ЭШФ – бұл салық заңнамасы нормаларының талаптарына және ЭШФ құжат айналымы қағидаларына сәйкес келетін ақпараттық жүйеде (ЭШФ АЖ) құрылған электрондық түрдегі шот-фактура.
Қазақстанда 2014 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінің электрондық шот-фактураларды жазып беру туралы ережелері қолданысқа енгізілді, ал 2015 жылғы 22 ақпанда электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы қағидалары («Қағидалар») бекітілді және «ЭШФ ақпараттық жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуі енгізілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭШФ
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЭШФ
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭШФ
Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер электрондық шот-фактураларға қатысты болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Шот-фактураны жазып беру қағидалары және оның нысаны бекітіледі. (Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
ҚР СК жаңа 208-бабы 1-тармағының 10) тармақшасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығымен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі бекітілді.
ҚР СК осы бабына сәйкес ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер өздеріне келіп түскен және «ЭШФ» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде келіп түскен кезде көрсетілген тауарларды өткізген жағдайда шот-фактура жазып беруге міндетті.
2026 жылдан бастап тауарлар тізімі жаңа позицияларды қосу есебінен кеңейтілді. Оған алкоголь өнімдерінің жекелеген санаттары, спирттер, мұнай өнімдері, мұнай газдары және газ тәріздес көмірсутектер, эфирлер, альдегидтер, кетондар мен хинондар кірді.
Шот-фактураны кім жазып беруге міндетті
ЭШФ қашан жазып бермеуге болады
Түзетілген және қосымша ЭШФ алушылар үшін растау мерзімдері
ЭШФ бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС
Шот-фактураны кім жазып беруге міндетті
Барлық тіркелген ҚҚС төлеушілер жалпы тәртіппен ЭШФ жазып беруге міндетті (ҚР СК 207-бабы).
- Салық кодексінің 50-тарауына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген;
Сондай-ақ міндеттеме белгіленген жағдайларда ҚҚС төлемейтіндердің кейбіріне де қатысты.
ҚҚС төлемейтіндердің қайсысы ЭШФ жазып беруге міндетті
Шот-фактураларды ұсыну бойынша міндет енді ҚҚС төлемейтіндердің жаңа санаттарына да қолданылады (ҚР СК 208-бабы).
- ҚР СК 495-бабында белгіленген жағдайларда – комиссионер;
- ҚР СК 494-бабында айқындалған жағдайларда – экспедитор;
- Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде оның ведомствосы;
- Жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша;
- Сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде – аккредиттелген заңды тұлға;
- Кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, УСҚ (уақытша сақтау қоймаларының) иелері, кедендік қоймалардың иелері және уәкілетті экономикалық операторлар;
- Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатындар;
- ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған ҚР нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
- Импортталған тауарларды өткізу кезінде;
- Егер тауар «Виртуалды қойма» модулінде ескерілсе – оны сату кезінде;
- Медициналық қызметтерді, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдар мен техникалық оңалту құралдарын өткізу кезінде.
- Заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.
ҚҚС төлемейтіндердің шот-фактураларды ресімдеуін реттейтін жаңа бап бекітілді (ҚР СК 209-бабы).
- Атап айтқанда, төтенше жағдай немесе ТЖ қолданылатын кезеңде қағаз нысанында жазып берілген шот-фактуралар ЭШФ АЖ-ға осындай кезеңдер аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі тиіс.
- ЭШФ-дағы барлық мәндер теңгемен көрсетіледі.
- Айналым жасау күні ҚР СК 460-бабына сәйкес айқындалады.
- Тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы анықталған тәуекелдер болған кезде ЭШФ оны жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куәландырылады.
- Жазып беру мерзімі ҚР СК 493-бабымен реттеледі, ал ЭШФ ресімдеуге сатып алушы тарапынан талап ету мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.
Мысалы, ҚР СК 209-бабына сәйкес салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекараларында тұрған жері бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған;
2) уәкілетті органның интернет-ресурсындағы техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып берудің мүмкін еместігі туралы ақпарат расталған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі.
Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады;
3) Салық кодексінің 88-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрған кездегі жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура Салық кодексінің 88-бабына сәйкес шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді тоқтата тұрудың күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады;
4) төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беріледі.
Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылу кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.
2. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура электрондық шот-фактура нысанында екі данада жазып беріледі, оның біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.
Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада шот-фактураның электрондық нысанында көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.
3. Шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
4. Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізсе, сондай-ақ, егер құрылымдық бөлімше заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болған жағдайда, онда шот-фактурада осындай құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі.
5. Шот-фактураны жазып беру мақсаттары үшін:
- айналым жасалған күн осы Кодекстің 460-бабының ережелеріне сәйкес айқындалады;
- айналым мөлшері осы Кодекстің 461-462-баптарының ережелеріне сәйкес айқындалады.
6. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Шот-фактура осы Кодекстің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде салық төлеушіге қатысты тәуекел анықталған кезде уәкілетті орган көздеген тәртіппен шот-фактураны жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куәландырылады.
Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
- заңды тұлғалар үшін – басшының және бас бухгалтердің қолтаңбасымен, сондай-ақ егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен;
- дара кәсіпкерлер үшін – тегі, аты және әкесінің және (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған кезде), сондай-ақ дара кәсіпкердің қолтаңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен уәкілеттік берілген жұмыскердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көзбен шолып танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураларға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін ұсынуды талап ете отырып жүгінуге құқылы, ал өнім беруші осы талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, салық төлеушінің шешімі бойынша өзі жазған шот-фактураларды осындай құрылымдық бөлімшенің заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрімен куәландыруға құқылы.
Жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жазып берген шот-фактура Салық кодексінің 216-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетілуін қамтитын уәкілетті өкілдің мөрімен, сондай-ақ осындай уәкілетті өкілдің басшысы мен бас бухгалтерінің қолтаңбаларымен куәландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есепке алу саясатына сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепке алуды жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолтаңбасының орнына "көзделмеген" деп көрсетіледі.
7. Қосылған құн салығын төлемеушілер шот-фактураны осы Кодекстің 493-бабында белгіленген мерзімдерде жазып береді.
8. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 494-498-баптарында белгіленген.
Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша ЭШФ жазып беру
Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеушілер бейрезиденттерден Қазақстан Республикасы сату орны болып танылған жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу кезінде шот-фактура жазып беруге міндетті. (ҚР СК 454-бабы)
Шетелдік жеткізуші ұсынған қызмет құнына ҚҚС енгізу фактісі орындалған жұмыстар актісінде немесе өзге растайтын құжатта ҚҚС тиісті сомасын бөлумен расталады.
Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеуші шот-фактураны Салық Кодексінің 50-тарауында көзделген тәртіппен жазып береді. (ҚР СК 454-бабының 2-тармағы)
Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіндегі немесе қызметтер көрсету фактісін растайтын өзге құжаттағы бөлінген салық сомасы шетелдік компанияның электрондық нысанда көрсетілген қызмет құнына қосылған құн салығының сомасын енгізгенін растау болып табылады.
ЭШФ қашан жазып бермеуге болады
Шот-фактура талап етілмейтін ерекшеліктер бар (ҚР СК 491-бабы):
- Егер жеке тұлғалармен есеп айырысу сатып алушыға БКМ чегін немесе POS-терминал чегін, арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсыну арқылы жүзеге асырылса;
- Егер сату – электрондық ақша арқылы немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып;
- Егер қызметтер – коммуналдық, байланыс, т/ж немесе авиабилеттер;
- Егер тауар кәдімгі жеке тұлғаға өтеусіз берілсе;
- Егер операция – қаржылық (мысалы, кредиттер, сақтандыру).
- Егер тауарлар жеке немесе отбасылық пайдалану үшін сатылса;
- Егер сатып алушы – микрокәсіпкерлік субъектісі.
