Салық төлеушінің кабинеті - бұл салық агенттерімен, салық төлеушілермен өзара іс-қимыл жасау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті құрған бағдарламалық қамтамасыз ету. Салық төлеушінің кабинеті арқылы Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш жасауға, есептілікті тапсыруға, дербес шоттардың жай-күйін көруге болады.

Салық төлеушi кабинетiнiң арқасында салық төлеушiнiң салықтық есептерді электронды тәсiлмен тапсыруға мүмкiндiгi бар.

Салық төлеуші кабинетінің артықшылықтары:

  • салық органдарының жұмыс кестесіне байланыссыз тәулік бойы онлайн қол жеткізу;
  • салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы алу;
  • салық есептілігінің бланкілері мен үлгілеріне қол жеткізу;
  • есептілікті кез келген ыңғайлы уақытта тапсыру мүмкіндігі;
  • ақпараттың құпиялылығы;

Салық төлеушінің кабинетінде тіркелу үшін:

  • salyk сайтынан («Ақпараттық жүйелер» бөлімі) «Салық төлеушінің кабинеті» қосымшасын көшіріп алу;
  • қолданыстағы ЭЦҚ-ның болуы қажет.

ЭЦҚ алу:

  • ХҚКО-да;
  • egov.kz порталында, «Сервистер» бөлімінде, «ЭЦҚ қашықтықтан алу».

Салық төлеушінің кабинеті мынадай қызметтер көрсетеді:

  • салықтық хабарламалар мен хабарлар беру;
  • салық есептілігін толтыру, тапсыру;
  • берілген есептіліктің мәртебесін қарау;
  • салықтық өтініштер беру;
  • салықтық тексерулер нәтижелеріне шағымдану;
  • ҚР СК-мен өзара есеп айырысулар бойынша салыстыру актілерін қалыптастыру;
  • салық төлеушінің дербес шотын ұсыну;
  • жеке шоттан үзінді көшірмелерді сұрату;
  • салықтар мен өзге де төлемдерді төлеу;
  • төлемдерді қадағалау;
  • салық күнтізбесі;
  • салық берешегін тексеру;
  • салық құжаттамасын көшіріп алу және басып шығару;