Салықтық шегерім – бұл салық жүктемесін азайту.

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде салықтық шегерімдерді айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес мынадай салықтық шегерімдер алып тасталды:

  • көп балалы отбасылар үшін;
  • оқуға;
  • медицинаға;
  • сыйақылар бойынша.



Жаңа Салық кодексінің 401-бабына сәйкес жеке тұлғаның мынадай жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы бар:

  • Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі, ол мыналарды қамтиды: АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын МЗЖ, МӘМСЖ, ӘА;
  • 30 АЕК құрайтын базалық салықтық шегерім;
  • Әлеуметтік салық шегерімдері, бұл ҰОС қатысушылары, I-III топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналары үшін шегерімдер.



Жеке тұлға салық шегерімдерін:

1) салық агентінде;

2) салық агентінде қолданбаған кезде дербес қолданады.

Салық салу объектісін айқындау кезінде салықтық шегерімдер олар жоғарыда көрсетілген тәртіппен дәйектілікпен қолданылады.

Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі

ҚР СК 402-бабында белгіленгендей әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі мыналарды қамтиды:

Жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды ЖТС бойынша шегерімге жатқызуға болмайды. Бұл тек қана АҚС бойынша кірістер үшін көзделген.

2025 жылы көрсетілген шегерімдер жеке ретінде қолданылды, ал 2026 жылдан бастап олар әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы шегерімнің құрамына енгізілді.

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдануы

Жеке тұлға әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары жеке тұлғада талап қою мерзімі ішінде - 3 жыл сақталады.

Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді. (ҚР СК 409-бабы)

Әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеруді жеке тұлға мынадай күндердің неғұрлым соңғысы келетін салық кезеңінде МӘМСЖ және (немесе) МЗЖ төленгенін растайтын құжаттың негізінде дербес қолданады:

  • жарналарды есептеу күні;
  • жарналарды төлеу күні.

Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану

ҚР СК 437-бабына сәйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер Салық кодексінің 401-404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады.

Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.

Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы.

Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен:

      1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде;

      2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады.

Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді.

Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы Салық кодексінде белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі.

Бұл үшін жеке тұлға Салық кодексінің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.

Салық агентінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарналарының сомасына қолданылады. (ҚР СК 438-бабы)