Сондай-ақ өзгерістер құжат айналымының тәртібіне де қатысты болды (ҚР СК 491-бабы):
- Фискалдық чектердегі ЖСН бұдан әрі міндетті емес – оны сатып алушының талап етуі бойынша ғана көрсетеді:
бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша мұндай чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс; (ҚР СК 491-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы)
ЭШФ жазып беру мерзімдері
Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері түзетілді:
- ЭШФ айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей ресімделуге тиіс. (ҚР СК 493-бабының 1-тармағы)
- Айналымдардың кейбiр түрлерi үшiн шот-фактура айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, қызметтер бойынша айналым жасалған күн келетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жазылады. ЭШФ айдың қорытындысы бойынша ресiмдеуге болатын айналымдар тiзбесi кеңейтiлдi. (ҚР СК 493-бабының 2-тармағы)
- ТЖ кезінде ЭШФ жазып беру үшін нақты мерзімдер пайда болды: төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура төтенше жағдай немесе төтенше жағдайдың қолданылуы аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады. Жазып беру тәртібі мен шот-фактураның нысанын уәкілетті орган белгілейді. (ҚР СК 492-бабы 1-тармағының 4-тармақшасы.)
- Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде құқықтық мирасқор, егер соманы ұлғайту талап етілсе, айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жүз сексен күннен кешіктірмей қосымша ЭШФ жазып беруі тиіс. (ҚР СК 493-бабының 7-тармағы)
- Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бейрезиденттен сатып алынған жағдайда, электрондық нысандағы шот-фактураны бейрезидент үшін осындай айналым бойынша қосылған құн салығын бюджетке төлегеннен кейін, бірақ мұндай төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, оның ішінде осы Кодекстің 122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы сатып алушы жазып береді. (ҚР СК 493-бабының 9-тармағы)
- ЭШФ беру мерзімі талап бойынша қысқартылды:
айналым күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде - Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы (ҚР СК 491-бабының 4-тармағы)
- Тасымалдау қызметтерін жеткізушілер үшін жаңа міндет енгізілді:
сатып алушы ЭШФ-ны немесе қызметті алғаннан кейін 15 күн ішінде растайтын құжатты талап ете алады -
көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы. Өнім беруші мұндай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті. (ҚР СК 491-бабының 5-тармағы)
Түзетілген және қосымша ЭШФ алушылар үшін растау мерзімдері
Түзетілген
және қосымша ЭШФ алушылар үшін, сондай-ақ оларды қайтарып алған жағдайда жаңа
міндеттер мен растау мерзімдері енгізілді.
Сонымен, ҚР СК 499-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық нысанда
жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді алушы:
1) егер осындай түзетілген шот-фактураны алушы қосылған құн
салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураның жазып берілгенін растауға
немесе келіспеген кезде қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны
алушыдан растау болған кезде шот-фактура жазып берілген болып есептеледі;
2) егер түзетілген шот-фактураны
алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – түзетілген шот-фактураны
алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сондай шот-фактураны жазып беруді
қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім
ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді алушы растаған болып есептеледі.
Бұл ретте алушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге
осындай түзетілген шот-фактураны кері қайтарып алуды талап ете отырып жүгінуге
құқылы. Осы баптың
ережелері осы Кодекстің 500-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
5. Қайта құру жолымен
қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның
құқық мирасқоры түзетілген шот-фактураны жазып беруді жүргізбейді.
Тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы электрондық нысанда жазып берілген
қосымша шот-фактура бойынша:
1) егер осындай қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураның жазып берілгенін растауға немесе келіспеген жағдайда қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура жазып берілген болып есептеледі;
2) егер қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураның жазып берілуін қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге осындай қосымша шот-фактураны кері қайтарып алу талабымен жүгінуге құқылы. (ҚР СК 500-бабының 4-тармағы.)
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып берілуін жарамсыз деп тану мақсатында жүргізіледі. (ҚР СК 501-бабы)
Шот-фактураны кері қайтарып алуды шот-фактураны жазып берген салық төлеуші жүргізеді.
Электрондық нысанда жазып берілген, кері қайтарып алынған шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы:
1) егер осындай шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды растауға немесе келіспеген кезде қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура кері қайтарып алынған болып есептеледі;
2) егер шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – шот-фактураны кері қайтарып алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактураны кері қайтарып алуды тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы бұрын жазып берілген шот-фактураны қалпына келтіруді талап ете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы.
