Кассалық шығыс ордері (КШО) – бұл ұйымның кассасынан қолма-қол ақша қаражатын беру жүргізілетін бастапқы бухгалтерлік құжат.

Нысан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығында тіркелген КО-2 нысаны.

КШО кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаны беру кезінде мынадай мақсаттарға пайдаланылады:

  • ­­жалақы ­­және өзге де төлемдер ­(мысалы, материалдық ­­­­көмек) беру үшін­­;
  • ­­­кәсіпорын жұмыскерлерінің есебіне ­­қолма-қол ақша беру үшін;
  • ­­­кассалық ­­операцияларды жүргізуге ­­­­ұйымның бөлімшесіне ­­ақша беру ­­­­үшін­­;

КШО бір данада жазып беріледі, оған ұйымның басшысы, бас бухгалтер немесе ұйымның басшысы уәкілеттік берген тұлға және кассир қол қояды.

Кассадан кассалық шығыс ордері бойынша ақша беру ол жасалған күні жүргізіледі.

Кассалық шығыс ордерлерін алған кезде кассир:

  • КШО-да бас бухгалтердің қолы мен басшының қолының болуын және шынайылығын;
  • құжаттардың дұрыс ресімделуін тексеруі тиіс.

Осы талаптардың ең болмағанда бiреуi сақталмаған жағдайда кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтаруға мiндеттi.

Кассалық шығыс ордерi бойынша ақша берген кезде ақша алушы кассирге оның жеке басын куәландыратын құжатты беруге, кассалық шығыс ордерiне алынған соманы теңгемен көрсете отырып, қол қоюға тиiс. Кассир қолма-қол ақшаны кассалық шығыс ордерiнде көрсетiлген адамға ғана бередi.