Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) - жарғылық капиталы құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшердегі үлестерге бөлінген, бір немесе бірнеше тұлға құрған серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестік қызметіне байланысты залалдар тәуекелін өздері салған салымдар құны шегінде көтереді. Бұл ережеден ерекшеліктер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында ол белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатыны көзделмесе, белгісіз мерзімге құрылған болып есептеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Жарғылық капиталға салымдарды толық енгiзбеген серiктестiкке қатысушылар әрбiр қатысушының енгiзiлмеген салым бөлiгiнiң құны шегiнде оның мiндеттемелерi бойынша ортақ жауаптылықта болады.

ЖШС ашу. Қадамдық нұсқаулық

Қазақстанда ЖШС тіркеуге:

  • ҚР азаматының;
  • Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктің;
  • Тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ бизнес-көшіп келуші визасы бар шетелдіктің (ЕАЭО азаматтарынан басқа);
  • шетелдік заңды тұлғаның құқығы бар.

ЖШС-ті жалғыз қатысушы немесе тұлғалар тобы тіркеуге құқылы.

Қазақстанда ЖШС ашу үшін не қажет:

1-қадам. Компанияның қандай нысанда тіркелетінін анықтау (көбінесе бұл ЖШС);

2-қадам. бірегей болуы тиіс ЖШС атауын ойлап табу (атауы үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде болуы, сондай-ақ толық және қысқаша нысанда болуы мүмкін);

3-қадам. Заңды мекенжайды анықтау (құрылтайшының үй мекенжайы бойынша компанияны тіркеу, тұрғын емес немесе кеңсе үй-жайын жалға алу немесе сатып алу, заңды мекенжайды сатып алуға шарт жасасу);

4-қадам. Қызмет түрін таңдау (ЭҚЖЖ);

5-қадам. Болашақ қызметке сәйкес ЖШС қандай субъектіге жататынын анықтау: шағын бизнес, орта немесе ірі;

6-қадам. Кәсіпкерлік субъектісіне байланысты жарғылық капиталдың ең аз мөлшері (шағын бизнес үшін - 0 теңге, өзге ұйымдар үшін құжаттарды беру күніне ең аз дегенде 100 АЕК);

7 қадам. ЖШС жұмыс істейтін салық салу режимін таңдау. Компаниялар арнайы салық режимдерінің (АСР) бірінде не жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте (ЖБР):

Айта кету керек, бөлшек салықтан басқа және 2023 жылға дейін белгіленген шегерімді пайдаланатын барлық АСР ЖШС кірісінен салықтан босатылған.

8-қадам. Құрылтай шартына қол қою (егер қатысушылар бірнешеу болса);

9-қадам. ЖШС құру туралы шешімді ресімдеу;

10-қадам. ЖШС жарғысын әзірлеу және бекіту (жарғының үлгі нысаны бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі);

11-қадам. Құрылтайшылардың шешімімен директорды тағайындау;

12-қадам. Құрылтайшыға(-лар,п) ЖСН алу. ЖСН қалай алуға болады?

13-қадам. ЭЦҚ алу (егер құрылтайшылар бірнешеу болса, онда әрқайсысына) ЭЦҚ қалай алуға болады?;

14-қадам. ЖШС-ті ХҚКО-да немесе Egov.kz порталында тіркеу;

15-қадам. Банкте есеп шотын ашу. Банкті қалай таңдау керек?;

16-қадам. Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасу. Себебі ЖШС-те ең болмағанда бір жұмыскер – директор бар;

17-қадам. Мөрге тапсырыс беру (алайда мөр міндетті емес);

18-қадам. Лицензияны ресімдеу, қызметтің басталғаны туралы әкімдікке хабарлама беру (егер қызмет лицензиялауға жататын болса немесе мемлекеттік органдарды хабардар етуді талап етсе).

19-қадам. Кейбір қызмет түрлеріне POS-терминал қажет екенін ескеріңіз

Компанияны онлайн тіркеу үшін құрылтай шарты мен жарғының болуы міндетті емес, алайда, заңнаманың талаптарын сақтау және болашақта проблемаларды болдырмау үшін осы құжаттарды бірден ресімдеуді ұсынамыз.

Егер болашақ ЖШС қызметі жарғылық капиталды қалыптастырудың күрделі схемаларымен байланысты болмаса және ЖШС қандай да бір холдингтің құрылымына кірмесе, онда нысаны ҚР ҚМ 24.02.2015 жылғы № 106 бұйрығымен бекітілген Үлгілік Жарғыны пайдалануға болады.

ЖШС-ті онлайн тіркеу

Компанияны онлайн тіркеу үшін құрылтайшылардың әрқайсысында ЖСН және ЭЦҚ болуы тиіс. ЖСН салық қызметі базасында тіркелуі тиіс (мына жерден тексеруге болады). Егер салық органдарының базасында ЖСН болмаса, оны енгізу үшін оларға жүгіну қажет.

Не істеу керек:

  • Egov.kz порталында авторлану;

https://uchet.kz/upload/medialibrary/111/xy0391gzvymw3dxrjmidt2ph64sn9zs2.png


  • «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және тарату» қосымша бетіне көшу

https://uchet.kz/upload/medialibrary/6e2/kcr4f1ekz6sbfqxzlyhry777sysh2hgl.png
https://uchet.kz/upload/medialibrary/b68/ip1btychfz44yz9mlunlxsrssx81byt5.png


  • «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу...» қызметін таңдау;

https://uchet.kz/upload/medialibrary/803/v1umxvkktezqrk5zifc2w1rpunyvpcl0.png

https://uchet.kz/upload/medialibrary/cf9/ni2947kfjj2m56ye3pqyqyujtfydglkb.png


  • «Заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу ...» тіркеу түрін таңдау;

https://uchet.kz/upload/medialibrary/dd6/e5qm9gvaocqoepmai02f6rbjibuol4hc.png


  • басшы, меншік иелері (құрылтайшылар), олардың ЖШС-тегі үлесі, ұйымның орналасқан жері, ЭҚЖЖ, жұмыскерлердің шамамен алғандағы саны туралы деректерді толтыру;
  • ЖШС банктік шоты ашылатын банкті таңдау;
  • жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүргізілетін сақтандыру ұйымын таңдау;

https://uchet.kz/upload/medialibrary/2a4/l0xw047fc343c7n4cadl1q4l999jkywr.png


  • қажет болған жағдайда - қызмет құнын төлеу (ШОБ үшін - тегін);
  • ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою (егер құрылтайшылар бірнешеу болса - олардың әрқайсысы порталдағы өзінің жеке кабинеті арқылы қол қояды).


https://uchet.kz/upload/medialibrary/32b/bi6exudlyezj9y1yljjmv2vea3p27p93.png



Өтінімнің мәртебесін жеке кабинеттен «Қызметтерді алу тарихы» қосымша бетінен бақылауға болады.

https://uchet.kz/upload/medialibrary/797/9bd4h5ubb2uenu157ltp6hbuk22lrgb9.png

 

Тіркеу мерзімі 1 жұмыс күнін алады, ал ШОБ субъектілерін тіркеу портал арқылы өтініш берген сәттен бастап бір сағатты алады. Тіркеу аяқталғаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы электрондық анықтама беріледі.

Онлайн-қызмет бір рәсімде ЖШС тіркеуге, банктік шот ашуға және сақтандыру шартын жасасуға мүмкіндік береді, бұл өтініш берушіні үш түрлі мекеме мен ұйымға барудан құтқарады.