Арнаулы салық режимісалық төлеуші Салық Кодексінде белгіленген шарттарды сақтаған кезде салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен өзгеше, жекелеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АСР

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде арнайы салық режимдерін айтарлықтай оңтайландыру жүргізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде үш арнайы салық режимін қолдану көзделген:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі;
  • Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай арнайы салық режимдері жойылды:

  • арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР;
  • патент негізіндегі АСР;
  • бөлшек салықтың АСР;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР;

Салық кодексінің 715-бабында режимдер бойынша барлық жалпы талаптар бір кестеге жинақталған:

Арнаулы салық режимдерінің түрлері

Субъектілер

Шекті кіріс мөлшері (қаржы жылының 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш)

Мөлшерлеме, кіріс %-ы

Қызмет түрлері/жер учаскесінің болуы

А

1

2

3

4

5

1

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі

жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары,

айына 300

жеке табыс салығы - 0
әлеуметтік төлемдер - 4 *

арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

2

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары

бір жылда 600 000

4% мөлшеріндегі (жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету/арттыру құқығымен) жеке табыс салығы/ корпоративтік табыс салығы

және белгіленген мөлшерлердегі әлеуметтік төлемдер*

арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі

3

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі

шаруа немесе фермер қожалықтары

-

жеке табыс салығы – 0,5

Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген шекті алаңдарда жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде

* Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет түрлерінен кірістер алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілікті ұсынуды мынадай салық салу режимдерінде:

  • оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде;
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Алайда, жаңа Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар үшін АСР қолдану кезінде арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану міндетті.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР

  • Кім қолдана алады: ДК мәртебесі жоқ және жұмыскерлері жоқ жеке тұлғалар.
  • Кіріс: айына 300 АЕК-ке дейін.
  • Салық жүктемесі: кірістің 4%-ы (әлеуметтік төлемдер), ЖТС төленбейді.
  • Есептілік: декларация жоқ - есептеу e-Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер бойынша автоматты түрде қалыптастырылады.

Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен талаптарын сақтау кезінде қолдануға құқылы.

Мынадай шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) - Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі жұмыспен қамтыған деп танылады:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

  • жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  • күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын.

Арнаулы салық режимiн қолданудың тәртiбi мен шарттары

  • ЖТС, әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді;
  • Салық кезеңінде, яғни бір айда алынған кіріс салық салу объектісі болып табылады;
  • Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуды жүзеге асыру күні кірісті тану күні болып табылады;
  • Күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады;
  • Арнаулы мобильді қосымшаны ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен пайдалану.

ҚР СК 719-бабының  негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын салықты (бұдан әрі ҚР СК 77-тарауының мақсатында - жеке табыс салығы), әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеудің және төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылады.

Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.

     Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.

Күнтізбелік ай өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

   Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып немесе қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру кезінде жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді дербес есептеу және төлеу жолымен арнаулы салық режимін қолданады.

   Қызметті интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыру кезінде арнаулы салық режимін қолдану осы Кодекстің 721-бабының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.

ЖТС және әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР көзден ұсталатын салықты және әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, ЖТС есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 0% мөлшерлеме бойынша ЖТС және 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді:

  • ӘА - бір айдағы кірістің 1% (7 ЕТЖ-дан және АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • МЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • ЖМЗЖ - бір айдағы кірістің 1% (АСР бойынша шектен жоғары емес);
  • МӘМС - кірістің 1% (МӘМС туралы ҚРЗ сәйкес).

ҚР СК 720-бабында белгіленгендей жеке табыс салығының сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу осы баптың 2-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

Арнаулы салық режимінде ЖТС пен әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жүргізеді.

Бұл ретте арнаулы мобильді қосымшада салық кезеңінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар алған барлық кірістер сомасы және есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер сомасы көрсетіледі.

Қызметті жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша арнаулы салық режимінде жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасын салықтық кезең үшін есептеуді өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дербес жүргізеді.

Бұл ретте төлем құжаттарында көрсетілген кезеңдер үшін арнаулы салық режимінде төленген жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасы арнаулы салық режимінде есептелген жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасы деп танылады.

ЖТС бюджетке есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

Әлеуметтік төлемдерді арнаулы салық режимінде төлеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның арнаулы салық режимін қолдануы

Интернет-платформа операторы осы Кодекстің 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес салық агенті болып табылады, ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.

Салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлем сомаларын ұстап қалуды жүргізеді.

Ұсталған ЖТС сомаларын бюджетке аударуды салық агенті есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізеді.

Ұсталған әлеуметтік төлем сомаларын төлеуді салық агенті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде жүргізеді.