ЭШФ бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС
Салық төлеуші электрондық нысанда алынған шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын таныған жағдайда, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде қосылған құн салығының осындай сомасы есепке жатқызылатын сома ретінде есепке алынған қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі жасайды. (ҚР СК 480-бабының 8-тармағы)
ЭШФ жазып беруді бақылау
Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Салық кодексінде (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі) ЭШФ жазып берілуін бақылауға арналған 13-тарау көзделген
ЭШФ жазып берілуін бақылау жоғары тәуекелі бар ЭШФ жазып берудің жолын кесу мақсатында жүргізіледі.
Салық кодексінде ЭШФ үзіндісін бақылаудың 2 түрі көзделген:
- автоматтандырылған бақылау;
- салыстырмалы бақылау.
ЭШФ жазып берілуін автоматтандырылған бақылау
Автоматтандырылған
бақылау салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызылған салық
төлеуші жазып берген ЭШФ салық органының ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірін берудің
автоматтандырылған процесін білдіреді. (ҚР СК 139-бабы)
Автоматтандырылған
бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган бекітеді.
Автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган да белгілейді және мыналарды қамтуы тиіс:
- салық шотын жүргізу тәртібі;
- салықтың баланстық сомасын есепке алу тәртібі;
- салық төлеушінің салық шотын толықтыру тәртібі;
- электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аудару тәртібі;
- салық төлеушінің ақшаны қайтару туралы өтінішін беру және қарау тәртібі мен мерзімдері;
- салық төлеушіге ақшаны қайтару тәртібі;
- автоматтандырылған бақылау жүргізу кезеңі.
Әрбір ЭШФ-ға тіркеу нөмірі берілетінін атап өту маңызды. Егер ЭШФ-ға тіркеу нөмірі берілмеген жағдайда, ол жазып берілмеген болып есептеледі.
ЭШФ жазып берілуін салыстырмалы бақылау
ҚР СК 141-бабына сәйкес салыстырмалы бақылау - салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:
- оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;
- салықтық есептіліктің;
- салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің;
- банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мәліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
ЭШФ жазып берілуін салыстырмалы бақылау жүргізудің мақсаты - тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтерді көрсету бойынша нақты айналымның жасалғанын анықтау.
Салыстырмалы бақылау талап қою мерзімі шегінде жазып берілген ЭШФ бойынша
жүзеге асырылады.
Егер жүргізілген салыстырмалы бақылаудың нәтижелері бойынша салық органында
тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша
операциялардың нақты жасалуына күмән туындаса, онда салық төлеушіге тауарларды
өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты
жасалғанын растау туралы хабарлама табыс етіледі.
Егер салық төлеуші ұсынылған хабарламамен:
- келіссе, онда ЭШФ-ны қайтарып алады және оларды қайтарып алу туралы түсініктеме береді;
- келіспесе, онда операциялардың (мәмілелердің) және (немесе) тауарлардың шығу тегі бойынша құжаттардың, сондай-ақ жұмыстардың нақты орындалуын, қызметтердің көрсетілуін растайтын кез келген басқа да құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып, айналымның нақты жасалғанын растайтын негіздемемен түсіндірме беру арқылы хабарламада көрсетілген ЭШФ бойынша айналым жасау фактісінің болмауымен келіседі.
Түсіндірме еркін нысанда ұсынылады және мыналарды қамтуы тиіс:
- хабарламаны табыс еткен салық төлеушінің және салық органының сәйкестендіру деректері;
- хабарламаның нөмірі мен күні;
- келіспеушіліктің негіздемесі.
Салық төлеуші
түсініктемеге оның дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беруге
құқылы.
Салық органы түсіндірме келіп түскен күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде
хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарады.
Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім салық төлеушіге ол шығарылған
күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде беріледі.
Салық органы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде ЭШФ жазып
берілуін тоқтата тұрады.
