инвестицияларды ынталандыратын шаралар болып табылады.

427-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеуге 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталған тауарлар қайтарылды:

427-бапта
, 1-тармақта: бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылды:

«7-1) пестицидтер;

7-2) асыл тұқымды малдар мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

7-3) тірі ірі қара мал".;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылды:

«
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі».;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылды:

«
Осы тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі».;

Осы өзгерістер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 21 қазандағы № 74 бұйрығымен «Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер Салық кодексінің 427 және 428-баптарының жаңа редакциясына сәйкес келтіру үшін қабылданды.

Енгізу мерзімі әртүрлі: 1-қосымша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін, 2-қосымша 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылады.

4-тармақтағы екінші бөлігіндегі және 5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінің» деген сөздер 2022 жылғы 1 шілдеден бастап «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылды:

4. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарған күннен бастап осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі бес жыл ішінде импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

  олар Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу белгіленген талаптың ескеріу мерзімінің тармақпен2 осы Кодекстің 48-бабының бес жыл ішінде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды.

Осылайша, бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚҚС төлеу және өндіріп алу бойынша талап қою мерзімі ұзартылды.

Осыған ұқсас өзгерістер ҚР Салық кодексінің
428-бабына енгізілді - Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу.

Бұл ретте Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңда
былайша жазылды: Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап үш жыл өткен соң немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелген күннен бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды деп
белгіленсін.


Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.