Қадағалап отыруға жататын тауарлар - Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кедендік аумағына әкелінген мынадай тауарлар Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) бекітетін тізбеге енгізілгендерге қатысты жүзеге асырылатын қадағалап отыру:

·        Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 51-тарауына сәйкес кеден органдары ұстаған және осындай тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар белгіленген мерзімде талап етпеген тауарлар;

·        ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылмаған, оларға сот шешімі бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне өндіріп алу қолданылған тауарлар;

·        тәркіленген немесе өзге тәсілмен мемлекет меншігіне (кірісіне) айналдырылған, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарлар;

·        ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;

ЭШФ АЖ Қазақстан Республикасындағы ұлттық қадағалап отыру жүйесі болып табылады, ол қадағалап отыруға жататын тауарлар туралы мәліметтерді және ұлттық қадағалап отыру жүйесін, оның ішінде Келісімге сәйкес ұлттық қадағалап отыру жүйесінен мәліметтерді сақтауға арналған жүйені пайдалана отырып, осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

Қадағалап отыруға жататын тауарларға қатысты қадағалап отыру жүзеге асырылады.

Тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес

қадағалап отыру - Келісімді іске асыру мақсатында ұлттық қадағалап отыру жүйесін пайдалана отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлар айналымымен байланысты операцияларды есепке алуды ұйымдастыру;

   қадағалап отыру тетігі - ұлттық қадағалап отыру жүйелерінен мәліметтер алмасу негізінде жұмыс істейтін және тауарлар айналымын бақылау мақсатында қадағалап отыруды қамтамасыз ететін жүйе;

Келісімнің 6-бабына сәйкес қадағалап отыру қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымымен байланысты соңғы операция туралы мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілген күннен бастап 5 жыл өткен соң тоқтатылады, ал егер осындай операциялар жүзеге асырылмаса - тауарларға арналған декларациядан немесе осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштен немесе осы Қағидалардың 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құжаттан алынған мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесіне келіп түскен күннен бастап 5 жыл өткен соң не қадағалап отыруға жататын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты ЕЭК айқындаған ұзақтығы неғұрлым аз өзге мерзім өткен соң тоқтатылады.

Егер қадағалап отыруға жататын тауарлар Келісімнің 2-бабының 2-тармағына сәйкес ЕЭК бекіткен тізбеден алып тасталса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ЕЭК айқындаған мерзім өткенге дейін қадағалап отыру тоқтатылады.

ЕЭК Келісімнің 6-бабының 3-тармағына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ЕЭК айқындаған мерзім аяқталғанға дейін қадағалап отыру тоқтатылатын жағдайларды және мұндай жағдайларда қадағалап отыруды тоқтату мерзімдерін айқындайды.

Қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар:

1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына, байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілерінің және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникация желісінің) жұмысындағы бұзушылықтарға, электр энергиясының өшуіне байланысты, сондай-ақ осы Келісімнің 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ЕЭК айқындайтын өзге де жағдайларда мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық құжаттар түріндегі ілеспе құжаттарды ресімдеуге тиіс;

2) ақпараттық жүйелер ақаулы болған жағдайда ілеспе құжаттарды қағаз жеткізгіштерде ресімдеуге, мұндай құжаттарды кейіннен ақпараттық жүйелердің ақаулығы жойылған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұлттық қадағалау жүйесіне енгізуге тиіс;

3) ЭШФ қағидаларына сәйкес, оның ішінде «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу қағидаларын және олардың құжат айналымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес тауарларға ресімделген ілеспе жүкқұжат негізінде электрондық шот-фактура жазып беруі тиіс;

4) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге тиіс толық және дұрыс мәліметтер беруге тиіс;

5) қадағалап отыруға жататын тауарлар бойынша виртуалды қойма арқылы қадағалап отыру бойынша құжат айналымын жүзеге асыруға тиіс.

Келісімнің 11-бабының 1-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға бір мүше мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға екінші мүше мемлекеттің аумағына қадағалап отыруға жататын тауарлардың өткізілуіне осындай өткізумен байланысты операциялар туралы мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесінде техникалық іркілістерден туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникация желілерінің) жұмысындағы бұзушылықтарға, электр энергиясының өшуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, ұлттық қадағалап отыру жүйесінде осындай мәліметтер болмаған кезде, сондай-ақ ЕЭК айқындаған өзге де жағдайларда жол берілмейді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген пилоттық жоба шеңберінде оларға қатысты қадағалау жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі.