Салықтық өтініш - бұл осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына ұсынатын құжаты. (ҚР Салық кодексі 206-бабы)

Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

Салықтық өтінішті ұсыну тәсілдері

Салықтық есептілік кері қайтарып алынған жағдайда салықтық өтінішті ұсыну

Қызмет тоқтатыла тұрған немесе қайта басталған жағдайда салықтық өтініш ұсыну

Салықтық өтінішті ұсыну тәсілдері

Салық кодексінің 208-бабына сәйкес салықтық өтініш, салық есептілігі Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдарына ұсынылады.

Салықтық өтініш пен салықтық есептілік тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда);

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;

3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.

Салықтық өтініш және (немесе) салықтық есептілік келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, екі дана етіп ұсынылады, бір данасы салық органының белгісі қойылып салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

Электрондық форматтың құрылымы, электрондық нысанда жасау және ұсыну үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады:

1) салықтық өтініш - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей орналастырылады;

Салықтық есептілік кері қайтарып алынған жағдайда салықтық өтінішті ұсыну

Салық кодексінің 210-бабында көрсетілгендей салық төлеуші (салық агентi) салықтық есептілікті керi қайтарып алу үшін салық органына:

 1) салықтық өтініш - өзінің тіркеу есебінің орны бойынша ұсынады.

Салық органының коды дұрыс көрсетілмеген салықтық есептiлiкті өзгерту әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті ұсыну орны бойынша ұсынылады;

ҚР СК 210-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш ұсынылмаған жағдайда, салық органы ұсынбау фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.

Қызмет тоқтатыла тұрған немесе қайта басталған жағдайда салықтық өтініш ұсыну

Салық кодексінің 213-бабы негізінде салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті тапсыруды тоқтата тұрған (ұзартқан, қайта бастаған) жағдайда салық төлеуші (салық агенті) өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:

  • қызметін тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда - салықтық өтініш ұсынады.

Салықтық өтініш:

  • қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда – алдағы кезеңге;
  • қызметті қайта бастау немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады;

Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды ескергенде, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту жалпы мерзім ескеріле отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.