Салық төлеуші хабарламаны орындамаған кезде салық органы осындай хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде:
- салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады;
- ЭШФ жазып берілуін тоқтата тұрады.
ЭШФ жазып берілуін тоқтата тұрған салық төлеушілер туралы мәліметтер ЭШФ жазып берілуін тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
ЭШФ жазып беру
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Шот-фактураны жазып беру қағидалары және оның нысаны бекітіледі. (Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Күтілетін нәтиже
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) шот-фактураларды
электрондық нысанда ресімдеу бойынша қолданыстағы функционалды бекіту болып
табылады, бұл Ұлттық бақылау жүйесін құру бойынша
халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде қадағалануға жататын тауарлар
және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді
жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бұл Қазақстан Республикасының бейрезидентінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
өткізу, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша операциялардың
ашықтығын, бақылауын және есепке алынуын, құжат айналымын оңайлатуды,
шот-фактураны электрондық нысанда өңдеуге және сақтауға арналған шығындарды
азайтуды, қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын есепке
жатқызуын және (немесе) корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге жатқызу
мақсатында шығыстарды растауды қамтамасыз етеді.
ЭШФ АЖ-де тіркеу кезінде ЭШФ АЖ
қатысушысына мынадай мәртебелер беріледі:
1) жеке тұлға;
2) дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам;
3) заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).
Заңды тұлғаны (заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшесін) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеуді заңды тұлға
құрылтайшысының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша немесе заңды тұлғаның
басшысын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне тағайындау туралы заңды тұлғаның
қабылдаған шешімі негізінде тағайындалатын заңды тұлғаның (заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы ғана жүргізеді.
«Жеке тұлға» мәртебесінде тіркелген ЭШФ АЖ қатысушысы, мұндай жеке тұлға ЭШФ АЖ
қатысушысы - заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің), дара
кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның уәкілетті өкілі, жұмыскері
болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ
жазып бермейді.
ЭШФ АЖ қатысушысын әрбір мәртебе бойынша тіркеу биометриялық сәйкестендіру арқылы және жеке Келісімнің ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.
Заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) үшін келісім бір мезгілде:
- осы заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысына жеке тұлға ретінде берілген ЭЦҚ;
- осы заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлғаға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне) берілген ЭЦҚ;
- осы заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысының биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы куәландырылады.
ЭШФ АЖ-де электрондық нысанда жасалатын сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының ережелеріне сәйкес:
- заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы уәкілетті тұлғаны және (немесе) сенім білдірілген өкілді айқындайды;
- дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын тұлға уәкілетті тұлғаны айқындайды.
ЭШФ-мен операциялар
ЭШФ АЖ-де құжат айналымы процесінде мынадай операциялар орындалады:
Мынадай
кезеңдерді қамтитын ЭШФ үзінді көшірмесі:
- ЭШФ құру – ЭШФ нысанын толтыру;
- ЭШФ растау – ЭШФ куәландыру;
- ЭШФ биометриялық деректермен растау – ЭШФ АЖ
биометриялық сәйкестендіру арқылы ЭШФ куәландыру рәсімі;
- ЭШФ жіберу – талаптарға сәйкестігін тексеруді
жүзеге асыру үшін құрылған және куәландырылған ЭШФ жіберу;
- ЭШФ өңдеу – ЭШФ-ның талаптарға сәйкестігін
тексеруді жүзеге асыру процесі;
- ЭШФ тіркеу – ЭШФ АЖ бірегей тіркеу нөмірін ЭШФ-ға беру рәсімі. ЭШФ тіркеу ЭШФ АЖ өңдеу
процесінде анықталған қателер болмаған жағдайда жүргізіледі;
ЭШФ алу – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
жеткізушіден жазып берілген ЭШФ-ны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді алушыға жеткізу;
ЭШФ қарау - жазып берілген ЭШФ көрсету;
ЭШФ беру – жеткізуші жазып берген ЭШФ-ны
осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жеткізу;
ЭШФ кері қайтарып алу – ЭШФ жарамсыз деп тану;
Растау – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының түзетілген
немесе қосымша ЭШФ жазып беру бойынша не бұрын жазып берілген ЭШФ кері қайтарып
алу бойынша өнім берушінің іс-қимылын растауы;
ЭШФ-ны қабылдамау - тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді алушының түзетілген немесе қосымша ЭШФ-ны жазып беру
бойынша не бұрын жазып берілген ЭШФ-ны кері қайтарып алу бойынша өнім берушінің
іс-қимылын қабылдамауы;
Электрондық нысанда шот-фактураны қабылдау - ЭШФ АЖ құралдарымен өңдеу және
тіркеу үшін ЭШФ АЖ қатысушысының басқа есепке алу жүйелерінен құжат
импорты;
ЭШФ экспорты – ЭШФ АЖ-де жазып берілген ЭШФ-ны, оның ішінде
ЭШФ АЖ қатысушысын басқа есепке алу жүйелеріне беру жолымен сақтау.
