Бақылау-касса машинасы – бұл ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеу мен көрсетуді қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы және деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы мен аппараттық-бағдарламалық кешен. (ҚР Салық кодексінің 19-бабы)


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БКМ бойынша жалпы ережелер

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі БКМ бойынша жалпы ережелер


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БКМ бойынша жалпы ережелер

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексін іске асыру мақсатында және ҚР Салық кодексінің 111-бабының 2-тармағына, 113-бабының 52-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес мыналар бекітілді:

  1. Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасының чектерін ұстауға қойылатын талаптардың тізбесі;
  2. Фискалдық деректер операторының тізбесіне енгізу және тізбесінен алып тастау қағидалары;
  3. Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары;
  4. бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініштің нысаны;
  5. осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініштің нысаны;
  6. бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындаған міндеттемелерді орындау туралы салықтық өтініштің нысаны;
  7. бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініштің нысаны.

Қазақстан аумағындағы ақшалай есеп айырысулар модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және/немесе беру функциясы бар БКМ арқылы міндетті тіркеуге жатады.

БКМ қолдану:

  • есепке қою және есептен шығаруды;
  • тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
  • пайдалану мен қызмет көрсетуді;
  • есеп айырысулар туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторлары (ФДО) арқылы беруді қамтиды.

БКМ есепке қоюдың, қайта тіркеудің және есептен шығарудың барлық процестері «электрондық үкімет» порталы немесе фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Әрбір касса үшін бақылау-касса машиналарын сәйкестендіру және фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысу туралы деректерді беру кезінде рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау үшін фискалдық деректер операторының сервері туындатқан сандық код - токен қалыптастырылады.

МКК мен ФДО арасында мәліметтер алмасу «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын пайдалана отырып, қорғалған байланыс арналары (VPN) арқылы автоматты режимде жүргізіледі.

БКМ чектеріне қойылатын жаңартылған талаптар деректердің кеңейтілген жиынтығын көздейді. Енді чекте:

  • салық төлеушінің атауы және ЖСН;
  • сауда нүктесінің мекенжайы;
  • БКМ зауыттық және тіркеу нөмірлері;
  • тауардың атауы мен коды (Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес);
  • ҚҚС мөлшерлемесі мен сомасы (егер қолданылатын болса);
  • сатып алу күні мен уақыты;
  • фискалдық белгі;
  • чектің түпнұсқалығын тексеруге арналған штрих код;
  • фискалдық деректер операторының атауы және оның порталына сілтеме болуы тиіс.

Қажет болған жағдайда чекте сатып алушының ЖСН-і де көрсетіледі, ал барлық ақпарат қазақ және/немесе орыс тілдерінде басылуы мүмкін.

БКМ жаңа моделін қосу үшін өндірушілер эталондық үлгіні, техникалық құжаттаманы, сәйкестік сертификаттарын және тестілеу нәтижелерін ұсынуы тиіс. Енгізу немесе бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады, ал жаңартылған мемлекеттік тізілім Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылады.

БКМ қолданудан кім босатылды

БКМ қолдану

БКМ есепке қою және есептен шығару

БКМ чегінде не болуы тиіс

БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы

БКМ қолданудан кім босатылды

ҚР аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы мiндеттi түрде қолданылып жүргiзiледi. (ҚР СК 110-бабы)

БКМ қолданудан:

1) жеке тұлға;

2) жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;

3) қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады.

Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді;

4) Ұлттық Банк;

5) екінші деңгейдегі банк;

6) діни бірлестік;

7) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;

8) арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.

Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатын салық төлеуші ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машиналарын деректерді бермей қолданады.

Қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары немесе қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылуға жатады.

БКМ қолдану

БКМ қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызмет басталғанға дейін БКМ салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

2) өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

3) БКМ-ға салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

БКМ қолдану:

1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды;

4) бақылау-касса машиналарын пайдалануды;

5) бақылау-касса машиналары чегінің мазмұнына қойылатын талаптарды;

6) бақылау-касса машиналарының моделін бақылау-касса машиналарының тізіліміне енгізуді.

7) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді көздейді.

