Шетелдiк рұқсат бланкiсi - бұл тасымалдаушыларға жүктердi шет мемлекеттердiң аумақтары бойынша тасымалдауға рұқсат беретiн құжат.

Шетелдік рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүруге рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен өтуге, сондай-ақ басқа елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдауға әмбебап рұқсат);

Шетелдiк рұқсат бланкiсiн халық «ерік» деп атайды.

Шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру бүгiнгi күнi өткiзу пункттерiнде 1 АЕК үшiн жүзеге асырылады.

«Еріктерді» электрондық беруді енгізу - бұл Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ИИДМ Көлік комитетінің бірлескен жобасы.

Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), шет мемлекеттің аумағы арқылы транзиті мынадай шетелдік рұқсат түрлерінің негізінде жүзеге асырылады:

1) жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттар;

2) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсаттар;

3) қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар.

Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттар беру

Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

Бұрын шетелдік рұқсаттар алынған автокөлік құралын мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға жол беріледі. Бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салу.
Автокөлік құралын ауыстыру жалға алу құқығындағы осы автокөлік құралына ауыстыруға сұрау салу берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын рұқсат карточкасын алған жағдайда жүргізіледі.
Бұл ретте мерзім мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаны алған күннен бастап есептеледі.

Маршруты өзгерген жағдайда тасымалдаушының жүктерді тасымалдауға қосымша екі шетелдік рұқсатқа дейін алуына жол беріледі.

Қосымша сұрау салу бойынша шетелдік рұқсаттарды алған кезде пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар аумақтық органға қайтарылады және көрсетілетін қызметті алушы пайдаланған ретінде АЖ-да есепке алынады.
Бұл ретте қосымша сұрау салу бойынша күнтізбелік жылда пайдаланылмаған алты шетелдік рұқсатты қайтаруға жол беріледі, ал алты шетелдік рұқсаттан астамы АЖ-да қайтарылмаған деп есептеледі.

Аумақтық органдар жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды ресімдейді және Мемлекеттік корпорацияға АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.

Жүктерді тасымалдау үшін бір сұрау салуға жүру маршруты бойынша әртүрлі түрдегі 9 (тоғыздан) аспайтын және бір түрдегі 2 (екіден) аспайтын шетелдік рұқсаттар беріледі.

Шетелдік рұқсаттар автокөлік құралдарына тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін өздігінен түсірілетін автомобильдерді есепке алмай беріледі.

Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттар бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне, сол сияқты отандық тасымалдаушының басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттар бланкілерін пайдалануына жол берілмейді.
Отандық тасымалдаушының
осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды
пайдалануына, айдап өткізілетін автокөлік құралдарынан басқа, жол берілмейді.

Қайтарылған шетелдік рұқсаттар қайтарылған сәттен бастап үш жыл бойы аумақтық органдарда сақталады.

Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидалары