Бас бухгалтер - тұтастай бухгалтерия жұмысын үйлестiретiн тұлға, ол ұйымның бухгалтерлiк есебi мен қаржы-шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды жүзеге асырады, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемдi пайдаланылуына, ұйым меншiгiнiң сақталуына бақылау жасайды.

Есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне басшылықты жүзеге асырады және қызмет нәтижелеріне жауап береді.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңның 9-бабына сәйкес Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілікті жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды тұлға болып табылады.

Бас бухгалтер қызметке тағайындалады, қызметтен босатылады және тікелей субъектінің басшылығына бағынады.

Жария мүдделi ұйымның, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар анықталды:

Басшылық немесе дара кәсіпкер есеп жұмысының көлеміне қарай:

1. бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізуді;

3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады.

Егер компания жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса және жария мүдделі ұйымдарға жатпаса, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Заңында штатта бас бухгалтердің міндетті түрде болуы көзделмейді.

Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.

Жария мүдделі ұйымның қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.

Осылайша, Бас бухгалтер қаржы қызметінің басшысы.

Бас бухгалтер бухгалтерияның жұмысын тұтастай үйлестіреді. Бұл бухгалтерлік есепті және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйым меншігінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын компаниядағы маңызды тұлға.

ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 241 бұйрығымен «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары» бекітілді, бекітілген Қағидаларда барлық бас бухгалтерлер мен компаниялар үшін аса маңызды тармақ бар (7-тармақтың үшінші абзацы):

«Бас бухгалтер лауазымына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін адам тағайындалады.

Жария мүдделі ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады.

Лауазымға тағайындау жазбаша нысанда ресімделеді.

Бас бухгалтердің бухгалтерлік қызметке құжаттар мен мәліметтерді тиісінше ресімдеу және уақтылы ұсыну бөлігіндегі талаптары субъектінің барлық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.

Бас бухгалтер лауазымынан босатылған кезде істерді жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге (ал ол болмаған кезде - субъектінің басшылығы тағайындаған жұмыскерге немесе дара кәсіпкердің өзіне немесе ұйым басшысына) беру жүргізіледі.

Осылайша, бас бухгалтердің мәні мынада:

  1. Бас бухгалтердің мәртебесі заңмен белгіленеді, оның бағыныштылары өзінің лауазымдық нұсқаулықтарын басшылыққа алады.
  2. Бас бухгалтер қаржы құжаттарына басшымен бiрге өз қолын қоюға мiндеттi. Қатардағы бухгалтер бұлай істей алмайды.
  3. Бас бухгалтер компания басшылығының мүшесі болып табылады және шешім қабылдауға қатысады.

Компанияда жұмыскердің - бас бухгалтердің болуы бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызметті құруға немесе штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізуге құқылы заңды тұлға басшылығының шешіміне байланысты болады.

Сервис Учёт. Оқыту Бас бухгалтер