Отырғызу талоны - жолаушының ұшаққа, поезға отырғызу құқығын растайтын құжат.

Отырғызу талоны жолаушыны рейске тіркеу негізінде беріледі. Жолаушының тегі, тасымалдаушының атауы, авиакомпанияның екі таңбалы коды бар рейс нөмірі, күні, бағыты, борттағы орын нөмірі, қонуға шығу нөмірі, кесте бойынша ұшу уақыты, қонудың аяқталу уақыты көрсетілетін тікбұрышты карточка болып табылады. Отырғызу талонының оң жағында жыртылмалы түбіртек болады, онда отырғызу талонынан негізгі ақпарат қайталанады. Тiркеу кезiнде ұшақтың жүк бөлiгiнде тасымалдауға берiлген багажды әуежайдан алу үшiн түбiртекке багаж белгiсi желiмделедi. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабының 3-тармағына сәйкес, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық есебі бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді.

Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.

Салық кодексінің 242-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес салық төлеушінің кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, осы бапта және Салық кодексінің 243 - 263-баптарында белгіленген ережелерді ескере отырып, салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жататыны айқындалған.

Шегерiмдердi салық төлеушi iс жүзiнде жүргiзiлген шығыстар бойынша оның табыс алуға бағытталған қызметiне байланысты осындай шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде жүргiзедi.

Салық кодексінің 244-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:
1)
жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге және кері жол жүру шығыстары.

Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

  • электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;
  • электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;
  • тасымалдаушы немесе электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты сатып алынған тұлға берген жол жүру фактісін растайтын қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық түрдегі құжат (оның ішінде отырғызу талоны).

Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру жөніндегі шығыстар жатпайды.

Осылайша, КТС есептеу мақсатында жол жүру фактісін растайтын құжаттар Салық кодексінің 244-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар, оның ішінде отырғызу талоны болып табылады.

Бұл ретте отырғызу талонындағы ұшу алдындағы тексеру туралы мөртабан - белгі де жол жүру фактісін растайды.