Салық салынатын айналым - ҚҚС төлеуші жасайтын Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналым.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын айналым

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық салынатын айналым

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салынатын айналым

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық салынатын айналым не болып табылады

Айналым мөлшерін түзету

Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету

Салық салынатын айналым не болып табылады

 Қосылған құн салығын салу объектілері:

  • салық салынатын айналым болып табылады;

ҚР СК 449-бабына сәйкес мыналар салық салынатын айналым болып табылады:

1) ҚР СК 450-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ҚҚС төлеуші жасайтын айналым.

ҚР СК 213-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде бұрын босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

2) ҚР СК 454-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

3) ҚҚС бойынша салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару кезінде тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.

Осы тармақшаның мақсатында ҚР СК 450-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығы есепке жатқызылатын ҚҚС ретінде ескерілген тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.

Тауарлардың қалдықтарына тарату есептілігін ұсыну күнінің алдындағы күнге ҚҚС төлеушіге меншік құқығында тиесілі тауарлар енгізіледі.

Осы тармақтың ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлға немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды.

Мыналарды:

1) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

2) ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, оның ішінде аванстарды;

3) цифрлық активтерді қоспағанда, осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар және басқа да мүлік жатады.

Айналым мөлшерін түзету

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір жаққа өзгерген кезде, ол жасалған күннен кейін айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. (ҚР СК 464-бабы)

Мынадай:

1) тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәміленің шарттары өзгерген;

3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн баға, өтемақы өзгерген жағдайларда түзету жүргізіледі. Осы тармақшаның ережесі шарттың талаптары негізге алына отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолдануға байланысты, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төлеуге жататын құны өзгерген кезде де қолданылады;

4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері жасалған;

5) ҚР СК 453-бабының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыс қайтарылған;

6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге де жағдайлар басталған жағдайларда түзету жүргізіледі.

Осы баптың ережелері қателерді түзету нәтижесінде салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшері өзгерген жағдайда қолданылмайды.

Салық төлеуші айналымының мөлшерін түзету салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерінің өзгеруіне негіз болатын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерін түзету сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге тура келетін салықтық кезеңнің салық салынатын (салынбайтын) айналымына енгізіледі. Мұндай күн түзету сомасына айналымды жасау күні болып табылады.

6. Салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерінен аспауға тиіс.

7. Салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту жағына қарай түзету кезінде осындай айналым бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша айқындалады.

Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету

ҚР СК 465-бабына сәйкес егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің осындай талап бойынша салық салынатын айналым мөлшерін:

1) мыналар:

  • егер мұндай мерзім айқындалған болса, өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талапты орындау мерзімі;
  • талапты орындау мерзімі айқындалмаған, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні тура келетін салықтық кезеңнің басынан бастап үш жыл өткен соң;

2) тіркеуші органның банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы шешiмi шығарылған салықтық кезеңде;

3) соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған салықтық кезеңде азайтуға құқығы бар.

Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерiн түзету ҚР СК 267-бабында көрсетілген шарттар сақталған кезде жүргiзiледi.

Күмәнді талап бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту қосылған құн салығының өткізу бойынша айналымды жасау күніне қолданыста болған мөлшерлемесі қолданыла отырып, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.

Өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн төлемақы ҚҚС төлеушi ҚР СК 465-бабының 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқықты пайдаланғаннан кейiн алынған жағдайда, салық салынатын айналымның мөлшерi қосылған құн салығының өткізу бойынша айналымды жасау күніне қолданыста болатын мөлшерлемесі қолданыла отырып, төлемақы алынған салықтық кезеңде көрсетілген төлемақының құнына ұлғайтуға жатады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық салынатын айналым

Салық салынатын айналым - ҚҚС төлеуші жасайтын Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналым.

Салық салынатын айналым не болып табылады

Тауарларды өткізу бойынша айналым дегеніміз не

Өткізу бойынша айналым жасау күні

Салық салынатын айналым не болып табылады

Салық кодексінің 369-бабының негізінде мыналар салық салынатын айналым болып табылады:

1) Салық кодексінің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.
Салық кодексінің
197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

2) Салық кодексінің
373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

3) Салық кодексінің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген
салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.

4) жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген
жағдайда, бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру кезінде беру актісінде көрсетілген берілетін тауарлар бойынша айналым.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген салық салынатын айналым
бойынша
қосылған құн салығын төлеуші Салық кодексінің 215-бабына сәйкес салық тіркелімін жасайды.

Тауарларды өткізу бойынша айналым дегеніміз не

Салық кодексінің 372-бабында көрсетілгендей тауарларды өткізу бойынша айналым:

1) мыналарды:

  • тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды сатуды, тиеп-жөнелтуді;
  • кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сатуды;
  • тауарды өтеусіз беруді;
  • жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруін;
  • кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне беруін қоса алғанда, тауарға меншік құқығын беруді;

2) тауар экспортын;

3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды тиеп-жөнелтуді;

4) лизинг нысанасы берілген құн бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беруді;

5) тауарды комиссия шарты немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

6) бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыруды;

7) Салық кодексінің 394-бабында көрсетілген тауардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.

Өткізу бойынша айналым жасау күні

ҚР СК 379-бабына сәйкес ҚР СК 379-бабының 2, 5, 7 – 12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:

1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе – мынадай күндердің бірі:

  • өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;
  • тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;

2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде – өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;
  • қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.

ҚР СК 380-бабы 1-тармағының негізінде, егер Салық кодексінің 381-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналымның мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары бағалар мен тарифтерге қосылған құн салығын қоспай қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.