ҚҚС (қосылған құн салығы) - бұл тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және айналымы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігінің бюджетке аударымдары, сондай-ақ ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде аударымдар.

Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізу бойынша есептелген ҚҚС мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бойынша төленген салық арасындағы айырма ретінде есептеледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚСбойынша есепке қою

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ҚҚС бойынша есепке қою

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша есепке қою

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Салық реформасы шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер ҚҚС-қа қатысты болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап одан асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым. (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою мерзімі айналым шегінен асқан сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер айналымы ҚҚС бойынша шекті шектен асатын мәміле жоспарланып отырса, онда салық төлеуші айналым жасалғанға дейін ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруі тиіс. (ҚР СК 101-бабы)

Қосылған құн салығының негiзгi мөлшерлемесі 16%-ды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерiне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

ҚҚС бойынша декларация (СЕН 300.00) есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен ерте емес және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.

Негіздеме - ҚР Салық кодексінің 505-бабы.

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-де тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

ҚҚС төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен:

  • жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшу;
  • қызметін тоқтатқан немесе таратқан жағдайларда алып тасталады. (ҚР СК 103-бабы)

 

ҚҚС төлеушілер

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

ҚҚС бойынша ерікті есепке қою

ҚҚС бойынша шартты есепке қою

ҚҚС мөлшерлемесі

Салықтық кезең және салық декларациясы

ҚҚС төлеу мерзімі

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару

 

ҚҚС төлеушілер

ҚР СК 447-бабында белгіленгендей мыналар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

1) салық төлеушілер базасында Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;

2) ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қоюдың 3 түрі көзделген:

  1. ерікті түрде қою;
  2. міндетті түрде қою;
  3. шартты түрде қою.

Асып кеткен кезде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру қажет айналымның шекті шегі - тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК-ке тең айналым (ҚР СК 99-бабы)

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою осындай өтініш ұсынылған күннен бастап салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Салық төлеушіні тіркеу есебіне қойғаннан кейін басшы және (немесе) бюджетпен есеп айырысуға жауапты адам салық органдарында электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен және электрондық шот-фактураларды жазып беру тәртібімен танысуға міндетті.

Заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және (немесе) тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ басшыны ауыстыру кезінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде басшыны биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

Айналымы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 10 000 АЕК айналымының шекті шегінен асатын салық төлеушілер ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға жатады. (ҚР СК 101-бабы)

ҚҚС төлеушіні есепке қою айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей - мерзімде берілетін салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Айналымның шекті шегінен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою үшін айналым:

1) бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2) салық органдарында дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қайта тұрған жеке тұлға – ДК тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) АСР қолданған салық төлеуші – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшкен күннен бастап;

4) өзге салық төлеуші – ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап айқындалады.

Мыналар міндетті түрде тіркеу есебіне қоюға жатпайды:

  1. мемлекеттік мекеме;
  2. резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
  3. жеке практикамен айналысатын адам;
  4. арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде, ШҚ үшін АСР);
  5. жеке тұлға. 

ҚҚС бойынша ерікті есепке қою

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті және шартты түрде қоюға жатпайтын тұлғалардың айналымның шекті шегіне жеткенге дейін салық төлеушіні тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға құқығы бар (ҚР СК 100-бабы)

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюға жатпайды:

1) мемлекеттік мекеме;

2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

3) жеке практикамен айналысатын адам;

4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

5) жеке тұлға.

ҚҚС бойынша шартты есепке қою

Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізілімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Салық органы шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібімен белгіленген тізбеге сәйкес шетелдік компания туралы деректерді енгізеді.

Салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілген салық төлеуші шетелдік компаниялар туралы мәліметтер шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Шетелдік компания салық төлеушіні шартты түрде тіркеу есебіне қою үшін салық органына шетелдік компаниялардың - салық төлеушілердің тізіліміне енгізілуге жататын деректерді көрсете отырып, салық төлеушіні тіркеу есебіне қою туралы растау хатын табыс етеді.

Растау хатын шетелдік компания салық органына тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады.

Шетелдік компания салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы салық органын деректердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары енгізілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті. (ҚР СК 102-бабы)

Шетелдік компания тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап салық төлеуші болып танылады.

ҚҚС мөлшерлемесі

Қосылған құн салығының негізгі мөлшерлемесі 16 % құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады. (ҚР СК 503-бабы).

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚҚС 5%,

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - ҚҚС 10% мыналарды өткізу және импорты бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:

  • ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілген тауарларды қоспағанда, дәрілік заттар;
  • медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтаушы, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылғандарды қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін салық салынатын айналым мөлшерінен.

ҚҚС 10% - отандық мерзімді баспасөз басылымдарын сату бойынша айналым мөлшерінен.

Есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС сомасы - 80% - Салық кодексінің 490-бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық өсіру) өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін.

Салықтық кезең және салық декларациясы

Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (СЕН 300.00) тоқсанына бір рет орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кейін және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсыруға міндетті (ҚР СК 505-бабы)

МАҢЫЗДЫ! Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағында ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) ЭШФ АЖ-ға тапсырғанға дейін есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары бойынша белгі жасайды деп белгіленген.

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын:

  • ҚР СК 103-бабында көзделген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде.
  • ҚР СК 7-тарауында көзделген тәртіппен тарату кезінде ұсынуға міндетті.

ҚҚС төлеу мерзімі

ҚР СК 506-бабына сәйкес ҚҚС бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

ҚҚС бюджетке салық төлеушінің тұрған жерінде мынадай мерзімдерде:

1) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ бейрезидент үшін есептелген ҚҚС сомасы.