БКМ есепке қою және есептен шығару

Техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланылатын жерiндегі салық органдарына есепке қоюға жатады.

БКМ есепке қоюды, тіркеу карточкасының мәліметтерін өзгертуді және БКМ есептен шығаруды салық органы мынадай негіздердің бірі:

1) деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;

2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы бойынша – БКМ салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырады.

БКМ салық органында есептен шығару:

1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

2) салық төлеуші таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның қызметі тоқтатылған;

3) БКМ техникалық ақауының болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

4) БКМ кассалық машиналар тізілімінен алып тасталған;

5) БКМ техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;

6) БКМ ұрланған, жоғалған жағдайларда, ұрланғаны туралы ішкі істер органдарында арыздың көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде жүргізіледі.

БКМ чегінде не болуы тиіс

ҚР СК 111-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде өткізілген тауар, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларына және БКМ чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтиды:

1) салық төлеушінің атауы;

2) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

3) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

4) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

5) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

6) чектің реттік нөмірі;

7) тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

8) ұлттық каталогқа сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және таңбалауға және тауарларды қадағалауға жататын тауарларға салынған сәйкестендіру құралы.

9) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

10) тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет бірлігінің бағасы;

11) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

12) фискалдық деректер операторының атауы және деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің түпнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының интернет-ресурсының деректемелері;

13) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;

14) фискалдық белгі;

15) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

16) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

7) тармақшадағы ақпарат деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чегінде электрондық түрде көрсетіледі.

Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын БКМ чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.

БКМ чегі бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде ҚҚС сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.

Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша БКМ чегінде қамтылған барлық ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басылады.

БКМ қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы

ҚР СК 56-бабының 16-тармағында атап өтілгендей - Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адам салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:

  • бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу фактілерін бейнетіркеумен;
  • уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін бақылау-касса машиналарының берілген чектерін фототіркеумен;
  • ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектермен расталған, өзіне белгілі бұзушылық фактілері туралы хабарлауға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам, мұндай факт расталған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы беруге жатады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамға қолданылмайды. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.


2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі БКМ бойынша жалпы ережелер

Онлайн-БКМ - деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машина, яғни жасалған ақша операциялары туралы мәліметтерді интернет арқылы мемлекеттік кірістер органдарына (салық қызметіне) беруге қабілетті кассалық аппарат немесе бағдарламалық қамтамасыз ету.

Егер сіз, мысалы, тауарды немесе қызметті сатып алсаңыз, онда кассалық аппараттың міндеті – сатып алу-сату мәмілесін белгілеу және растау – кассалық чек беру.

Саудамен, тауарлар өндірумен және әртүрлі қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабына сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын (онлайн-БКМ) қосуға міндетті.


Онлайн-БКМ орнатудан кім босатылды

Онлайн-БКМ түрлері

Онлайн емес БКМ тіркеу

Онлайн-БКМ тіркеу

БКМ қолданбағаны немесе болмағаны үшін жауапкершілік

Онлайн-БКМ орнатудан кім босатылды

ҚР Салық кодексінің 166-бабының 2-тармағына сәйкес:

1) жеке тұлғалар;

2) жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлар;

3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;

4) ҚР Ұлттық Банкі;

5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер;

6) екінші деңгейдегі банктер;

7) діни бірлестіктер;

8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;

9) арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетіндер онлайн-БКМ орнатудан босатылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

Онлайн БКМ түрлері

Онлайн-БКМ екі түрі бар:

  • аппараттық: құрылғылар – БКМ мемлекеттік тізілімінде тіркелген дербес аппараттар (кассалық машиналар, тіркеушілер);
  • бағдарламалық: БКМ мемлекеттік тізілімінде тіркелген, касса аппаратының функцияларын орындайтын бағдарламалық қамтамасыз ету (мобильді қосымшалар).

Бағдарламалық онлайн-БКМ, яғни касса аппараты функциясы бар мобильді қосымшалар электрондық чектерді қалыптастырады, олар өз кезегінде заң бойынша қағазға теңестірілген. Электрондық чекті сатып алушыға онлайн режимінде, мессенджерлер немесе email арқылы жіберу жеткілікті. Қажет болған жағдайда Bluetooth арқылы смартфонға қосылатын чектер үшін арнайы принтерлер сатып алуға болады.

