Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi. (Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңның 1-бабының 8-тармағы).

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңның 5-бабына сәйкес -

Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.

Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.

Заңның 6-бабының ережелерінен - Ажыратылатын реңкi жоқ немесе тек мынадай:

1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;

2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;

3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;

3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;

6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар элементтерден тұратын белгілемелерді тауар белгілері ретінде тіркеуге жол берілмейді;

Егер көрсетілген белгілемелер тауар белгісінде үстем жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

2. Мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.

Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.

3. Тауар таңбалары немесе олардың элементтері ретінде:

1) тауарға немесе оның жасаушысына, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн;

2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;

3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;

4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi.

Тауар таңбасын есепте тану

ХҚЕС (IAS) 38 сәйкес кәсiпорын материалдық емес активтi актив ретiнде тек:

(а) осы активке жататын күтілетін болашақ экономикалық пайдалар кәсіпорынға түсуі ықтимал болған;

(б) активтің құны сенімді бағалануы мүмкін болатын; және

(в) активтің өзі материалдық емес баптың құрылуына байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың нәтижесі болып табылмайтын.

(г) активті сәйкестендіру кезінде ғана тануы тиіс.

Актив, егер ол:

- бөлiнетiн болып табылатын болса, яғни кәсiпорыннан ажыратылуы немесе бөлiнуi және сатылуы, берiлуi, лицензиямен қорғалуы, жалға берiлуi немесе айырбасталуы мүмкiн болса;

немесе

- осы құқықтарды кәсіпорыннан немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден беруге немесе бөлуге болатындығына қарамастан, шарттық немесе басқа да заңды құқықтардың нәтижесі болып табылса, сәйкестендіру критерийін қанағаттандырады.

Осылайша, егер тауар таңбалары оларды МЕА ретінде тану критерийлеріне жауап берсе, онда оларды МЕА деп тану қажет. Егер тауар таңбалары оларды МЕА ретінде тану өлшемдеріне сәйкес келмесе, онда оларды сатып алу бойынша шығыстар олар жұмсалған кезеңнің шығыстары болып танылуға тиіс.

Мысалы, егер осы тауар таңбасына меншік құқығын, тек пайдалану құқығын ала алмасаңыз, онда шығыстар бабы кезең шығыстарына жатқызылатын болады.

Бірақ егер тауар таңбасы тек Сіздің компанияңыз үшін әзірленетін болса және Сіз осы тауар таңбасының құқық иесі болсаңыз, онда, әрине, МЕА танисыз.

Есепте көрсетілуі:

МЕА тіркеуге арналған шығыстар

Дт 2730

Кт 3310

Осылайша, компания:

·        МЕА-ны аяқтаудың техникалық мүмкіндігін;

·        МЕА құруды аяқтау ниетін;

·        НМА-ны пайдалану немесе сату қабілетін;

·        шығындарды сенімді бағалау қабілетін көрсете алатын болса,

онда құрамына тауар таңбасын сатып алу немесе оны тіркеу кезінде жұмсалған шығыстар кірген бастапқы құны бойынша МЕА есепте танылады.