 2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

3) ҚҚС бойынша тарату декларациясы салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, осындай декларацияда көрсетілген ҚҚС сомасы төленуге жатады.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

Импортталған тауарлардың бағасы ҚР СК 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей электрондық нысанда ұсынылады. (ҚР СК 530-бабы)

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару

ҚР СК 103-бабының негізінде ҚҚС төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен:

  1. жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшкен кезде;
  2. қызметін тоқтатылған немесе ол таратылған кезде шығарылады.

Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен АСР-ге ауысқан кезде салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламамен бір мезгілде салық органына салық бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:

1) банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап;

2) банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – ДК тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;

3) заңды күшіне енген сот актісімен ДК немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

4) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап;

5) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап;

6) дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап;

7) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен АСР-ге көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.

 

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті қалай беру керек. Қадамдық нұсқаулық

 

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке қою

Қосылған құн салығы (ҚҚС) - бұл:

  • тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және айналымы процесінде қосылатын өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін;
  • салық салынатын импорт құнының бір бөлігін (ҚР аумағына тауарлар импорты кезінде) бюджетке аудару.

ҚҚС бойынша есепке қоюдың екі түрі бар: міндетті және ерікті.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

Айналым мөлшерін қалай анықтау керек және оған не кіреді

Айналым асып кетсе не істеу керек

ҚҚС бойынша ерікті есепке қою

ҚҚС бойынша есепке қойылғаннан кейін не істеу керек

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоймағаны үшін жауапкершілік

ҚҚС бойынша міндетті есепке қою

1. Мыналарды:

1) мемлекеттік мекемелерді;
2) резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға міндетті түрде қоюға жатады.

2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;
2) электрондық нысанда беріледі.

Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 20 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ДК республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 124 184 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.

Ең төмен айналымға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымдары да қосылмайды.

Айналым мөлшерін қалай анықтау керек және оған не кіреді

ҚР СК 369-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында айналымға:

  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша (ҚР СК 370-бабына сәйкес салық салынбайтын айналым сомасынан басқа);
  • ҚР СК 373-бабына сәйкес резидент еместен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде;
  • тауарлардың қалдықтары түрінде (ҚР СК 370-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа);
  • егер жаңа ұйым ҚҚС бойынша есепке тұрмаса, қайта ұйымдастыру (бөліп шығару) кезінде жасалатын өткізу актісінен берілетін тауарлар бойынша айналымдар сомасы енгізіледі.

Айналым мөлшері күнтізбелік жыл ішінде өсу қорытындысымен айқындалады.

Әдетте, МКБ айналымның өсуін дербес қадағалайды және салық төлеушіге жақын арада ҚҚС бойынша есепке тұру қажеттігі туралы алдын ала хабарлама жібереді.

Есепке қою мерзімін өткізіп алмау үшін салық төлеушінің мүддесі үшін өз айналымының мөлшерін өз бетінше қадағалап отыруы керек.

Айналым асып кетсе не істеу керек

Ең төменгі айналым мөлшері асып кеткен жағдайда тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (бұдан әрі - МҚБ) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беру қажет.

Өтiнiштi жедел - асып кеткен ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен кешiктiрмей беру қажет.

ТБЖ бойынша жоғары тәуекел дәрежесі берілген салық төлеушілер тек қағаз нысанында ғана өтініш беруі тиіс екеніне назар аударамыз (ҚР СК 82-бабының 2-тармағы).

Өтініш берген ДК немесе ЖШС осы өтініш берілген күннен бастап бірден ҚҚС төлеуші болады.

ҚҚС бойынша ерікті есепке қою

ҚР СК 83-бабына сәйкес - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;
2) электрондық нысанда;
3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

  • дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
  • мемлекеттік мекемелердің;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;
  • резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
  • ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша тұлғалардың құқығы жоқ;

Салық органы ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

ҚР СК 83-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) ҚР СК 83-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

2) ҚР СК 83-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

ҚҚС бойынша есепке қойылғаннан кейін не істеу керек

Салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрғаннан кейін оның тоқсан сайынғы негізде СЕН 300.00 - Қосылған құн салығы бойынша декларация тапсыру және бюджетке ҚҚС төлеу бойынша міндеті пайда болады.

ҚҚС есептеу және төлеу тәртібі ҚР СК 421-425-баптарымен реттеледі.

ҚҚС мөлшерлемесі:

  • жалпы жағдайда 12%;
  • ҚР СК 44-тарауында көзделген жағдайларда - 0% құрайды.

Декларация тоқсанына бір рет есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынылады (ҚР СК 424-бабының 1-тармағы).

Онымен бiр мезгiлде сатып алынған және сатылған қағаз шот-фактуралар бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмдерi ұсынылады (ҚР СК 424-бабының 2-тармағы).

Бюджетке ҚҚС-ты есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеу керек (ҚР СК 425-бабының 1-тармағы).

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоймағаны үшін жауапкершілік

МКБ кірісі шекті деңгейге жақындап қалған салық төлеушілерді қадағалайды.

Егер МКБ ең төменгі айналым деңгейінің асып кетуін белгілесе, ал салық төлеуші 10 жұмыс күні ішінде ҚҚС бойынша есепке қоймау туралы өтініш бермесе, мыналар орын алады (ҚР Салық кодексінің 82-бабының 7-тармағы және 8-тармағы):

  • салық төлеушінің өтініш беру мерзімі өткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде МКО хабарлама жібереді;
  • егер хабарлама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрмаса, МКБ оның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

ҚР ӘҚБтК-нің 269-бабының 3-тармағына сәйкес - Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы мемлекеттік кірістер органына салықтық өтініш беру мерзімін бұзуы - 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.