Салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салық жүйесінің әсер ету сипаттамасын көрсетеді.

Салықтық жүктеме – бұл компанияның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерінің бірі.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап СЖК

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі СЖК


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап СЖК

Жаңа Салық кодексі (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚР Кодексі) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексін, атап айтқанда 45-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін (СЖК) есептеу тәртібі айқындалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен 2026 жылдан бастап салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидалары бекітілді.

Салықтық жүктеме коэффициенті әртүрлі салық кезеңдерінде нақты салық төлеушінің есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің жиынтығына талдау жүргізуге мүмкіндіктер береді және салық төлеушінің (салық агентінің) қызметінің соңғы нәтижесіне салық салу жүйесі әсерінің деңгейін көрсетеді.

СЖК есептеу формуласы

СЖК орташа салалық көрсеткішін есептеу формуласы

СЖК есептеу формуласы

СЖК есептеу қағидаларына сәйкес салықтық жүктеменің коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

СЖК = (Салықтар және міндетті төлемдер/Жиынтық жылдық кіріс) × 100%

мұнда:

СЖК - салықтық жүктеме коэффициенті;

С және МТ – тауарлар импорты кезінде төленген кедендік төлемдер, қосылған құн салығын және акциздерді, егер күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салықтың жалпы сомасы теріс мәнді құраған жағдайда қосылған құн салығын және төлем көзінен салық салынатын кірісінен ұсталатын жеке және корпоративтік табыс салықтарын қоспағанда, есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық есептілігінде көрсетілген басқа мемлекеттерге төленген салықтардың есептелген сомасы;

ЖЖК - Салық кодексінің 25 пен 26-тарауларында көзделген түзетулерді есепке алмағанда заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісінің және (немесе) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның кірісі немесе дара кәсiпкердiң есепті салық кезеңінде алынған жиынтық кірісінің сомасы.

Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін шетел валютасында тапсырған кезде декларацияда көрсетілген ЖЖК сомасы нарықтық бағам бойынша салық есептілігін тапсыру күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, ұлттық валютаға қайта есептеледі

Бұл ретте есептілікте көрсетілген барлық салықтар мен төлемдер есепке алынады, мыналардан басқа:

  • төлем көзінен салық салынатын кірістерден ұсталатын табыс салығы;
  • кедендік төлемдер;
  • тауарлар импорты кезінде төленген ҚҚС және акциздер;
  • егер ол жылдың қорытындысы бойынша теріс мәнге ие болса, ҚҚС.

Жылдық жиынтық кіріс түзетулерсіз не ДК мен арнайы режимдегі компаниялар үшін ерекшеліктерді ескере отырып алынады.

Егер есептілік шетел валютасында берілсе, кіріс декларация берілген күнгі нарықтық бағам бойынша қайта есептеледі.

СЖК орташа салалық көрсеткішін есептеу формуласы

Жекелеген салық төлеушілердің СЖК негізінде мемлекеттік кіріс органдары жыл сайын орташа салалық көрсеткішті есептейді.

Ол үшін мынадай формула пайдаланылады:

ОС СЖК = (СЖК1 + СЖК2 +... + СЖКn)/N

мұнда:

ОС СЖК - салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні;

СЖК1, СЖК2, СЖК3, СЖКn - 50 (елу) пайыздан асатын салықтық жүктеме коэффициенттерін қоспағанда, тиісті салаға салық төлеушінің (салық агентінің) салық жүктемесінің коэффициенті;

N - ЖЖК жоқ салық төлеушілерді (салық агенттерді) санамағанда, есепте қатысатын әр бөлімнің салық төлеушілердің (салық агенттердің) саны.

Салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші негізінде айқындалатын тиісті салалар бойынша (кодтың екінші белгісіне дейін) есептеледі

Есептен 50%-дан асатын СЖК мәндері алынып тасталады.

Орташа салалық коэффициент:

  • экономикалық қызметтің әрбір түрі бойынша (екінші белгіге дейінгі код бойынша);
  • заңды тұлғалар мен ДК үшін жеке;
  • әрбір облыс және облыстық маңызы бар қала бойынша;
  • арнаулы режимдегі компаниялар үшін (егер ол 6 айдан астам қолданылса) және жалпы режимде жұмыс істейтіндер үшін бөлек анықталады.

СЖК орташа салалық көрсеткіші жылына бір рет – 1 мамырдағы жағдай бойынша салық органдарының деректері негізінде 1 шілдеден кешіктірмей қалыптастырылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі СЖК

Салықтық жүктеме – бұл компанияның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерінің бірі.
Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің салық жүктемесінің коэффициенті (бұдан әрі - салық жүктемесінің коэффициенті) шаруашылық жүргізуші субъектіге салық жүйесінің әсер ету сипаттамасын көрсетеді.
Салықтық жүктеме коэффициенті әртүрлі салық кезеңдерінде нақты салық төлеуші есептеген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиынтығына талдау жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ салық салу жүйесінің салық төлеуші (салық агенті) қызметінің түпкілікті нәтижесіне әсер ету деңгейін көрсетеді.

Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша анықталады:

      СЖК = H және ОП/СГД Х 100%,

      мұнда:

      СЖК - салықтық жүктеме коэффициенті;

   

С және МТ - тауарлар импорты кезінде төленген кедендік төлемдер, қосылған құн салығын және акциздерді, егер күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салықтың жалпы сомасы теріс мәнді құраған жағдайда қосылған құн салығын қоспағанда, есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық есептілігінде көрсетілген басқа мемлекеттерге төленген салықтардың және төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы;

      ЖЖТ – Салық кодексінің 241 және 287-баптарында көзделген түзетулерді есепке алмағанда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысыныңжәне (немесе) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның табысы немесе дара кәсiпкердiң есепті салық кезеңінде алынған жиынтық табысының сомасы.

Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін шетелдік валютада табыс еткен жағдайда, декларацияда көрсетілген ЖЖТ сомасы, салық есептілігі табыс етілген күнгі белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, ұлттық валютада қайта есептеледі.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентіне сәйкес салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні мынадай формула бойынша анықталады:

     ОС СЖК = СЖК1 + СЖК2 + СЖК3….СЖК n/ N, мұнда

     ОС СЖК – салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні;

     СЖК1, СЖК2, СЖК3,…СЖК n–50 пайыздан артқан салықтық жүктеме коэффициентерді қоспағанда, салық төлеушілердің әр саласындағы салықтық жүктеме коэффициенті;

     N – ЖЖТ жоқ салық төлеушілірді санамағанда, есепте қатысатын әр бөлімнің салық төлеушілірдің саны.

Салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициентінің мәні, экономикалық қызметтегі жалпы жіктеуіштер түрлерінің негізінде анықталатын тиісті салалар бойынша (кодтың екінші белгісіне дейін) есептеледі.

Салықтық жүктеме коэфициентінің орта салалық мәні, әр облыстық аймақтар немесе облыстық маңызы бар қалалар бойынша, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін бөлек анықталады.

Салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициентінің мәні жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан және 1 шілдесінен кешіктірілмей есептеледі.

Критерий ірі салық төлеушілердің мониторингінде тұрған салық төлеушілер, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары және КТС төлеуден босатылған салық төлеушілер бойынша есептелмейді.