Кәсіпкерлік – жеке адамның немесе адамдар тобының табыс, пайда алуға бағытталған іс-әрекеттері.

Кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам. Әрбір кәсіпкердің жеке ісі болуы мүмкін немесе басқа кәсіпкерлерге кәсіпорын құруға көмектесе алады.

Кәсіпкерлік деген не

Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

Шағын және микро кәсіпкерлікпен айналысуға болмайтын қызмет түрлері


Кәсіпкерлік деген не

Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабына сәйкес - Кәсіпкерлік:

  • азаматтардың,
  • қандастардың,
  • заңды тұлғалардың,

мыналарды:

  • мүлікті пайдалану,
  • тауарларды өндіру,
  • сату,
  • жұмыстарды орындау арқылы таза кіріс алуға бағытталған,
  • жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік қызмет тек Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

Кәсiпкерлiк кодексiнiң 24-бабында көрсетілгендей кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай анықталады.

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері.

2. Кәсіпкерлік субъектілерін Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:

  • мемлекеттік статистика;
  • мемлекеттік қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.

Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.

Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 100 адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 300 000 АЕК-тен аспайтын, кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 15 адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 30 000 АЕК-тен аспайтын жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 6-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша өлшемшарт пайдаланылады.

5. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабы 6 және 3-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, жұмыскерлердің орташа жылдық саны 100-ден жоғары, бірақ 250 адамнан аспайды; және орташа жылдық кірісі 300 000 АЕК-тен астам, бірақ 3 000 000 АЕК-тен кем дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

6. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 3 000 000 АЕК-тен асатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Шағын және шағын кәсіпкерлікпен айналысуға болмайтын қызмет түрлері

Мыналарды:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты әрекетті;
2)
акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3)
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея
лар өткізуді;
5)
ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6)
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;
7)
банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызмет
ті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
ті;
10) кредиттік бюролар қызметі
н;
11) күзет қызметі
н;
12)
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті;
13)
I кіші түрдегі цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.