ЭШФ мәртебесі
Операцияларды жүзеге асыру кезінде ЭШФ мынадай мәртебелерге ие болады:
- «Биометриялық сәйкестендіруді күтуде» - Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес биометриялық сәйкестендіруден өтуді күтетін ЭШФ
- «Биометриялық сәйкестендіру мерзімінде өтпеген» - Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес белгіленген мерзімде биометриялық сәйкестендіруден өтпеген ЭШФ;
- «Жойылған, биометриялық сәйкестендіруден өтпеген» - Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес биометриялық сәйкестендірудің өтпеуіне байланысты ЭШФ АЖ-дан алып тасталған ЭШФ;
- «Қаралған жоқ» - жазып берілген ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қарамаған жағдайда;
- «Жеткізілді» - жазып берілген ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушымен қаралған жағдайда;
- «Күші жойылды» - жазып берілген ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің түзетілген ЭШФ-ны жазып беруіне байланысты жойылған жағдайда;
- «Тауарларға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) қабылданбаған кезде күші жойылды» - жазып берілген ЭШФ өнім беруші ресімдеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қабылдамауына байланысты жойылған жағдайда;
- «ТІЖ қайтарып алу кезінде күші жойылды» - бұрын ресімделген ТІЖ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қайтарып алуына байланысты жазып берілген ЭШФ жойылған жағдайда;
- «Есепке жатқызу және шегерімге жатқызу кезінде күші жойылды» - сот осындай салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алу анықталған операцияларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актісі негізінде ЭШФ жазып берілген мәміле (операция) бойынша заңды тұлғаны және (немесе) дара кәсіпкерді тіркеуді/қайта тіркеуді жарамсыз деп тануға байланысты жазып берілген ЭШФ жойылған жағдайда;
- «Кері қайтарылды» - жазып берілген ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші кері қайтарып алған жағдайда;
- «Шимай» - ішінара немесе толық толтырылған ЭШФ жобасы;
- «Импортталған» - ЭШФ АЖ-не ЭШФ АЖ қатысушысының есепке алу жүйелерінен жүктелген, ол бойынша өңдеу жүргізілген, бірақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;
- «Қате» - өңдеуден өтпеген және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;
- «Расталды» - жазып берілген түзетілген немесе қосымша не кері қайтарып алынған ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған жағдайда;
- «Қабылданбаған» - жазып берілген түзетілген немесе қосымша не кері қайтарып алынған ЭШФ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қабылдамаған жағдайда;
- «ЭШФ АЖ бұғатталған» - жазып берілген ЭШФ мемлекеттік қолдау шараларын қолдану үшін уәкілетті органға жіберілген жағдайда.
ЭШФ бөлімдері
ЭШФ мынадай бөлімдерден тұрады:
- жалпы бөлім;
- өнім берушінің деректемелері;
- өнім берушінің банктік деректемелері;
- алушының деректемелері;
- мемлекеттік мекеменің деректемелері;
- жүк жөнелтуші мен жүк алушының деректемелері;
- шарт (келісімшарт);
- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың деректемелері;
- тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша деректер;
- бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер;
- өнім берушінің сенім білдірілген өкілінің (операторының) деректемелері;
- алушының сенім білдірілген өкілінің (операторының) деректемелері;
- қосымша мәліметтер;
- ЭЦҚ бойынша мәліметтер.
