Жұмыс берушіжұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға (ұйым).

ҚР еңбек заңнамасының ережелеріне сәйкес жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға жұмыс беруші болып танылады (Еңбек кодексінің 1-бабының 1-тармағының 39 тармақшасы). Осыны негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар, меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдар, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiң меншiк иелерi жұмыс берушiлер болып табылады. Жұмыскерлер
көбінесе жұмыс берушілермен - заңды тұлғалармен - барлық меншік нысанындағы ұйымдармен еңбек қатынастарына түседі.

Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері ҚР Еңбек кодексінің 23-бабымен регламенттелген.

ҚР Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс берушінің:


1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;

2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер (қауымдастықтар, одақтар) құруға және оларға кіруге;

5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;

6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;

7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;

8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;

10) осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың кәсіптік біліктілігін арттыруды және тануды қамтамасыз етуге;

11) осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;

12) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;

13) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.

Жұмыс беруші:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

2) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

3) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;

5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

6) жұмыскерді ұжымдық шартпен, келісу комиссиясының жұмысы туралы келісіммен (бар болған кезде), еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыс берушінің басқа да актілерімен жеке-дара немесе оларды курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жіберу жолымен таныстыруға;

7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге;

8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға;

9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;

12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;

15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға...міндетті.