Мүлік салығы - бұл меншігінде ғимараттары мен құрылыстары бар ДК, меншігінде ғана емес, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғалар, сондай-ақ концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иелену, пайдалану құқығында концессионер төлеуге міндетті салық.

Мүлік салығы дегеніміз не

Мүлік салығын төлеушілер

Мүлік салығын төлеуші кім болып табылмайды

Мүлік салығының мөлшерлемелері

Ағымдағы төлемдер

Салықты төлеу мерзімі

Салық кезеңі және есептілік

Мүлік салығын төлеу тәсілі

Жауапкершілік

Мүлік салығы дегеніміз не

Осындай тіркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтарды мемлекеттік тіркеу болмаған жағдайда, осы объектіге мыналардың негізінде ic жүзінде иелік ететін және оны пайдаланатын (іске қосатын) тұлға осындай объектіге мүлік салығын төлеуші болып танылады:

  • жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін – мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) актісі;
  • қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе өзге де негіздер.

Мүлік салығын төлеушілер

Мыналар мүлікке салығын төлеушілер болып табылады:
1)
Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2)
Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3)
концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4)
осы Кодекстің 518-бабында көрсетілген тұлғалар.
2.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі мүлік салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мүлік салығын төлеуші кім болып табылмайды

Мыналар мүлік салығын төлеуші болып табылмайды:
1)
өздері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде айқындалған тәртіппен төлейді;
2)
мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3)
қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) діни бірлестіктер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

ҚР СК 700-бабына сәйкес - АСР қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, егер мүлік:

  • ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімін (акцизделетін өнімді қоспағанда) өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
  • ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:

акцизделетін өнімді қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өткізу; осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау және өткізу;
өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін (акцизделетін өнімді қоспағанда) қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;
мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша осындай кооперативтің мүшелері үшін (олардың ҚР СК 698-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында) қосалқыларды қоса алғанда, жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету);
мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне (олардың ҚР СК 698-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында) өткізу жөніндегі қызметіне қолданылатын болса, мүлік салығы сомасын 70%-ға азайтуға құқылы.

Мүлік салығының ставкалары:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар мүлік салығын тұрақ орнынан және қоймадан төлейді, өйткені мүлік салығын есептеу тәртібіне көп пәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсатта пайдаланылатын қойма, сондай-ақ тұрақ орны енгізілетін болады.

Заңды тұлғалар мен ДК радиоактивті қалдықтарды сақтау, көму және ядролық физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ядролық қауіпсіздік аймағының аумағындағы жылжымайтын мүлікке салық салу объектілерінен алып тасталды.

ҚР СК 521-бабы - Заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.

Мүлік салығын салық базасына 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мынадай төлеушілер есептейді:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері.

Төменде көрсетілген заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді:

  • дiни бiрлестiктер мен коммерциялық емес ұйымдарды: дербес бiлiм беру ұйымдары мен әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар;
  • қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
  • негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
  • мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
  • ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
  • ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар;
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар;
  • ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер.

Мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлеме бойынша:

  • ҚР СК 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
  • осы аумақта орналасқан және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері (салық салу объектілері) бойынша АЭА аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар.

Ағымдағы төлемдер

ҚР СК 522-бабына сәйкес - Қолда бар және сатып алынған мүлік бойынша АСР қолданатын ДК қоспағанда, заңды тұлғалар мен ДК ағымдағы төлемдерді есептейді.

Салықтық кезең ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер бухгалтерлік есеп деректері бойынша келіп түсетін күнге айқындалған келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-і салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі ағымдағы салықтық кезең айларының санына көбейтілген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын сомаға ұлғайтылады.
Ағымдағы төлемдер ұлғайтылуға жататын сома тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады
.

Салықты төлеу мерзімі

АСР қолданатын ДК мүлік салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.

Пайдалануға, сенімгерлік басқаруға берген немесе олар мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген кезде:

осындай салықтық кезеңнің ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды төлеудің алғашқы мерзімі болып табылады;
ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық сомасын тек түпкілікті есептеу және салық сомасын төлеу жүргізіледі (келесі жылдың 10 сәуіріне дейін) жүргізіледі.

Түпкілікті есеп айырысу есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер мүлік салығын есептеу жөніндегі түпкілікті есеп-қисапты жүргізеді және салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Салық кезеңі және есептілік

1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл мүлік салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

ҚР СК 516-бабының негізінде Жер салығы бойынша СЕН 701.01 ағымдағы төлемдерінің есебі ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей ұсынылады.

Бұл ретте ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде:

ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде – ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын, өйткені мұндай жағдайда Есеп берілмейді;

салықтық кезең ішінде салық бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде – ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетіп, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынады.

Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

Ағымдағы төлемдердің есебінен басқа мүліктің орналасқан жері бойынша салық органдарына Декларация СЕН 700.00 тапсырылады - есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:

  •  заңды тұлғалар;
  • дара кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;
  • жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.

Мүлік салығын төлеу тәсілдері

Мүлік салығын төлеуді бірнеше тәсілмен жүргізуге болады:

  • екінші деңгейдегі банктер бөлімшесінің кассасы арқылы;
  • салық органдарындағы касса арқылы;
  • интернет-банкинг көмегімен (егер қызмет қолжетімді болса);
  • Электрондық үкімет порталы арқылы;

Мүлік салығы бойынша берешек сомасын:

  • Салық қызметі бөлімшесінде (өзімен бірге ЖСН немесе БСН және паспорт болуы);
  • Электрондық үкімет порталында білуге болады;

Жауапкершілік

ӘҚБтК-нің 279-бабының 11-тармағы cалық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының – 20%, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30%, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.