Штаттық кесте (ШК) – ұйымның құрылымы, штат құрамы мен штат саны белгіленген құжат.

Штат кестесінде әдетте құрылымдық бөлімшелердің, лауазымдардың атаулары, штат бірліктерінің саны, лауазымдық жалақылар, үстемеақылар және айлық жалақы қорының мөлшері болады.

Бұдан басқа, штат кестесінде әдетте нақты саладағы немесе кейбір лауазымдарға қатысты үстемеақылар мен қосымша ақылардың мөлшері мен түрлері көрсетіледі (мысалы, лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені немесе ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істегені үшін қосымша ақылар).

Қолданыстағы заңнама штат кестесiнiң нысанына талаптар қоймайды, кейбiр ұйымдар нақты жұмыскерлердi емес, лауазымдар санын және олар бойынша жалақыларды көрсетедi, басқалары жұмыскерлердiң тегiн көрсетедi. Әрбір ұйым штаттық кестені өзіне қолайлы еркін нысанда ресімдейді.

Еңбек заңнамасы компаниядан штаттық кестенің болуын талап етпейді. Алайда, көптеген компаниялар бұл құжатты қалыптастырады, себебі ол жұмыскерлердің сапалық, сандық құрамын, бос орындардың болуын, жұмыскерлердің тұрақтамау үрдісін және т.б. көрсетеді.

Еңбек шарттарында, жеке құрам бойынша бұйрықтарда және жұмыскердің еңбек кітапшасында лауазымның атауы штат кестесіне сәйкес көрсетіледі. Сонымен қатар, штат кестесі жұмыскерлердің қажетті санын анықтауға, жалақы төлеу үшін соманы анықтауға және ұйымның құрылымын көрсетуге мүмкіндік береді.

Штат кестесіне өзгерістер ұйымның бірінші басшысының бұйрығы негізінде енгізіледі.

Штат кестесі бекітілуге жатады. Бұл жағдайда бекітудің екі ықтимал нұсқасының бірін пайдалануға болады:

· Құжатты бекіту туралы басшының актісін шығару;

· Бекіту белгісін қою.

Құрылымдық бөлімшелердің, лауазымдар мен жалақылардың атауынан басқа, штат кестесі бекітілген бұйрықтың деректемелерін көрсету керек (бұйрықпен бекітілген жағдайда).

Штат кестесін ресімдеу кезіндегі қателер:

Штаттық кестені ресімдеу кезінде жиі кездесетін қателердің бірі - бір лауазым үшін әртүрлі жалақыны көрсету. Қолданыстағы заңнама бұл фактіні бұзушылық ретінде қарастырады. Әңгіме мынада: бір лауазымды атқара отырып, әртүрлі жұмыскерлердің бірдей лауазымдық міндеттері болады, бірдей лауазымдық функцияларды атқарады (Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес). Сондықтан әртүрлі жалақылар, бұл жағдайда, кемсітушілік ретінде бағалануы мүмкін. Дегенмен, адамдар әртүрлі және әрбір жұмыскер қойылған міндеттерді орындауда дербес болады (жұмысты орындаудың әртүрлі уақыты, жұмысқа әртүрлі көзқарас және т.б.). Әкімшілік жазадан қашу үшін жұмыс беруші:

· жұмыскерлерге арналған санаттарды енгізе алады (Мысалы: "1, 2... және т.б. санаттағы инженер"). Сонда бірдей қызмет атқаратын, бірақ әртүрлі санаттары бар жұмыскерлердің еңбегі әртүрлі төленетін болады.

Ұйымның штат кестесін сақтау мерзімі, штат кестесіне өзгерістер:

1) әзірлеу және/немесе бекіту орны бойынша - тұрақты;

2) басқа ұйымдарда - 3 жыл (жаңасымен ауыстырғанға дейін).

Штат кестесінің үлгісі

Штат кестесі