2020 жылдан бастап онлайн БКМ қолдануға міндетті. Бірақ телекоммуникация жоқ жерлерде пайдаланылатын кассалық аппараттарды онлайн-БКМ-мен ауыстыруға болмайды.

Онлайн емес БКМ тіркеу

Онлайн емес БКМ тіркеуді, есепке қоюды, сондай-ақ қайта тіркеуді, есептен шығаруды Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (салық қызметі) жүргізеді.

Егер сіз деректерді онлайн-БКМ-ге беру функциясы жоқ ескі кассалық аппаратты ауыстырғыңыз келсе, онда алдымен сіз онлайн-БКМ сатып алып, оны жұмыс орнына орнатып, содан кейін ескі кассалық аппаратты салық органында тіркеу есебінен алып тастауыңыз керек.

Онлайн БКМ тіркеу

Онлайн-БКМ тіркеу фискалдық деректер операторының мәліметтері негізінде, салық органына бару қажеттілігінсіз жүргізіледі.

Онлайн-БКМ тіркеу фискалдық деректер операторының (ФДО) мәліметтері негізінде жүзеге асырылады, ол үшін операторлардың бірін, фискалдық деректерді таңдау және мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеттілігінсіз оның сайтына кіру қажет:

Көрсетілген сайттардың біреуі арқылы БКМ тіркеу/өзгерту/есептен шығару туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органына (салықтық) беріледі. БКМ
тіркеу карточкасы, яғни мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
ФДО сайты арқылы да беріледі.

Онлайн-БКМ қолдану үшін ЭЦҚ алу, кейіннен тіркеумен онлайн-БКМ сатып алу қажет.

Аппараттық онлайн-БКМ тіркеу үшін бағдарламалықтан айырмашылығы алдымен сымсыз режимде жұмыс істеу үшін сим-картаны өзі келу тәртібімен ОФД-дан алып, осы сим-карта арқылы кассаны қосу керек.

БКМ қолданбағаны немесе қолданбағаны үшін жауапкершілік

БКМ пайдалану орны бойынша әрбір нүктеде БКМ тіркелуі тиіс. Электр энергиясы, интернет болмаған не БКМ ақаулы болған кезде «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес тауарлық чек толтырылады және беріледі.

Көрсетілген бұйрық Бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін қамтиды.

Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу бойынша жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 284-бабында сипатталған.

Мысалы, сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы және банк карточкасы арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбау, сондай-ақ ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ қолдану бұзушылықтардың бірі болып саналады. Бұл бұзушылықты анықтау ескерту үшін жауаптылыққа әкеп соғады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда:

  • жеке нотариустарға, сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.

Бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін бермеу не тауар немесе қызмет үшін төленгеннен көп немесе аз сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру ескерту жасауға, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған кезде:

  • жеке нотариустарға, сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 284-бабы бойынша бұзулар бойынша жауапкершілік көзделген:

  • БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын немесе тауар чектері кітабын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін салықтық өтініш беру мерзімдерін бұзу;
  • БКМ бақылау чегінде міндетті деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін көрсетпеу;
  • бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырмау не ауысымдық есептер көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не бақылау-касса машинасында қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабына жазбаны жүргізбеу;
  • және басқалары.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларда БКМ 2.0.2-нұсқасының жаңа хаттамасына қайта бағдарламалануы тиіс.

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Салық кодексінің 166-бабына).

Осыған байланысты «БКМ қолдану мәселелері жөніндегі» жұмыс тобы шеңберінде БКМ әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен (ФДО) бірлесіп БКМ-нен ФДО серверіне БКМ-нен ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді беру бойынша деректерді берудің бірыңғай хаттамасы жаңартылып, бекітілді.

Салық кодексінің 171-бабына сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы (бұдан әрі – ФДО) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.

Қаржы министрінің «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БКМ фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін БКМ техникалық талаптары мен сәйкестік нысанына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.

Сервис Учет. Онлайн касса