Материалдық көмек – қандай да бір жағдайларда ұйым қызметкерлеріне және оның отбасы мүшелеріне ақшалай немесе заттай нысанда беретін әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік көмектің нысаны.

ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 23-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлері алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 94 еселенген мөлшері шегiндегі:

·        жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға ақы төленген нақты шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде – жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын жабу үшiн;

·        жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;

·        қайтыс болғаны туралы анықтама немесе қайтыс болғаны туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.

Кіріске түзету қолдану туралы өтініш негізінде және растайтын құжаттар болған кезде көрсетілген кірістер салық салудан босатылады.

Осылайша, ҚР Салық кодексінің 341-бабы 18-тармағының 1-тармағында көрсетілген шекте (АЕК-тің 94 еселенген мөлшерінде) жерлеуге, тууға арналған материалдық көмекке кірісті түзетуді қолдану туралы өтініш негізінде және растайтын құжаттар болған кезде ЖТС, МЗЖ, МКЗЖ, ӘС, ӘА, МӘМСА салынбайды.

Жұмыс беруші жұмыскерлерге бала туған кезде, жұмыскер немесе жақын туысы қайтыс болған кезде материалдық көмек, сондай-ақ жұмыскер еңбек ету қабілетінен айрылған немесе ауруға шалдыққан кезде көрсететін материалдық көмек түрлері осындай жұмыскерлердің салық салуға жататын кірістері болып танылады, олар өз кезегінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген шарттар сақталған кезде кейіннен түзетілуге жатады.

Егер жұмыс берушінің материалдық көмекке шығыстары Салық кодексінің 322-бабына сәйкес салық салуға жататын жұмыскердің кірістері деп танылған жағдайда, онда корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында мұндай шығыстар кіріс алуға бағытталған және тиісті бастапқы құжаттармен расталған қызметке байланысты болған жағдайда, жұмыскерлердің есептелген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары түрінде шегерімге жатқызылуға тиіс.