ҚР СК 716-бабының 9-тармағына сәйкес таңдалған арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні мыналар болып табылады:

   өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін таңдаған жеке тұлғалар үшін:

  • арнаулы мобильді қосымшада алғашқы чек қалыптастырылған айда көрсетілген чектің қалыптастырылған күні;
  • жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде – төлем құжаттарында көрсетілген кезең;

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР

ҚР Салық кодексінің 686-1-бабына сәйкес арнаулы мобильді қосымша – осы параграфта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша

Арнаулы мобильді қосымша

Арнаулы мобильді қосымшаның чегі

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР кім қолданады

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР қолдануды бастау күні

Салықтық кезең

ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және оларды төлеу тәртібі

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары

Арнаулы мобильді бағдарлама

20.12.2021 ж.85-VII ҚР Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда ҚР Салық кодексінің жаңа нормалары енгізілді

  • Арнайы мобильді қосымша - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және салық төлеушілер үшін электрондық қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім.

Салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің біреуін:

1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды:

  • патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін;
  • арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін таңдауға құқылы;

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

2) арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

  • патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 3 528 еселенген мөлшерінен аспайтын;

Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Арнаулы мобильді қосымшаның чегі

Арнаулы мобильді қосымшада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын дара кәсіпкер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы (клиент), алушы арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі қалыптастырылады.

Арнаулы мобильді қосымшаның чегі мынадай ақпаратты:

1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) арнаулы мобильді қосымшадағы чектің реттік нөмірін;

4) жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тұлғаның (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің) атауын, оның сәйкестендіру нөмірін қамтиды.

Осы тармақшада көрсетілген ақпарат жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның талап етуі бойынша, белгілі бір шығыстарға шегерімдерді растау мақсатында толтырылады;

5) өткізілетін тауар санаты, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;

6) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын (өлшем бірлігі үшін);

7) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;

8) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемін (олардың өлшем бірліктерімен);

9) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;

10) арнаулы мобильді қосымшаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-кодты қамтиды.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, электрондық алаңдар операторының мобильді қосымшасын пайдаланған кезде оларға арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы.

Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру және беру үшін, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау үшін пайдалана алады.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР кім қолданады

ҚР СК 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек:

1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтыны;

2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;

3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

  • сылақ жұмыстарын;
  • ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
  • еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
  • бояу және шынылау жұмыстарын;
  • такси қызметін;
  • автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
  • сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
  • фотография саласындағы қызметті;
  • аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
  • мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
  • көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
  • ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
  • бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды;
  • өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
  • ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
  • есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
  • спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
  • мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін;
  • өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
  • қосалқы білім беру қызметтерін;
  • өнер саласындағы қызметті;
  • компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
  • коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
  • жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
  • шаштараз қызметтерін;
  • маникюрді және педикюрді;
  • ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
  • жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
  • музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді;
  • үй жануарларын бағуды;
  • пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізуді жүзеге асыратын; (Норма 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі ҚР СК 682-2-бабы)

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР қолдануды бастау күні

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.

Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.

Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.

Осы тармақтың мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді

Салықтық кезең

Күнтізбелік жыл патент негізіндегі арнаулы салық режимін, тіркелген шегерім пайдаланылатын немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

Күнтізбелік ай арнаулы мобильді қосымшада ЖТС пен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең болып табылады.

ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және оларды төлеу тәртібі

Арнаулы мобильді қосымшада ЖТС мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және оларды төлеу тәртібі Салық кодексінің 686-3-бабында регламенттелген.

1. ЖТС сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Әлеуметтік төлемдерді есептеу «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

3. ЖТС және әлеуметтік төлемдер сомасын есептеу арнаулы мобильді қосымша арқылы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жүргізіледі.

4. ЖТС және әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 1109 бұйрығымен Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидалары бекітілді.

Қағидалар 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізілді.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларына сәйкес мобильді қосымшаны пайдаланушылар:

1) арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;

2) мобильді қосымшаны әкімшілендіруді және оның жұмысына мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылады.

Мобильді қосымшаны пайдаланушылар ретінде тіркелу үшін арнаулы салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлғалар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер:

1) мобильді қосымшаны жүктеп алады;

2)
оны пайдаланушылар ретінде авторизацияланады;

3)
жеке тұлғалар салық режимін, қызмет түрін, сондай-ақ дара кәсіпкер қызметінің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органын таңдай отырып, дара кәсіпкер ретінде тіркелуді жүргізеді;

4)
дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезеңінде мобильді қосымшаның негізгі құрауыштарын пайдаланады.

Заңды тұлғалар бұл қосымшада тіркелмейді. Ол тек жеке кәсіпкерлерге арналған.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 165-бабында «ақшалай есеп айырысу» ұғымына өзгеріс енгізілді, енді ол былай естіледі:

  • ақшалай есеп айырысулар - қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

Бұл мобильді қосымша арқылы төлеген кезде БКМ чегін беру міндетті екенін білдіреді.