570.00-нысан - Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік 30%-ға қысқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен олардың жасалуы бойынша түсіндірмесі бар салықтық есептілік нысандары және 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап оларды ұсыну қағидалары бекітілді. Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан) салықтық есептілік нысандарының тізбесінде жоқ.

Осылайша, 2026 жылға экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан) тапсырылмайды. Экспортқа рента салығын есептеу бойынша көрсеткіштер СЕН 590.00 жеке қосымшасына енгізілген.


2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан) 

СЕН 570.00- «Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)».

Экспортқа рента салығын есептеуге арналған «Экспортқа рента салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.

570.00-нысандағы декларация шикі мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар жасайды.

Экспортқа рента салығын төлеушілер

Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері

Салықтық кезең

Төлеу мерзімдері

Салықтық есептілік

Экспортқа рента салығын төлеушілер

Шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады, бұған:

  • осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар;
  • Толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) және (немесе) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемі кірмейді.

Осы бөлімнің мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 қосалқы позициясында жіктелетін тауарлар шикі мұнай және мұнай өнімдері болып танылады.

Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері

Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері ҚР СК 716-бабында регламенттелген.

Салықтық кезең

Экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Егер тауарларға уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салықтық кезеңде туындайды.

Төлеу мерзімдері

Салық төлеуші бюджетке есептелген салық сомасын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Салықтық есептілік

570.00-нысандағы Экспортқа рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей:

  • 1 тоқсан - 15 мамырдан кешіктірмей,
  • 2 тоқсан - 15 тамыздан кешіктірмей,
  • 3 тоқсан - 15 қарашадан кешіктірмей,
  • 4 тоқсан - 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынылады.

Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 409 бұйрығымен «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

  • СЕН 570 - экспортқа рента салығын салу объектісінен көмір экспорты алынып тасталды (ҚР Салық кодексінің 713 және 714-баптары).

2022 жылы СЕН 570.00 жасау қағидаларына өзгерістердің салыстырмалы кестесі

«Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00-нысан)» салықтық есептілігін жасау қағидалары