ЭШФ растауы
ЭШФ заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің), дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның немесе уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылады. ЭШФ АЖ ЭШФ-ны куәландыру кезінде осы куәліктің жарамдылығы мәніне ЭЦҚ тіркеу куәлігін тексеруді жүзеге асырады (ЭЦҚ тіркеу куәлігі қолданылу мерзімі, иесінің сәйкестендіру деректері).
Салық кодексінің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде салық төлеушіге қатысты тәуекел анықталған кезде ЭШФ Салық кодексінің 209-бабының 6-тармағында және 492-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес ЭШФ жазып беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаның биометриялық деректерімен қосымша куәландырылады.
Бұл жағдайда салық төлеушіге ЭШФ АЖ арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.
Биометриялық сәйкестендіру ЭШФ жазып беру кезінде күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.
Биометриялық сәйкестендіруден сәтті өткен жағдайда ЭШФ АЖ ЭШФ өңдейді және ЭШФ тіркеу нөмірін береді.
Биометриялық сәйкестендіру өтпеген кезде ЭШФ жазып берілуі мүмкін болмайды.
Міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны 3 мәртені құрайды.
Көрсетілген санға жеткеннен кейін ЭШФ АЖ биометриялық сәйкестендіруден өтпей ЭШФ-ны одан әрі жазып беру мүмкіндігін береді.
Шот-фактураны жазып беру қағидалары және оның нысандары
2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ЭШФ
Шот-фактураны кім жазып беруге міндетті
ЭШФ бойынша жалпы ережелер
Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:
1) салық
төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі
болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура
электрондық нысанда жазып беріледі.
2) техникалық қателер себебінен электрондық шот-фактуралардың
ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру мүмкін емес екені туралы
ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында расталған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып
беріледі.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін
қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен
бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық
жүйесіне енгізуге жатады. (ҚР СК 412-бабының 2-тармағы)
Шот-фактурада мыналар көрсетілуге тиіс:
1) шот-фактураның реттік нөмірі;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге
қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды
тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы.
Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды
көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына
сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
4) шот-фактураның жазып берілген күні;
5) ҚР СК 416-бабында көзделген
жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – комитент немесе комиссионер;
6) акцизделетін тауарлар өткізілген жағдайда - егер мұндай өткізу акциз салынатын объект болып табылса, акциздің сомасы
қосымша;
7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің атауы;
8) салық салынатын (салық салынбайтын)
айналымның мөлшерi;
9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;
10) қосылған құн салығының сомасы;
11) қосылған құн салығы ескеріле отырып,
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық
қызмет тауар номенклатурасының коды;
13) мемлекеттік сатып алу туралы шарт
бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген жағдайда –
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күні мен нөмірі.
Шот-фактураны кім жазып беруге міндетті
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) осы Кодекстің
367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген ҚҚС төлеушілер;
2) ҚР ратификациялаған
халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық
төлеушілер;
3) осы Кодекстің 416-бабында
белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын
комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған
құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер;
6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруы кезінде
мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесі;
7) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің
"Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге
өткізілген жағдайда, ҚҚС
төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер;
8) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және
осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің
1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ҚР-да ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар
(мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды
қоспағанда), қызметін ҚР-да
филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке
практикамен айналысатын адамдар.
9) жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері
бойынша – салық төлеушілер.
2023 жылдан бастап ЭШФ жазып беруге міндетті тұлғаларды толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл норма қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан
Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда жазылған.
412-бапқа 10) және 11) тармақшалар қосылған, олар 2023 жылдан бастап шот-фактураны (ЭШФ) жазып беруге
міндетті:
10) Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған сәйкестікті
растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен
аккредиттелген заңды тұлға;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші.
Осы тармақтың ережелері жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлға жеке мүлкін өткізген кезде қолданылмайды.
Шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер шетел валютасында
көрсетілуі мүмкін жекелеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасында көрсетіледі.
