Төлем көзінен салық салынатын кірістерге мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 644-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістері;

3) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне немесе бейрезиденттің тұрақты мекемесіне төленетін кірістер;

4) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;

5) осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дивидендтер.