Сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыртқы жарнама

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі сыртқы жарнама


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыртқы жарнама

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) күшіне енді.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем туралы ақпарат ҚР Салық кодексінің 70-тарауының 6-параграфында қамтылған. 

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы төлеушілер:

  • сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері;
  • жарнама орналастырылатын ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері болып табылады.

Егер жарнама өздерінің функционалдық міндеттері шеңберінде орналастырылса, мемлекеттік органдар төлеуші болып табылмайды.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері жарнама орналастырылған айдың бірінші күні қолданыста болған АЕК-пен айқындалады. Мөлшерлеме мөлшері:

  • орналасқан жеріне;
  • ауданға;
  • жарнама түріне байланысты болады.

Хабарламаны жібермей жарнаманы орналастырған жағдайда төлемақы мөлшерлемесі 2 есе ұлғайтылады. 

Облыстардың жергілікті мәслихаттары:

  • мөлшерлемелерді 50%-дан аспайтын мөлшерге төмендете;
  • мөлшерлемелерді 100%-дан аспайтын мөлшерде көтере алады.

Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті мәслихаттары:

  • мөлшерлемелерді 50%-дан аспайтын мөлшерге төмендете;
  • 200%-дан асырмай көтере алады.


Жалпы ережелер

Көрнекі жарнамаға не жатпайды

Көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Төлем мөлшерлемелері

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері


Жалпы ережелер

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

Көрнекі жарнамаға не жатпайды

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

1) маңдайша;

2) жұмыс режимі туралы ақпарат;

3) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;

5) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;

6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);

7) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды.

Көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады. (ҚР СК 653-бабы)

Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнаманы іс жүзінде орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда, жергілікті өкілді органның шешімін ескере отырып, ҚР СК 655-бабында айқындалған төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғайтылады.

Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынады.

Төлем мөлшерлемелері

ҚР СК 655-бабының негізінде төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрді қоса алғанға дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Жол санаты

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кіреберістер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2



Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді.

Облыстардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне және көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 100 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.

Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 200 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері

1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:

1) хабарламада көрсетілген;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.

Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі сыртқы жарнама

Сыртқы (көрнекі) жарнама - сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс ашық кеңістікте визуалды қабылдауға қолжетімді жарнама.

 

Жалпы ережелер

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға не жатпайды

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

Төлем мөлшерлемелері

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері

 

Жалпы ережелер

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға не жатпайды

Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3)
арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4)
қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;
5)
автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;
6)
мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
7)
айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8)
сырттан көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды:

  • үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
  • көрсетілетін қызмет түрлері;
  • дараландыру құралдары;

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін алынады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақы мөлшерлемелері

Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері 3-8 АЕК құрайды.

Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.

Есептеу, төлеу тәртібі және төлеу мерзімдері

Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:

1) хабарламада көрсетілген;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

Бюджетке енгізуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.

Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.