Ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы – ағымдағы күнтізбелік жыл үшін салық салу объектілері бойынша есептелетін салықтың алдын ала сомасы. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы төлемдерді есеп-қисабы

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігі 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 12 жылғы 2025 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмемен салық есептілігінің нысандары және 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Салықтық есептілік нысандарының тізбесінде Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан) жоқ.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы (701.00-нысан) жойылды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 701.01-нысан Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы өзгертілді, өйткені жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы жойылды. Нысанда тек мүлік салығы бойынша көрсеткіштер белгіленді.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын мүлік салығының сомасы 300 еселенген АЕК-тен асатын салық төлеушілер ұсынады.

701.01-нысандағы Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы.

851.00-нысандағы Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы.

701.01-нысандағы Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы.

ҚР Салық кодексінің 593-бабына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің мөлшерін осы Кодекстің 596-бабының 1-тармағына сәйкес осындай ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер салықтық кезеңнің басында (01.01.2026 ж.) бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салықтық мөлшерлемелерді (1,5%) қолдану арқылы айқындайды.

Осы Кодекстің 596-бабының 1-тармағына сәйкес мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші болып табылатын салық төлеушілер осындай ағымдағы төлемдердің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.

ҚР Салық кодексінің 596-бабында аталып өткендей, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша ДК (оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын ДК қоспағанда) және заңды тұлғалар, егер олардағы салықтың есептік сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен асатын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

Салықтың есептік сомасы салықтық кезеңнің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған тиісті салық мөлшерлемесінің және салық салу объектілерінің баланстық құнының туындысы ретінде айқындалады.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық органдарына 701.01-нысандағы салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен және (немесе) шығып қалған кезде ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті (салықтық кезең ішінде) мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде осындай төлемдердің мөлшерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөлумен ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады.

Бұл ретте ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша келіп түскен және (немесе) шығып қалған объектілер бойынша ұсынылады.

851.00-нысандағы Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы.

851.00-нысандағы Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын

  • уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскесін;
  • қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған төлемақы төлеушілер жасайды,

бұған ДК болып табылмайтын жеке тұлғалар, сондай-ақ Салық кодексінің 575-бабына сәйкес есептелетін және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген мүлік салығы бойынша салық базасы салық салу объектілері орналасқан жер учаскелері бойынша ДК кірмейді.

ҚР СК 624-бабына сәйкес мүлiк салығы бойынша салықтық база ҚР СК 600-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері алып жатқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша төлемақы төлеушілер, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ дара кәсiпкерлерді қоспағанда, салық органдарына:

1) жер учаскесінің тұрған жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;

2) жер қойнауы учаскесінің тұрған жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесіне төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.

Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.

Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын ұсынады.

Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді. 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы

Ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы - ағымдағы күнтізбелік жыл үшін салық салу объектілері бойынша есептелетін салықтың алдын ала сомасы.
Салық кодексінің 496-бабына сәйкес төлеуші заңды тұлғалар салық салу объектілерін тіркеу орны бойынша салық органдарына ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей СЕН 701.00 көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын, сондай-ақ СЕН 700.00 декларациясын - Көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

Бұл ретте, Салық кодексінің 492-бабының 3-тармағына сәйкес көлік құралдары салығын есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК қолданылады.

Салық кодексінің 490-бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Салық кодексінің 493-бабының 7-тармағына сәйкес заңды тұлғалар салықтық кезеңнің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:

1) егер көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

2) егер салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы:

тоқтатылған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте салықтық кезеңнің 1 шілдесінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Салық кодексінің 494-бабына сәйкес заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.