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады (ҚР СК 412-бабының 12-тармағы).
ҚР СК 412-бабының 13-тармағында көрсетілген жағдайларда шот-фактураны жазып беру талап етілмейді.
ЭШФ жазып беру мерзімдері
Шот-фактура:
өткізу бойынша айналым жасалған
күннен ерте емес және
осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазып беріледі. Жекелеген
жағдайларда ҚР СК 413-бабының 1-тармағына сәйкес.
ҚР СК 413-бабына сәйкес шот-фактура:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін
қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша
көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді
тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша
көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін
қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық
құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді,
жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит)
беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк
операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында
көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар
бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде –
тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай
тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні
тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;
2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен
орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды
жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;
3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде
мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып
берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей
күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;
3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып
алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде
тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды
жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;
4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша
айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік
он бес күннен кешіктірілмей жазып
беріледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын
орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе
күннен кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында
белгіленген талап қою мерзімі шегінде жүзеге асырылады (ҚР СК 413-бабының 2-тармағы);
Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет
болған кезде жазып беріледі.
Түзетілген шот-фактураны жазып беру кезінде бұрын жазып берілген шот-фактураның
күші жойылады, сондай-ақ олар болған кезде қосымша шот-фактуралардың күші
жойылады.
Жойылған қосымша шот-фактураларды қалпына келтіру үшін түзетілген шот-фактураға
қосымша шот-фактуралар
жазылады.
Түзетілген
шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес
келуге;
2) мынадай ақпаратты қамтуға тиіс: шот-фактураның
түзетілгені туралы
белгі; түзетілген шот-фактураның
реттік нөмірі мен жазып берілген күні; күші жойылатын шот-фактураның
реттік нөмірі мен жазып берілген күні көрсетіледі.
Қосымша
шот-фактура түзету
сомасына айналым жасалған күннен ерте емес және осындай
күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі,
ҚР СК 197-бабының талаптарын сақтамаған кезде лизинг беруші қосымша
шот-фактураны осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен
кешіктірмей жазып береді.
Өнім беруші қосымша шот-фактураны мынадай жағдайларда:
1) айналым мөлшерін түзету
2) осы Кодекстің 197-бабының талаптарын сақтамаған жағдайларда жазып береді.
Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге
қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мына ақпаратты: шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
қосымша шот-фактураның реттік нөмірі
мен жазып берілген күнін;
қосымша шот-фактура жазып берілетін
шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
айналым мөлшері өзгертілген жағдайда,
оны түзету сомасын;
қосылған құн салығы өзгертілген
жағдайда, оны түзету сомасын;
электрондық нысанда жазып берілген
кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді;
осы баптың 1-тармағының 2)
тармақшасында белгіленген жағдайда, "Салық кодексінің 197-бабын
сақтамау" деген белгіні қамтуға тиіс (ҚР СК 420-бабының 2-тармағы)
2019 жылғы 1
қаңтардан бастап
импортталған тауарды сату
кезінде барлық ДК мен ЖШС ЭШФ жазып беруге міндетті.
Шот-фактураларды жазып беру мерзімі 15 күнтізбелік күн.
Импорттаушылар ЭШФ-ны салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне дейін жазып бере алады (ҚР СК 413-бабының 1-тармағы).
Тауарлар
ҚР аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
басқа мемлекеттің аумағына экспортталған жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік
жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
ҚР СК 453-бабының 2-тармағы.
Импорттаушы Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына әкелінген тауарларды өткізген
кезде шот-фактура электрондық нысанда салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жазып беріледі.
Жауапкершілік
Салық төлеушінің жалған шот-фактураны жазып беруі - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Жалған
шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған
төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi
іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын
шот-фактура танылады.
Салық
төлеушінің шот-фактураны электрондық
нысанда жазып бермеуі - ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Салық төлеушінің мерзімін бұза отырып шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі -
ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Электрондық нысандағы шот-фактураларды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне жазып беру қағидалары және оның нысандары. Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы.